Кооперация
Конкуренция
Бірінші жағдайда өзара әрекетті ұйымдастыру көзделеді. Екінші топқа белгілі бір кедергілерден бұзылайын деп тұрған біріккен әрекеттер жатады. Немістің әлеуметтік психологтары Г. Гибль және М. Форверг өзара әрекеттің негізгі типі деп кооперацияны есептейді, сөйтіп әлеуметтік психологияның пәні ретінде кооперацияны қарастырады.Олар маркстің қоғамдық еңбектің мәнін түсінудегі кооперацияның мәні туралы идеясына сүйенеді. Гибль мен Форвергтің пікірінше әлеметтік психология үшін осы арқылы кооперацияның жалпы сипатын іздеу міндеті ашылады, себебі осылар көптеген күштің бірігуіне тиімді. Бұл бағытта әлеуметтік психологияның негізгі міндеттерінің бірі ашылғанымен тек кооперацияны зерттеу міндеті негізгі рөлді атқаруына жол беруге болмайды. Әлеуметтік психологияның міндеттеріне келетін болсақ, мәселенің екінші жағы да маңызды рөл атқарады. Мұнда конкуренция немесе конфликтілік қатынас жиі қарастырылады. Қазіргі кезде Батыста конфликтінің позитивтік және негативтік жақтарын талдайтын көптеген жұмыстар бар. Конфликтінің негізгі түрлеріне жарыс жатады.
Өзара әрекет біріккен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясы әлеуметтік-психологиялық зерттеуге кейбір принциптерді береді. Жеке іс-әрекеттегі сияқты оның мақсаты жекелеген амалдар деңгейіне емес, әлеуметтік психологияда өзара әрекеттің мәні жалпы әрекетке енгенде ғана шешіледі. Өзара әрекеттің әрекет құралына кірудің нақты формасы әрекетті ұйымдастыру формасыретінде қарастырылады.Осыдан осы біріккен әрекет өтетін топты талдауға көшуге болады. Л. И. Уманский біріккен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
Біріккен әрекеттің әр мүшесі жалпы ортақ жұмыстың бір бөлігін орындайды, бір-біріне тәуелсіз «біріккен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар мысалы, өндірістік бригада)
Ортақ міндетті әрбір мүшенің белгілі бір бірізділікпен орындауы- «бірізді-біріккен әрекет»
Бір уақытта әрбір мүшенің барлық басқа мүшелермен өзара әрекеті – «біріккен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар)
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді
Достарыңызбен бөлісу: |