1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттардағы мұғалімге қойылатын талаптар



бет19/40
Дата16.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#168978
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
1 ä?ð³ñ òà?ûðûáû. Á³ë³ìí³? åðåêøåë³êòåð³ ìåí îíû? ?àç³ðã³ ?ëåóìå

1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттардағы мұғалімге қойылатын талаптар.
1 «Нормативтік құқықтық құжаттар» бөлімі ҚР заңдарына сәйкес мектепті басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектік бойынша асыраушысынан айырылған жағдай бойынша және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік педагогикалық түзетуді қолдау туралы», «Жасы жетпегендер арасында құқық бұзушылардың алдын алу және балалық бақылаусыздық пен панасыздық туралы» заңдар және білім беруді дамытудың бағыты мен болашағын анықтайтын басқа нормативтік құқықтық актылар; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары; еңбекті қорғаудың ережелері мен нормалары;қауіпсіздік техникалары мен өртке қарсы қорғаныстар; тазалық ережелері мен нормалары және т.б. бар болуы тиіс.
2. «Құжаттар» модулі мектептің іс-әрекетін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету туралы жедел хабарлауды қамтамасыз ететін құрал болып саналады және оның «Нормативтік құқықтық құжаттар», «Мектеп құжаты» бөлімі бар болуы тиіс.
3. «Мектеп құжаттары» бөлімі Білім беру ұйымының Жарғысын, Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлікті, білімдік іс-әрекетті жүргізу құқығына лицензия мен құрылтайшылық құжаттар көшірмесін; Директордың бұйрықтарын, Педагогикалық кеңестің хаттамаларын, Ата-аналар жиналысының хаттамаларын қамтиды. Осы тізім өндірістік қажеттілік кезінде кеңейе алатын болады.
4. Модульді директорға, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне қарап шығу үшін қол жетерлік түрде оқу ісін меңгеруші қалыптастырады.
6. «Мектеп тарихы» модуліне қойылатын талаптар
6.1. «Мектеп тарихы» модулі мектептің жетістігі, олимпиядаларға, спорттық және басқа шараларға қатысуы, жыл бойынша жетістіктерге сараптама жүргізуі, білім беретін басқа ұйымдардың арасындағы мектептің өсу динамикасы мен рейтингін қадағалануы, мұғалімдер, әр жылдағы мектеп бітірушілер, мектептің салт-дәстүрлері туралы материалдарды орналастырумен мектептің виртуальдық мұражайының қалыптасуы және т.б. туралы ақпаратты бейнелеуге мүмкіндік беретін құрал болып саналады.
6.2. Модульді барлық пайдаланушыларға қарап шығу үшін қол жетерлік түрде тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары қалыптастырады.

Педагогикалық кадрларға қойылатын талаптар кез келген қоғамда оның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес өзгеріп отырады, бұл педагогикалық білім беру дамуының тенденцияларын айқындайды. Әлемдік тәжірибенің теориясы мен қарым-қатынасын талдау негізінде, жоғары педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына сәйкес әлемдегі педагогикалық білім берудің дамуында келесі тенденциялар анықталды:


2. Педагог қызметкердiң мәртебесi
50-бап. Педагог қызметкердiң мәртебесi
1. Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды.
51-бап. Педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi
1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.
2. Педагог қызметкердiң:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкер:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;
3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.
5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi.
«Тәрбие жұмысы» модуліне қойылатын талаптар
11.2. Оқушы өзінің жеке электрондық портфолиосын жүргізуі тиіс, онда оныңбүкіл оқу процесі бойында қол жеткізген барлық түйінді жетістіктерібейнеленеді. Электродық портфолиоға материалдарды енгізу мүмкіндігісондай-ақ сынып жетекшісіне де беріледі.
11.3. Модульді тәрбие жұмысы бойынша орынбасар және сынып жетекшілері қалыптастырады, барлық пайдаланушылардың қарап шығуы үшін қол жетерлік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет