1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар



бет8/40
Дата16.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#168978
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
1 ä?ð³ñ òà?ûðûáû. Á³ë³ìí³? åðåêøåë³êòåð³ ìåí îíû? ?àç³ðã³ ?ëåóìå

1.Педагогикалық іс-әрекет түсінігі. « Іс - әрекет», бір жағынан ғылыми білімінің категориясы, адамдардың қоғамдық – тарихи болмысының спецефикалық формасы ретінде танылып, ал екінші жағынан өмір сүру мен дамудың тәсілі, мақсатқа бағытталған білім алу немесе табиғи және әлеуметтік шындық ретінде түсінідіріледі.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Барлық басқа да кәсіби іс-әрекеттер салалары сияқты педагогикалық еңбекте, еңбектің субъектісі мұғалім болады.
Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік ерекшеліктері болады – бұл оның білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеті.
Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болу үшін педагогикалық-психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогтік іс-әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: танымдылық, құра білушілік, коммуникативтік/қарым-қатынас/, ұйымдастырушылық, хабарлама және зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар.
Танымдық іскерлік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет.

  1. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ:іс-әрекет мақсаты– жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.

  1. Іс-әрекет объектісі– адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.

Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогикалық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмір де әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірімен байланысты үлестіре жүргізген жөн.
Іс-әрекет субъектісі -тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып табылады.
Мектеп ішінде балаларға тәрбие беру оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.

  1. Педагогикалық іс-әрекет құралдарына:оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынастар жатады.

Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысына басшылыққа алады. Мысалы, А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетіне тәрбие құралы етіп «еңбекті» қолданған.
Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын балаларымен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мынбаев тәрбие жұмысының құралы етіп еңбек процесін алды. Әр оқушының ерекшеліктерін біле отырып, еңбекке баулудың нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, «Қиын» оқушыларды дұрыс жолға сала білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде бірлескен коллективтік оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал ретінде пайдалана білді. Мысалы, Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды ұйымдастырудан алған. Мұндай таңдау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізіледі.

  1. Педагогикалық кәсіптік әрекетке өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады.

Педагогикалық шеберлік мынандай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімдік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелі бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық.
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілердің, мұғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі –педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын:
«Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім». Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:

  1. өзін шебер педагог ретінде білу.

  2. педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.

  3. балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілік, ынтымақтастық бейімділігінің болуы.

  4. педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік, стратегиясының, тактикасының болуы.

ә) Кәсіптік білім, білгірлік.
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі – біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім, мазмұны, оның оқыту әдісі, оның ұйымдастыру принципі жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстілігі ол кәсіптік білімді саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім теориялық, технологиялық, методикалық жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
б) Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі – педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып, білуімізге байланысты бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады,

  • адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммуникативтік қатынастар болуға бейімділік көрсету.

  • Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық.

  • Жеке бас динамизмі – эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін , ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу.

  • Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.

  • Оптимистік болжай білушілік алған үмітпен қорғау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.

  • Педагог іс-әрекетінің техникасы.

Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық техника. Педагогика техника дегеніміз - педагогтық іс-әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік – осы салада білудің екі түрін құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі, екіншісі, педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша – педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткендей педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларының атап көрсете отырып, мынандай қорытындыға келеміз:
Педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.

  • педагогикалық шеберлік өлшемі.

  • Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.

  • Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.

  • әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.

  • Іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады.
Жоғары оқу орындарының міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: Кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шыңдалып өзінің жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. өз заманда А.С.Макаренко педогогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын. әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері – педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияның ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманың түсіну, ситуацияның анализдеу, оны дұрыс шешуден, басталады.
Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық оқу орындарында ең алдымен жекеленген мамандыққа байланысты пәндері: педагогиканы, психологияны, методиканы оқуға байланысты жүзеге асырылады. Сондықтанда бұл пәндердің негізінде студенттерге жоғарғы кәсіптік мамандықты игеруді мақсатта ете қоюмен бірге студенттердің бұл пәнді оқып үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мұғалімдік шеберлікке баулу - жалпы мұғалімдік мамандыққа баулып тәрбиелеудің орталық біріктіруі аспектісі болуға тиіс.
Педагогикалық шеберлік негіздері курсын оқып үйренуге төһмендегідей принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытса, соғұрлым нәтиже береді:

  • тұтастық қатынас жасау принципін басшылыққа алу. Демек, теориялық мәселерді практикамен ұштастырып таныту. Оған материалды дискуссия ретінде талқылау, жатықтыру, ойлау операциясын белсендіру, схема, конспекті, тезис құру, т.б.

  • белсенді қатынас жасау принципі түрлі ойындар ұйымдастыру, демонстрация, жарыс, фрагменттеу. Сабақ ұйымдастыру барысында студенттердің өздерін тарту.

  • Студенттер педагогикалық іс-әрекетті меңгеруді, кезең-кезеңмен үйреніп жаттыға білуі қажет. Мысалы, І-курс студентері өздерінің сыртқы келбетін игеру, киім кию, сөйлеу мәдениетін игеру, қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрену т.б.

  • Жеке пәндерді оқытудағы үйрену барысында творчествалық меңгеру.

  • Аспектілік қатынас-мамандыққа бағыттау, педагогикалық шеберлік негізіне бағыттау.

  • Білім және дағды байланысы принципі. Практикалық тапсырыс.

  • Педагогикалық оқу орындарын, педагогизациялау принципі - оқу-тәрбие процесін педагогикалық шеберлікті меңгеруге қарай бағыттап отыру. Студенттерді түрлі кружоктарға, клубтарға, студияларға тартып отыру керек. Мұғалім күндерін өткізуге, педагогикалық оқу, конференция ұйымдастыруға, жаңашыл педагогтардың тәрбиесін насихаттауға оларды тартып отыру керек. Кештер өткізуге түрлі тақырыптарда: мысалы, «Келешек мектебі бүгіннен басталады». Жоғарғы оқу орны оқытушылар, мектеп мұғалімдері, студенттер бірлескен дәрежеде ғана нәтижелі іс шығады шебер педагогтар дайындап шығаруға болады.

Эстетикалық сезім – педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырайын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту-оқу процесінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлігін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек.
Мұндай эстетикалық сезім тудыру жолдары оның көзін жеткізу процесіне байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болатындығы бізге белгілі. Жағымды түрлі психофизилогиялық жағдаймен байланысты. Олар оймен, ерікпен, адамгершілікпен, біліммен, мәдениетпен көзқараспен байланысты.
Сезімді бірінші деп бөлуге болады. Бірінші сезім биологиялық сезім - ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші сезім адамдарға тән сезімдер. Олар социлогиялық әлеуметтік өмір жағдайына байланысты туындап қалыптасқан сезімдер К.Маркс сезімі тұтас біріктіру мәселесін былай деп көрсеткен: «Бір жағынан адам сезімін - адамдандыру, екінші жағынан адам сезімін тудыру».
Педагогика, психология ғылымдары негізінде адам сезімдерін пәндер бойынша дифференциялау мәселесін қойып отыр. Яғни, моральдық сезім, еңбек интеллектуалдық практикалық, эстетикалық сезім. Бұлардың бәрін мазмұнға байланысты біріктіріп, эстетикалық сезім айтуға болады, өйткені эстетикалық сезімнің пайда болу кездері: еңбек, ойын, өнер, дін, адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Құра білу конструктивтік іскерлігі – оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп алумен сипатталады.
Қарым-қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйретуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйретуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бет-бұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу оң шешім таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады.
Хабарласу іскерлігі – жеке педагогикалық іскерлік болып бөлінеді. Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым-қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес.
Ұйымдастырушылық іскерлік – бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір-бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.
Зерттеушілік іскерлік - әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тәжірибені де, өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық-практикалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды.
Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта ықылас махаббат, педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық-педагогикалық сезгіштік, байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандық еңбекті сүйе білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет