1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары



бет29/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd

2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары
Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады:

  • хабар - алмасу функциясы;

  • жеке адамды танып білу функциясы;

  • өзін-өзі танып білу - өзін-өзі реттеу функциясы.

Хабар алмасу функциясы - оқу тәрбие жұмысындағы жағымды мотивтерді тудырады. Рухани материал алмасуды жасайды. Бірлесіп ойлау - ізденуге мүмкіндік жасайды.

  • Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.

  • Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.

  • З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады .

  • Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және нақты-қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсету қажет. Бұл екеуі бір құбылыс деп түсінеміз, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қатысымдық міндеттің педагогикалық міндетке теңестірілуі – тілдесім процесінің және бүкіл педагогикалық ықпал жүйесі тиімділігінің міндетті шарты .

  • Мынадай сұрақ туындайды: оқытушы тәрбиелік-қатысымдық функцияны жүзеге асыру үшін қандай жеке кәсіби қасиеттерді бойына сіңіруі керек? Алдымен перцептивті қасиеттерді атаймыз: “1) үйренушінің ойлану, ойлау процесін қадағалап отыру, оны қолдап, ынталандырып отыру; 2) эмпатия – біреудің (үйренушінің) орнына өзін қоя білу, оның мақсатын, уәжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дәрежеде үйренушінің істерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л. Морено эмпатияны “бірін-бірі сезіну” деп атаған; 3) үйренушінің жетістіктеріне үлкен әріптесінің, досының тілектестігі, қамқоршылыдығы ұстанымы; 4) педагог ретінде өз іс-әрекетіне үнемі қатаң көзқараспен қарап, оқу процесінде қажетіне қарай түзетулер енгізіп отыру” Морено Дж.

  • Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.

  • Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.

  • З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады [1].

Қарым-қатынас функциялары қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның коммуникативтік, интерактивтік және перцептивті жақтары қарастырылады. Маңыздысы, осы қарым-қатынас жақтарының бәрі бір мезгілде көрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым-қатынас серіктерінің, олардың қарым-қатынасының таңбалық жүйелерін (вербалды, вербалды емес) кодтау мен декодтауларының бір жақтылы жағдайында өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті болса, – әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде жүзеге асырылады.
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттық, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді.
Р. Якобсон бойынша, сөздің негізгі функциялары:

  1. Эмотивті (экспрессивті, аффективті) – сөйлеушінің хабарлаушыға қатынасы («Қандай өкінішті, қандай келеңсіз!», «Тағы жауын жауды»).

  2. Конативті – адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.

  3. Референциондық (когнитивті, денотативті) – ойды білдіру.

  4. Поэтикалық – шынайы мен қияли демаркациясы.

  5. Фатикалық – контактіні қолдау (мысалы, «Алло», «Сәлем», «Қалың қалай?»).

  6. Метатілдік – өз айтуларын нақтылау, реттеу.

Тілдік функцияларды М. Холлидей біршама басқаша анықтады. Өз баласының тілінің дамуын бақылай отырып, ол сөздік тілдік мінез-құлықтың жеті функциясын бөледі: инструменталды (материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру); реттеуші (айналадағылардың мінез-құлқын қадағалау); өзара әрекет (контактіні қолдау); жеке өзіндік (өзін-өзі анықтау); эвристикалық, ізденушілік (неге?); қиялдаушы (ішкі дүние); ақпараттық (жаңа ақпаратты беру). Тілдік функциялардың атауы мен мазмұнының көпжақтылығы айқын. Олардың барлығы да, коммуникативтік өзара әрекеттесудің түрлі жақтарын бейнелей отырып, педагогикалық қарым-қатынасқа түсініктеме беруде кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет