Байланысты: 1 daris - pedagogikal k sheberlik negizderi
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері: жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық: балаларды сүйе білу ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;
баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;
балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне өзі сенім;
оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;
Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары: әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық).
рефлексивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік сыншылдық, білімпаздық).
коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя біліушілік, міндеттілік).
элепатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімнің міндеті, олар:
ақпараттық (біліктер:ақпараттық қабылдау,жинау,таңдау,жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу);
зерттеу (біліктер:проблема туғызу,мақсатты,міндетті,пәнді,обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру жіне жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т.б.);
интеллектуалдық (біліктер:жүйелеу,жалпылау,талдау,жіктеу,салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу.)
креативті (біліктер:елестету,жалғастыра алу,негізін бөліпалу, алдын ала білу, жаңаша түрлендіру);
диагностикалық (біліктер:диагностиканың тәртібі бойыншажүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б);
болжау (біліктер:мақсат қою,ақырғы нәтижені болжау,болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер жасау және т.б.);
коммуникативті (біліктер:байланыс орнату,ақпараттардыалмастыру, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзара әрекеттестік жасау және т.б);
аксиологиялық (біліктер:обьект пен бақылау формаларынтаңдау, параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру, өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);
басқару (біліктер:ұйымдастыра басқару,ынталандыру,мақсатқою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);
жобалау (мақсат қою,жоспарлау,жобалау,түзеу,модельдеу,құрастыру, технологияландыру);
Мұғалімнің өзін өзі кәсіби шығармашылық дамыту көрсеткіштері мен белгілері мынадай: 1. Мамандық құралдары арқылы өзін өзі дамытуды көздейтін дербестік:
тұлғаның өз біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін, кәсіби ынтасы мен өз іс әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін бағалай алу қабілеті;
өз жұмысын орынды жоспарлау мен ұйымдастыру, өзін-өзі реттеп отыру қабілеті, ұжымды жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық және коммуникативтілік қабілеттері;
өз бетімен мамандығына сәйкес білім, білік және дағдыларды меңгеру, кәсіби маңызды сапалар мен қабілеттерді тереңдету және кеңейту, кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық.
2. Кәсіби бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы мәселелерді шешуде қабылданған тәсілдерді қолдана білу, кәсіби әрекет стратегиялары мен әдістерін өңдеу.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық қарым-қатынас, еңбектегі инновацияға дамыған қабілет, жеке шығармашылық еңбек есебінен тәжірибесін байыту.
Қазіргі уақыттағы мұғалімнің кәсіби, көп жағдайда әдістемелік ой-өрістің жоғарлығы мен мұғалімнің кәсіптік білім беру іс-әрекетінің деңгейінен байқалады.
Біліктілікті арттыру жүйесінің осындай тұстарын жоюдағы негізгі салмақ қазіргі таңда қосымша білім беруді жүзеге асыратын білікті арттыру институтына түседі.
Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан-жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді.
Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші. Бір уақытта бірнеше рөлге енеді.
Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі, бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін ойнаймын. Ал кіріс»,- деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір элементі болып табылады.
Болашақ педагогтардың кәсіби міндетін дамыту қазіргі уақытта психологиялық педагогикалық зерттеу мәселесіне айналуда.
К. С. Станиславский оқушының жан дүниесін түсініп, жұмыс жасауды ұсынады. Сондай-ақ, мұғалімнің 4 түрін атап көрсетеді:
1-ші түріне белсенді, қиялы жақсы дамыған, әркез ізденушілікпен айналысатын мұғалім. Олар сабақты жаңа әдістермен өткізуге тырысады.
2-ші түріне белсенді емес, өз пәніне деген немқұрайлықпен қарайтын мұғалім.
3-ші түріне бір ізбен жүрмейтін мұғалім. Бірде сабақты қызықты, кейде жалқаушылық танытатын. Бұл мұғалім кітаптағы материалды қайталап, еш жаңалық енгізбейді.
4-ші түріне ешнәрсе, тіпті кітаппен де, ізденушілікпен айналыспайтын мұғалім түрі.Мұндай мұғалім тіпті болмау керекдеген екен.
К. С. Станиславскийдің мектепте қолданылатын принципі - өмір шындылық принципі. Өмір шындылық принципінің мақсатыешқандай өтірік, тәртіпті бұзатындай әрекеттер жасамау. Өмір шындылық принципіне көмекші принцип – алдын-ала тапсырма беру. Осы арқылы үміттенген арманды іске асыра алады.Алдын-алатапсырма беру принципін қолдану арқылы оқушының дайындық деңгейін білуге болады. Үшінші принцип – белсенділік және әрекет ету.Мақсат–образға ену және сабақтың практикалық бөліміндеоқушыларды белсендіре түсу.
Актерлік қабілеттіліктердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі театр мектептерінің негізін қалаушылар К. С. Станиславский, В. Э. Мейерхольд, А. Я. Таиров актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазды.
Педагогтар актердің, сыналатын тұлғаның адамдық құндылығына, оның ақиқат пен сенім сезіміне яғни түрленуге деген қабілеттілігіне, саналық тартымдылығына, қызықтыра әсер беретініне және сендірерлігіне, сезім күшіне және эмоциялық шапшаңдығына, сахналық тұрғыдан ыңғайлы сыртқы мәліметтеріне көңіл бөледі.
Сәтсіз көрсеткіш кейде актердің абыржуымен, физикалық қысымымен, жанын күштеумен байланысты болуы мүмкін, ол шығармашылық ойлауға, олардың динамикасында күрделі сипаттарды жүзеге асыру шеберлігі бір көргеннен мүлдем байқалмайды.
Егерде, болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында әртістікке дейін көрсетілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі болып табылады.
Әртіс педагогтің міндеті оқушыларға эмоциялы ықпал ету, олардың үн қосуына, мұнсыз өмірді және оның ұғымын терең қабылдауды, балалардың санасы мен жүрегінде өзіне сенімді нығайту, өзінің қатынасымен, сезімдерімен әсер ету.
Украин зерттеушісі В. Ф. Моргун былай дейді: «Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, өмірлік және үшіншіде ғана театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады. Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден, өнегелілік, екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.
Актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу:
1 - студенттерді курсқа іріктеу үрдісінде-ақ педагогикалық және актерлік шеберлікке табысты оқытуды болжау үшін;
2 - бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жал пы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара қатынасын елестету үшін;
3 - шамамен кәсіби маңызды ерекшеліктерді анықтағанда қателеспеу үшін;
4 - студентке өзінің мүмкіндіктерін, күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінуде, қабілеттілік барда мамандықты меңгеру жолында нақты кедергілерді жеңуде жәрдем беру үшін;
5 - шығармашылық дербестікті ынталандыратын факторларды белсенді ету және жағдай жасау үшін қажет.
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан-жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады:
жалпы адамзаттық талаптар;
мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар;
пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары.
Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады.
Ал, мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді.
Үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.
Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г. Г. Воробьев «Школа будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен.
Сондай-ақ, мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. Бұл жөнінде В. А. Крутецкий педагогикалық қабілеттерді дидактикалық, академиялық, коммуникативті деп көрсетеді. Ал зерттеуші А. И. Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды рөл атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық бейімділіктің болуы. Педагогикалық бейімділік негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік қатарына төмендегі қасиеттерді атап кетуге болады:
психологиялық, педагогикалық. әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;
мұғалім мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
кәсіптік көрегендігі;
педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
ұйымдастырушылық шеберлігі;
оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс әрі уақытылы қабылдай алуы;
ұстаздық сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
педагогикалық техника.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің педагогикалық шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы.
Педагогикалық шығармашылық – педагогтің жекедаралығының, оның тәжірибесінің, дарындылығының, қабілеттілігінің және тұлғалығының, қиялы мен түйсігінің жоғары көрінісі. Кәсібилігі мен шеберлігінің жоғары өлшемі; мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне тиімді және стандартты емес педагогикалық шешімдер әзірлеу мен орындауы, тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын байытуы. Педагогикалық шығармашылық алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибеге, ғылым жетістіктеріне, педагогикалық шешім табудағы өз тапқырлығына сүйене отырып, мақсаттардың, құралдардың және нәтиженің тиімді арақатынасын іздеу түйсігі мен сипатының ықтыималдығына негізделген.
Интегралды сипаттары:
педагогте терең, жан-жақты білімнің болуы және оларды сыни өңдеу мен пайымдауы;
теориялық және әдістемелік ережелерді педагогикалық әрекетке аудара алу білігі;
өзіндік жетілуі мен өз бетінше білім алу қабілеті;
жаңа әдістер, формалар, амалдар мен құралдар әзірлеу және олардың бірегейлі үйлесімділігі;
іс-әрекет жүйесінің диалектикалығы, вариативтілігі, өзгермелілігі;
қолдағы бар тәжірибені жаңа жағдайларда қолдану тиімділігі;
өзінің жеке іс-әрекетін және оның нәтижесін рефлексивті бағалай білуі, педагог тұлғасының эталондық және жеке қайталанбас сипаттарын үйлестіру мен әзірлеуге негізделген кәсіби іс-әрекет стилін қалыптастыруға қабілеттілігі;
білім мен түйсікке негізделген импровизацияға қабілеттілік. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім
мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз өзінің мамандығына сай игеруі тиіс барлық ерекшеліктердің жоғары деңгейін, тұлғаның кәсіби қызметті өзінше ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің жинағын, сондай-ақ кейбір педагогикалық ерекшеліктердің дамуының жоғары деңгейінің салдарын білдіреді, ал педагогтың жалпы мәдениеті, оның теориялық білімі және педагогикалық техниканы меңгеруі осы шеберліктің іргетасы болып табылады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің
жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен, тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.