1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет55/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Логопедиялық ритмика сабағына қойылатын талаптар қандай?
2. Логоритмикалық сабақтарды жүргізу тәсілдері қандай?
Әдебиеттер:
https://infourok.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-provedeniyu-logoritmiki-2362910.html
27-дәріс. Тақырыптың аталуы: Логоритмиканың негізгі принциптері
Дәріс жоспар:
1. Логоритмиканың негізгі принциптері
2. Логоритмикалық жалпы дидактикалық принциптері
1. Логоритмиканың негізгі принциптері.
Барлық жағдайда да дауыс адамдарды ажыратудың айтарлықтай мәнді белгісі болады. Бұл уақытта бала тиісті мимикаға байланысты дауыс ырғағын ажырата бастайды. Өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында балада сөз тітіркендіргіштеріне шартты рефлекстер пайда болады. Сөйлеу дыбыстарының белгілі бір ұштасуы ретінде сөздің өзі тек біртіндеп басым болатын маңызға ие болады. Сөздер бірте- бірте әрекет құбылыс және осы құбылыстар арасындағы қатынас сигналдары болады.
Баланың тілінің дамуы, яғни тиісті грамматикалық құрылысты қолдану арқылы тілдің үйлесімді, мағыналы, сипатқа ие болуы көбіне –көп айналадағы адамдар сөзінің дұрыс құрылуына байланысты болады.
Баланың тіл дамуындағы кемшіліктер мынаған әкеп соғады:
А) баланың психикалық дамуы бәсеңдейді;
Б) жан-жақты, іс-әрекеттің жоғары деңгейіндегі дамуы бәсеңдейді.
В) эмоционалдық-жігер ортаның бүзылуы пайда болады, өзіндік сапасын қалыптастырады: (ешкіммен араласпайды, сырын аша білмейді, өзін-өзі ұстай алмайды).
Г) Оқып жазуға қиындық туады. Бұл баланың үлгерімі төмендейді, әдебиеттерде тілдің қалыпты дамымауына, әртүрлі деңгейде жеткілікті көңіл бөлінген. Монографияда А. Н. Гвоздева, жұмыстарда Г.Л. Розенгард-Пупко, Д.Б. Эльконина, А.А. Леонтьева, Н.Х. Швачкин, В.И. Бельтюкова және де басқаларда баланың туғанынан бастап сөйлеу қабілетінің дамуы егжей-тегжей жазылған.
Бұл авторда тіл дамуының деңгейін анықтайды және оларды әр түрлі позициялардан қарастырады.
Леонтьевтің зерттеуіне сүйене отырып, негізгі деңгейлеріне тоқтауға болады және әр қайсы баламен қарым-қатынас кезінде мұғалімді ойландыратын симптомдары көрсетілген.
Бала өмірге келгенін айқаймен білдіреді, бұл айқай баланың бірінші дауыс белгісі. Айқай мен жылау баланың артикуляциялық, дауыстық, тыныстық сөйлеу аппараттарын белсендіреді.
Сондықтан егер «анамистикалық бөлімде» бала туғанда асфекциямен және айқайлаған жоқ деп көрсетілсе онда бұл ақпарат логопед үшін диогностикалық сипаттама болып табылады.
«Гуілдеу» деңгейі барлық балаларда көрсетіледі: 1,5 айлығында, 2 - 3 айға дейін балалардың дауыстық белгісі мына дыбыстармен білдіріледі: а-а-а, бм-бм-бм, бль-бль, угу, бу, тағы басқа. Осы дыбыстар адам сөйлеуіне негіз болып табылады.
«Гуілдеу» барлық халықтарда бірдей. 4 айдан бастап дыбыстар өзгереді. Жаңа типтері пайда болады: гн-агн, ля-аля, рн т.б осы артикулярлық апаратармен бала ойнайды. Гуілдеу кезеңінде бала артикулдық аппаратпен ойнайды. Ол бір дыбысты бірнеше рет қайталап, одан рахат сезімін алады. Бала құрғақ, ұйқысы қанғанда, тамақтанғанан кейін және денсаулығы болғанда гуілдейді. Егер жақындарының біреуі жаныңда болып баламен сөйлесе бастаса онда бала дыбыстарды тындайды да оны қайталағандай болады. Осындай жағымды жағдайларда нәресте үлкендерге еліктей бастайды, және дауысының әртүрлі интонациясын мәнерлетуге тырысады. Гуілдеу уақытында анаға баланың гуілдеуі даму үшін, нәрестемен көру қатынасын дамытып, баламен сөйлесу керек, сол уақытта бала анасының мимикаларын қайталайды. О.И. Тихиева өзінің жұмысында нәрестенің гуілдеу кезеңін, музыкантың музыкалық аспаптың келтірумен салыстырады. «Гуілдеу» қалыпты дамыса онда ол біртіндеп сөзге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет