1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет10/116
Дата30.09.2022
өлшемі1,21 Mb.
#151276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
Байланысты:
C.М. Жакупов Жалпы психология
2.Апта , зертханалық сабақ
Мұны білген жөн



Психодиагностикалық тесттің валидттігі және сенімділігі
Тесттің психикалық қасиеті немесе сапасының шынайы деңгейін өлшей алу қабілетін сипаттау үшін ңвалидтілікң термині қолданылады. Тесттің валидтілігі бағалауға арналған сапаны (қасиет, қабілет, мінездеме және т.б.) қандай өлшемде өлшейтінін көрсетеді. Инвалидті яғни валидтті емес тесттер тәжірибелік пайдалануға жарамайды.
Валидтілік және сенімділік – байланысты ұғымдар. Олардың байланысын мынадай мысалдан көре аламыз. Мысалы А және В атты екі атқыш бар дейік. А атқышы 100-ден 90 ұпай, ал В атқышы 100-ден тек 70 ұпай жинады. Яғни А атқыштың сенімділігі 0,90, ал В атқышының сенімділігі 0,70. Алайда А атқышы әрдайым бөтен көздемеге атады, сондықтан оның ұпайлары жарыстарда саналмайды. Ал екінші атқыш көздемені дұрыс таңдайды. Сондықтан А атқышының валидтігі нөлге тең, ал В атқышыныңкі 0,70, яғни мөлшері сенімділікке тең. Егер А атқышы көздемені дүұрыс таңдаса, оның валидтігі мен сенімділігі тең болады. Ал кейде ол көздемені шатыстырып алса, тек дұрыс таңдағаны есептеліп валидтігі сенімділігінен төмен болады. Біздің мысалымызда сенімділік аналогы атқыштың дәл көздеп атуы болса, валидтігі атқыштың көздемені дұрыс таңдауы болады.
Бір қасиетті өлшеу үшін оқиғадағы белгілі жағдайда тест танылған инвалидтті болады, ал, басқалар үшін валидттілікті көрсетеді. Яғни валидтілікке қажет шарт сенімділік. Сенімді тест валидтті бола алмайды, керісінше валидтті тест әрдайым сенімді. Тесттің сенімділігі валидттіліктен төмен болуы мүмкін емес, керісінше валидттілік сенімділіктен жоғары болуы мүмкін емес.
Қазіргі психометрияда үш негізгі валидтілік бар, 1) мазмұнды (логикалық); 2) эмпирикалық; 3)концептуалды.
Мельников В.М., Ямпольский
Введение экспериментальную психологию
Личности: Учеб. пособие для слушат. ИПК
Преп. пед. дисциплин ун-тов и пед ин-ов.-
М.: Просвещение, 1985.

Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет