1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


§ 2. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Операциялық-техникалық аспектілері



бет24/116
Дата30.09.2022
өлшемі1,21 Mb.
#151276
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116
Байланысты:
C.М. Жакупов Жалпы психология

§ 2. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Операциялық-техникалық аспектілері.
Кеңес психологиясының дамуында үлкен маңызға ие болған теорияны қарастырайық. Бұл теория Кеңес кезінде шығып, оратлық психологиялық теория болды және де 50 жылдан астам уақыт бойы дамып отырды. Аталмыш теорияның зерттелуі мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес психологтардың аттарымен байланысты. Неге осы теория Кеңес психологиясында аса маңызды орын алады? Біріншіден, осыдан бұрын біз сананың пайда болуы мен адам психикасының дамуында еңбек пен іс-әрекеттің шешуші рөлі туралы айтқан болатынбыз. Бұл көзқарас осы уақытқа дейін Кеңес психологтардың зерттеу методологиясында басты орын болып отыр. Екіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы осы көзқарасқа сүйене отырып, адамның санамен қоса психикалық феномендерінің көрінуінде іс-әрекеттің рөлін аша түседі. Адамға баға беріп, оның тұлғалық ерекшеліктері пікір айту үшін біз негізінен оның іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенуіміз керек.
Іс-әрекеттің психологиялық теориясы ХХ ғасырдың 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында дами бастады.Бұл теорияның басты ерекшелігі – ол диалектикалық материализмнің негізгі принциптеріне сүйенеді және осы философиялық бағыттың басты тезисін қолданады. Іс-әрекеттің теориясы А.Н.Леонтьевтің еңбектерінде толығырақ қарастырылған.
Осы теорияның негізгі түсініктеріне іс-әрекет, сана және тұлға жатады. Бұл түсініктерде қандай мағына жатқанын анықтап, олардың құрылымын қарастырайық.
Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады. Жоғарғы деңгей – іс-әрекеттің ерекеше түрлерінің деңгейі, содан кейін әрекет деңгейі, содан соң – операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық функциялар деңгейі.
Іс-әрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған әрекет осы иерархиялық құрылымда орталық орын алады. Әрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс. Бұл жерде мақсат – саналы бейне екеніне бірден көңіл бөлу керек. Белгілі іс-әрекетті орындай отырып, адам үнемі осы бейнені өз санасында ұстап отырады. Осылайша, әрекет дегеніміз – адам белсенділігінің саналы көрінісі. “Әрекет” ұғымының негізгі сипаттамаларының төрт компоненті бар. Біріншіден, әрекет керекті компонент ретінде сана актісін қосады. Екіншіден, әрекет – бір мезгілде жүріс-тұрыс актісі. Сонымен қатар мынаған көңіл аудару керек, әрекет – санамен байланысқан қимыл. Жоғарыда айтылғаннан сана мен жүріс-тұрыстың тығыз байланысы туралы қорытынды жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет