1. ДӘрістер бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет10/78
Дата14.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#100494
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
lektsii v platonuse

3.3Тіл және ойлау

Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.

Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың құралы, ойды жарыққа шығару құралы.

Тағы да қайталайық: ойлау мен тіл бір-бірімен тьіғыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді. Ендеше, ойлаудың тілден тыс болуы мүмкін емес екен.

Бір нәрсені танып білуде тілдің атқаратын рөлі зор. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір затты жақсы тану үшін, яғни оған ат қою үшін, ең алдымен сол заттың басты белгілерін білу керек. Сол басты белгілерін жақсы білсең, оны тану да, оған ат қою да оңай. Мысалы, ненц (Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауында тұрады) тілінде қардың түрлерін білдіретін 40 шақты арнаулы атаумен бірге жалпы қар ұғымын білдіретін сыра (мағынасы — "қар") деген сөз бар. Аталған тілде шана түрлерін білдіретін 20-дан астам сөзбен бірге нарта деген жалпы атауы тағы бар.

Бұдан шығатын қорытынды: атау сөз (ұғым) жалпы (абстракты) және нақтылы (конкретті) немесе деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді.

Адам тіл арқылы ойлайды. Ұғым сөз арқылы жатталып калады. Ал сөз мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен мағынасы жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады.

Ұғымның сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса, сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл - ойды айтып жеткізудің кұралы.

Тіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

Дыбыс - тілдің материалдық бірлігі, сөздің құрастырушы бөлшегі. Ол тілдік форма болып саналады. Ендеше, сөз де, сөз тіркесі де, сөйлем де тілдік формалар, тілдік элементтер болып есептелінеді. Сөздің формасы оның дыбыстық құрамынан көрінеді де, мазмұны оның мағынасынан белгілі болады. Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем кандай да болсын белгілі бір мағынаны, ұғымды, ойды білдіреді. Ұғым мен мағына және ой тілдік бірліктердің мазмұны болып табылады.


Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, яғни сөз бен мағынаның арасындағы байланыс - табиғи байланыс емес, ол шартты байланыс. Мысалы, "ұннан иленіп, табаға пісірілген тағам' деген ұғым мен оның нан деген лексикалық атауының арасындағы байланыс - табиғи байланыс болса, дүние жүзі халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жоқ. Олай емес, оны біреу - нан, екіншілер - хлеб, үшіншілер - brot (нем.), төртіншісі - bread (ағыл.) деп атайды. Олай болса, олардың арасындағы байланыс - кейіннен қалыптасқан шартты байланыс екен.

Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын, түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анық, айқын ойлай алады.

Бұған қарап, тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып қалуға болмайды. Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай деп ұққан. Ол әр 41 түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі, - деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын.

"Тіл мен ойлау тепе-тең" деп қателесушілер сияқты, "тіл мен ойлаудың арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде бөлек" деп, қате тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен З.Харрис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате.

Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-тендік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.



Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет