1. ДӘрістер бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет27/78
Дата14.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#100494
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Байланысты:
lektsii v platonuse

3. Жақ категориясы. Бүл дүние жүзі тілдерінің басым көпшілігіне тән. Ол іс-әрекеттің қай жаққа (кімге) қатысты екендігін білдіреді. Іс-әрекет сөйлеуші жақ, тындаушы жақ немесе бөгде жақтың бірі арқылы жүзеге асады. Осыған орай, әр тілде үш жақ болады: 1-жақ, 2-жақ, 3-жақ. Бүл үш жақтың әрқайсысына тән грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары бар. Жақтық мағына белгілі бір аффикстер арқылы беріледі. Ондай аффикстерді жіктік жалғаулары деп атайды (Осыған орай мүны жіктік категориясы деп те атауға болады). Жақ категориясы етістіктерге тән категория.

Орыс тілінде жіктелетіндер — етістіктер ғана, ал есім сөздер онда жіктелмейді. Түркі тілдерінде де негізінен етістіктер жіктелінеді. Кейде түркі тіддерінде баяндауыш кызметіңде жұмсалғанда зат есімдер де, сын есімдер де, кейбір есімдіктер де жіктеліне береді. Осыған байланысты жіктік жалғаулар баяндауыштық аффикстер деп те аталынады.

Жақтық форма жақтық мағынаны ғана емес, сонымен бірге, көптік мағынаны да білдіруі мүмкін дегенді біз жоғарыда айттық. Мысалы: барды+м — барды+қ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет