1. ДӘрістер бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Тіл –қоғамдық құбылыс деген көзқарасқа қалай қарайсыз?



бет70/78
Дата14.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#100494
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
Байланысты:
lektsii v platonuse

Тіл –қоғамдық құбылыс деген көзқарасқа қалай қарайсыз? 


  • Тіл – биологиялық құбылыс деген көзқарасқа қалай қарайсыз? 


    3. Тіл және ойлау. 

    Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6. 

    Қосымша әдебиеттер тізімі: 4,14,15 .17, 29,32, 37. 
    4 - дәріс

    Тақырыбы: ТІЛДІҢ ТАҢБАЛЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ



    ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІК СИПАТТЫ 


    1. Таңбаның түрлері 


    2. Тілдік таңбаның қолданысы 


    3. Жүйе, құрылым ұғымдары жайлы 

    Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұксастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері:

    I)еріктілік, 2) шартгылық..

    Еріктілік, шарттылық дегеніміз таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе үғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі танбалық жүйелердің кұрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

    Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз болмыс кұбылыстарын, заттарын, олардың қасиеттерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

    Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.

    Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диохрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-карсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарай қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Таңбаның түрлеріне мысалдар келтіріңіз 


    2. Тілдік таңбаның қолданысы 


    3. Жүйе, құрылым ұғымдарына сөздіктің көмегімен анықтама беріңіз 


    Ұсынылатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,4,5,6.

    Қосымша әдебиеттер тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48. 




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет