1. Диалект болатын сөздер: а шалбар, көйлек в жөткіру, сым. С нарық, делдал. D киім, малта. Е бекіре, шортан



Дата08.02.2022
өлшемі31,73 Kb.
#123426
Байланысты:
тест 11 кл


I нұсқа
1.Диалект болатын сөздер: А) Шалбар, көйлек В) Жөткіру, сым. С) Нарық, делдал. D) Киім, малта. Е) Бекіре, шортан
2. Есім сөз бен септеуліктен жасалған тіркесті табыңыз.
А) Қонақ болу. В) Ыдыс-аяқ С) Қолдан-қолға. D) Оқып отыр. Е) Аң туралы
3. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Өсірген. В) Өсіріпті С) Өсіреміз. D) Өсірмекпіз. Е) Өспекші.
4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ел сүйсе, ер де сүйеді. В) Бала өссе, әке тынығады. С) Ыстық асқа үрлеме.
D) Үлкен келсе, барың бер. Е) Дос табу оңай, сақтау қиын
5. Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсетіңіз.
А) Құлақ В) Күндізгі С) Әсемпаз D) Орынбасар Е) Үндемейтін
6. Қосымша қанша болатынын көрсетіңіз.
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 Е) 5
7. Кімім? Нем? – қай сөйлем мүшесінің сұрағы, табыңыз
А) Пысықтауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш D) Баяндауыш Е) Бастауыш
8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
А) Он, жетеу. В) Сарт-сұрт, дүрс-дүрс. С) Көз, көрік. D) Мен, анау. Е) Біз, сіз.
9. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
А) О-юлы. В) Үміт-сіз. С) 25-кг. D) Кітаб-ымыз. Е) Қазақс-тан
10. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Оның жақсы оқығысы келеді. В) Не ексең, соны орасың. С) Қызарып атқан таң D) Өнер алды- қызыл тіл. Е) Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?
11. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
А) Құндыз. В) Жай қалмау С) Өлке D) Бүгін Е) Күлдіргі
12. Нүктелі үтір қойылатын орынды көрсетіңіз.
А) Төл сөзге байланысты В) Оңашаланған айқындауышқа байланысты.
С) Санамалап айтылған, мағыналары ыңғайлас сөйлемдер арасына
D) Дәйек сөздің қайдан алынғанын көрсететін жерде
Е) Ой ерекше дауыспен көтеріңкі айтылса
13. Шылауды табыңыз
А) Қатар, гөрі, оһ. В) Ғана, сайын, әрі. С) Шамалы, қысқасы. Д) Сықылды, әлі.
Е) Жөнінде, беу.
14. Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі қайсы?
А) Лирика В) Романтика С) Гипербола Д) Литота Е) Әсірелеу
15. Етістіктің мақсатты келер шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Баратын еді. В) Барғысы келді. С) Барған болатын. Д) Бармақшымын.
Е) Баратын болды.
16. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Өршелене соқты. В) Біркүні келер. С) Қасақана. Д) Одан әрі отыр. Е) Ілгері кетті.
17. Қарсылықты салалас сөйлемді қөрсетіңіз.
А) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.
В) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
С) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қырдың суы секілді тез суалар.
Д) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. Е) Ең тәттісі – тіл.
18. Тәуелдік жалғауының екінші жағындағы зат есім сөзді табыңыз.
А) Сөзіңді ұқтым. В) Сөзімді тыңда. С) Сөзін түсіндің бе?
Д) Сөзімді қайтала. Е) Сөз бер.
19. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
А) Көңілсіз. В) Дүниеқор. С) Талапты. Д) Тағала. Е) Ғажайып.
20. Заттың жалпы атауын білдіретін жалпы сөзді белгілеңіз.
А) Қаратау. В) Ақсүйек. С) Жетісу. Д) Қасым. Е) Бала.
21. Жай сөйлемді ажыратыңыз.
А) Ауыл іші. В) Дала тастай қараңғы. С) Абайдың шәкірті.
Д) Ұрыншақ жігіт. Е) Төбе шашы тік тұру.
22. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Арқаннан ұстау. В) Жайылымды аралау. С) Көрер таңды көзімен атырды.
Д) Ал қара көк. Е) Үшеуінің арманы.
23. Еміле ережесіне сай сөзді қөрсетіңіз.
А) Сила. В) Басүу. С) Кейиді. Д) Жуу. Е) Қойу.
24. Тіркес түрін анықтаңыз.
Жұқа тақтай.
А) Күрделі сөз В) Еркін тіркес С) Мәтел Д) Тұрақты тіркес Е) Мақал
25. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ауру, емдеу. В) Сырқат, арзан. С) Әрқашан, кем. Д) Дерт, сау. Е) Бұрын, шапшаң.
1. Қосарлама қос сөз белгі сұрайды.
А) әлдекім В) сөйтіп С) әлсіздік Д) бүгін Е) алды артына
2. Тұйық етістік - сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.
Жақсының қасиеті – жарыстыру,
Жаманның қасиеті – таластыру.
А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Толықтауыш. Е) Пысықтауыш.
3. Сөздердің орнын тәртібі арқылы байланысты қөрсетіңіз.
А) Темір күрек. В) Білімге ұмтылу. С) Сенімді ақта.
Д) Біздің таласымыз. Е) Жұмыстың пайдасы.
4. Аралас құрмаласты табыңыз.
А) Сонау төменде Әкімнің шамы жарқылдады, қайласы шарқылдады.
В) Қуанышым қойныма сыймай, үйге асығыс жүгірдім.
С) Қуыршақ шап беріп ұстады да, белбеуімді бұрап жібергенде, жаным ышқынып кетті.
Д) Зал тынған соң, Естай Сырбайға сөз береді.
Е) Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
5. Көп нүктенің орнына керекті дыбысты белгілеңіз. Құнд...з
А) и В) ы С) і Д) ғ Е) о
6. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Айтуы. В) Келуімнің. С) Сөйлеуден. Д) Баруға. Е) Келуіңмен.
7. Бастауыш та, баяндауыш та тұлғадағы зат есімнен болған сөйлем.
А) Жидебай – Шығыс елі мен жерінің кіндігі. В) Ертеңгі арман.
С) Көп түкірсе - көл. Д) Ерлік күші. Е) Көзімнің оты шықты.
8. Жай сөйлемдер ішіндегі жайылма сөйлемді табыңыз.
А) Қоңырау соғылды. В) Қар еріді. С) Жаңбыр көп жауды.
Д) Сағат жүріп тұр. Е) Күз түсті.
9. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Кенет тоқтау. В) Қатты таңдану. С) Ақ боран.
Д) Мал суару. Е) Астына көпшік қою.
10. «Дүрс» сөзінен қандай сөз табын жасауға болатынын табыңыз.
А) шылау В) етіс С) зат есім Д) одағай Е) қаратпа
11. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасы.
А) Күшейткіш. В) Сұраулық. С) Шектік. Д) Болжалдық. Е) Лептік.
12. Омонимді көрсетіңіз.
А) Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.
В) Жер қабатының әр түрлі жыныстары бар.
С) Балалар жыбырламай, жүгірмей жым болды.
Д) Нүриланың жүзінде әлдебір мысқыл жүзіп жүр.
Е) Көрші қарт жүдеулеу, арықтау көрінді.
13. Есімшелі сөзді көрсетіңіз.
А) Оқып-тоқып. В) Оқығалы-тоқығалы. С) Сөйлей-сөйлей.
Д) Айтар-айтпас. Е) Желе-жортып.
14. Етістіктен болған баяндауышты анықтаңыз.
А) Абай кітапқа үңілді. В) Біз жиырма төртпіз. С) Айтпағым – осы.
Д) Заман жастардікі. Е) Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
15. Ыңғайлас салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар қайсы?
А) Себебі, сондықтан. В) Сонша, сондай. С) Я, яки, не.
Д) Да, де, әрі. Е) Бірақ, дегенмен.
16. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.
А) Әкеме. В) Әкесін. С) Әкені. Д) Әкемнің. Е) Әкеміз.
17. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз. Мәссаған.
А) негізгі одағай В) дара одағай С) біріккен одағай Д) қос сөз Е) қысқарған түрдегі одағай
18 Бейнелеуіш сөзден жасалған етістікті табыңыз.
А) Күлдір, орғыз В) Күзде, бүгін С) Селтеңде, ербеңде Д) Күліп, барды Е) Жаңа, таза
19. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз
А) Жартас В) Әпербақан С) Қоғамтану Д) Ұлбосын Е) Өнеркәсіп
20. Қатыстық сын есімді табыңыз
А) Өте көңілді В) Үлкен С) Қалпақты Д) Орта жаста Е) Ақ көңіл
21. Көп нүктенің орнына қажетті әріпті қойыңыз: ...үрбі
А) г В) з С) п Д) с Е) д
22. Еркін тіркестің бағыныңқысы – көптік жалғауы жалғанбайтын сөз, дұрысын белгілеңіз.
А) адамдар келді В) үй салынды С) гүл суарылды Д) шаш өсті Е) жүк жиылды
23. Ашық буынды сөздерді табыңыз.
А) Көзіме басылды В) Кітап оқу С) Намысы күшті Д) Су жылы Е) Кәсіпкер болу
24. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз
А) Білім іздеген өсер В) шіркін, не керек, естімеді. С) Телі мен тентек қайда да бар болатын
Д) Шалдың мазасын алдық білем. Е) Құрғақ қасық ауыз жыртады
25. Мына сөздердің ішінен жалпылау есімдігін табыңыз
А) Түгел, бүкіл В) Әр, біраз С) Өз, өздері Д) Дәнеңе, ештеме Е) ешкім, ешбір.

III нұсқа


1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Сұлу, керек, ақ В) Ер, шырайлы, тез С) Шыдам, сабыр, төзім
Д) Бақ, айла, жер Е) Көрік, сөз, әдемі
2. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз
А) Мақсаттың үйі В) Арбада отыр С) Жазғы науқан Д) Ауылды байыту Е) Тас диірмені
3. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз
А) Адамдық В) Бейімбет С) Гүлді Д) Әкетай Е) Адуынды
4. Орфографиялық принципке сай келетін сөз қайсысы?
А) Айыналысу В) Айзу қану С) Айақсыз Д) Айуан Е) Аюан
5. Орыс тілінен енген сөздерде жазылатын әріппен келген қатар көрсетіңіз
А) Алтыншаш В) Ұрыс С) Үрдіс Д) Вазелин Е) Ілдірім
6. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
А) Көгілдір В) Өңіржиек С) Миллион Д) Таласты Е) Оқушылық
7. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Оныншы В) Бес-алты С) Жиырма бес Д) Елулерде Е) Жиырма шақты
8. Көмектес септікте тұрған өздік есімдігін табыңыз
А) Өзгеде В) Өзіммен С) Өздеріңізді Д) Өзіміздің Е) Өзінен
9. Қатаң дауыссыз дыбысты табыңыз
А) ц, ш, й, һ. В) ф, щ, ч, т. С) ү, х, р, л. Д) т, с, б, в. Е) с, б, в, н.
10. Орал қаласы – қандай сөйлем?
А) Жақты В) Жақсыз С) Толымды Д) Толымсыз Е) Атаулы
11. Ілгерінді ықпалды табыңыз
А) Көре кел В) Класпен С) Штабта Д) Асхана Е) Ашудас
12. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрін көрсетіңіз
А) Үлкендеу В) Әп-әдемі С) Қызыл Д) Жақсы Е) Ең әдемі
13. «Демеулік», «септеулік», «жалғаулық» деген сөздер неге тән?
А) Зат есім В) Есімдер С) Есімше Д) Оқшау сөздер Е) Шылау
14. Синоним сөздерді көрсетіңіз
А) Соң, кейін, үнемі. В) Қырағы, көреген. С) Құпия, жария.
Д) Елу, езіл, езуші Е) Әтеш, тауық
15. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз
А) Шөп шабылды(ма). В) Ол келіп(пе) С) Жамандыққа жуы(ма)
Д) Жақсылықтан қаша(па) Е) Өтірікке жол жоқ
16. Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Басқыштан түсіп келе жатып кілт тоқтады. В) Осы мінезің үшін дос болғым келеді.
С) Сіз маған бола келдіңіз бе? Д) Ол төмен қарады. Е) Сізді кейін ауылға жіберем
17. Одағай сөзді табыңыз.
А) Жігіттер, сыналар кезің келді. В) Үйге кіргізу түгіл, жақындатуға тыйым салынған.
С) Мысалы, таза мыс электр тоғын жақсы өткізеді Д) Әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.
Е) Бірнеше киім, көйлек-көншек шашылып жатыр.
18. Тәуелдік жалғаудың 3-інші жағында тұратын сөз.
А) Дәптерім В) Дәптері С) Дәптерің Д) Дәптеріміз Е) Дәптеріңіз
19. Астанадан келген қыз - байланысу тәсілін табыңыз
А) Жатыс септік В) Шығыс септік С) Шылау Д) Орын тәртібі Е) Айтылу ырғағы
20. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз
А) Кейуана В) Кеюана С) Кеюна Д) Кеиуана Е) Кейюана
21. Сауатты жазуды ретке келтіретін сөздік
А) Орфоэпиялық сөздік В) Терминологиялық сөздік С) Синонимдік сөздік
Д) Аударма сөздік Е) Орфографиялық сөздік
22. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Жүрегі алып ұшты В) Көктемгі демалыс С) Боранмен айқас
Д) Көзін ала береді Е) Қызылды-жасылды
23. Сын- бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз
А) Шалқасынан жату В) Соншама олжалану С) Кешке қарай
Д) Амалсыздан күлу Е) Тым жалығу
24. Сөз тіркесінің байланысу түрін белгілеңіз
Барлаушылар кеңесті
А) Қабысу В) Меңгеру С) Жанасу Д) Матасу Е) Қиысу
25. Бір буынды сөз
А) Проект В) Қуақы С) Жалт Д) Еңілік Е) Түлік

IV нұсқа
1. Омоним сөздерді табыңыз


А) Ел үмітін ер ақтар В) Алма, өзіңе керегі жоқ затты алма.
С) Баусыз оймақ қолда тұрмас. Д) Қарақұс – жыртқыш құс. Е) Көңілі бұлақтай таза.
2. Ырықсыз етісті табыңыз.
А) Қуынды. В) Қуғызды С) Қуылды Д) Қуысты Е) Қудым
3. Күрделі сан есімдер қалай жазылуын белгілеіңіз
А) Бірге В) Бөлек С) Қосарлана түрінде Д) Біріккен түрінде Е) Қысқарған түрінде
4. Сәлем саған, Астана! Үтір қайсысынікі?
А) Қыстырма В) Одағай С) Қаратпа Д) Бірыңғай мүше Е) Төл сөз
5. Жіңішке дауыстылардан жасалған сөз.
А) Әлдеқайда В) Қауіп-қатер С) Басқарма Д) Мәжіліс Е) Күләнда
6. Көмектес септігіндегі сөз.
А) Келін(мен) бірге В) Есік(пен) төр С) Бала((мен) қыз
Д) Қаз(бен) үйрек Е) Тіл(мен) жақ
7. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін! В) Ауылға ақындар келді. С) Сен нешедесін?
Д) Осы жағдай сенің де есіңде болсын. Е) Мәселесі шешілді.
8. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдауға тура келді В) Көктем келді. С) Нұрғали Жұманға қарады.
Д) Бүгін – бесінші қазан. Е) Жеңіл машина.
9. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз.
А) Төбешік В) Қосаяқ С) Жансүгір Д) Сенімді Е) Жайылым
10. Біздер, жастар ел сенімінен шыға білейік.
Бастауышты дәлелдеп түсіндіруші мүше.
А) Бірыңғай мүше В) Оңашаланған айқындауыш С) Қаратпа
Д) Қыстырма Е) Одағай
11. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасы.
А) Күшейткіш. В) Сұраулық. С) Шектік. Д) Болжалдық. Е) Лептік.
12. Омоним бола алмайтын сөз.
А) Шап В) Үгіт С) Сөк Д) Сақал Е) Хор
13. Келер шақтағы етістікті табыңыз
А) Құс ұшады, адам сөйлейді. В) Ол бізге жиі келіп тұрады. С) Жас өседі, жарлы байиды
Д) Балаңыз оқудан ертең келеді. Е) Қанатты ұшады, аяқты жүгіреді.
14. Төл сөз автор сөзінің екі жағында орналасқандағы тыныс белгісінің дұрыс қойылуын белгілеңіз.
Білімділік, парасаттылық, еңбекқорлық деді атасы қай сәтте де өміріңнің бұзылмас заңы болсын.
А)Төл сөз, автор сөзі, төл сөз В)Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз. С)Төл сөз: автор сөзі,төл сөз
Д) «Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз» Е) «Төл сөз», автор сөзі «төл сөз»
15. Шартты бағыныңқылы сөйлемді табыңыз.
А) Биылғы қыс суық болды. В) Жақсы ұстаздық етсең, еңбегіңнің жемісін көресін
С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлеген дұрыс. Д) Бұның дұрыс болмады,- деп әкесі ренжіді Е) Ұйықтап жатқан адамның тынышын алма
16. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті тап.
А) Адам ету В) Қызмет ету С) Әнұран айту Д) Наурыз айы Е) Ала жіп
17. Сөз тіркесіне лайықты бағыныңқы
... оқырынады
А) Ит В) Мысық С) Түйе Д) Жылқы Е) Қасқыр
18. Орыс әліпбиіне көшкен мезгіл.
А) 1937 жыл В) 1941 жыл С) 1938 жыл Д) 1940 жыл Е) 1936 жыл
19. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз.
А) Текті В) Тәрбие С) Тәрбиелі Д) Өрелі Е) Баспасөз
20. «Байшұбар» қандай жалқы есімге жататынын көрсет
А) кісі аты В) ит аты С) шығарма аты Д) түйе аты Е) мінетін ат
21. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
А) Рақымды. В) Жүздеген. С) Дауылпаз. Д) Емен. Е) Қанағат.
22. Тыныштықты сақтаймыз – тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз.
А) шылау В) орын тәртібі С) дауыс ырғағы Д) жалғау Е) септеулік шылау
23. Мөлшер үстеулі тіркесті табыңыз.
А) Құлаққа ұрған танадай. В) Жата – жастана білу. С) Кешке дейін.
Д) Қаннен-қаперсіз отыр. Е) Соншама үрейлену.
24. Шылауды табыңыз.
А) Аһ, бір өкініш, бір үміт. В) Е, оны қайдан білдің. С) Дүние қалай еді?
Д) Мен он төрттемін, ал сен ше? Е) Мынау – тау, мынау – төбе.
25. Есімдіктен болып тұрған бас тауышты көрсетіңіз.
А) Маған сыйлық әкелді. В) Мен еңбекті бағалаймын. С) Ана сүтін ардақта.
Д) Оның төрттен бірін ал. Е) Сыйлық бәріне жетті.

V нұсқа
1.Антоним сөздерді табыңыз.


А) Үбірлі-шүбірлі. В) Тұнық – лай. С) Ұялу – имену.
Д) Асты – жаны. Е) Үлкендік – ағалық.
2. Дыбыстық еліктеуіш сөзді табыңыз.
А) Кілт. В) Селт. С) Жалт. Д) Шолп. Е) Жылт.
3. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
Ашық күндерде кір жуу жақсы.
А) Ашық. В) Күндерде. С) Кір. Д) Жуу. Е) Жақсы.
4. Айтылу ережесі бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Қыс. В) Жүйрік. С) Жүксүз. Д) Түнгі . Е) Сөздік.
5. Қай сөзде дефис қойылу керек?
А) 9 сынып В) 1998 жыл С) 80 метр Д) 200 процент Е) 30 наурыз
6. Морфологияға тән атау.
А) Синоним. В) Екпін. С) Сатылы бағыныңқы. Д) Термин Е) Жалпы есім.
7.Сөйлемді табыңыз.
А) Тепсе темір үзетін. В) Ақ шағала. С) Қызыл күрең шай.
Д) Суға жүзу жарысы. Е) Біз жидек тердік.
8.Өзіндік есімдігінің түрлену жолын көрсетіңіз.
Осының барлығына кінәлі - өзіміз.
А) Септелді. В) Көптелді С) Жіктелді Д) Тәуелденді Е) Ортақ тәуелдеу
9. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз.
А) О-юлы. В) Үміт-сіз. С) 25-кг. D) Кітаб-ымыз. Е) Қазақс-тан
10. Ашық буыннан жасалған сөзді табыңыз.
А) Аз, босат. В) Ұқ, ұт. С) Аға, боса. Д) Бел, болса. Е) Бөл, нан.
11. Үстеуді табыңыз.
А) үш В) қызыл С) қазір Д) мектеп Е) айт
12. – Қалима ма?
- Үйінде...
Сұрау белгісінің қойылу себебі ?
А) Сұраулық шылау В) Интонация С) ша,ше шылауы Д) Комекші етістік Е) Сұрау есімдігі
13. «мен», «бен», «пен» шылауларының мағынасы.
А) Талғаулықты қатынас В) Қарсылықты қатынас С) Ыңғайластық қатынас
Д) Себеп-салдарлық қатынас Е) Шартты қатынас
14. Сөз мәйегі, асылы саф алтыны – не?
А) шешендік сөз В) аңыз С) ертегі Д) жұмбақ Е) мақал-мәтел
15. Етістік қалай жасалған, көрсетіңіз.
Ойнап-күліп
А) Қайталама қос сөз В) Қосарланған есімше С) Қосарланған көсемше
Д) Қайталанған етістік Е) Қосарланған зат есім
16. Сын-қимыл пысықтауышты табыңыз.
А) Қазан маңында жабдықтар жатыр. В) Жұрт әнге сүйсініп құлақ түрді.
С) Балық басынан шіриді. Д) Олар таудағы Торайғыр көліне тартты.
Е) Күні бойы Досан үйден шыққан жоқ.
17. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Жақыпбеек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
В) Бұл түн менің ең соңғы көргени дүнием болғандықтан, қөп нәрселер әлі қөз алдымда тұрады.
С) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.
Д )Өзеннің суы тайыз болғанымен, жағасы тік.
Е) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
18. Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді табыңыз.
А) қалам В) арманың С) балы Д) балама Е) балаңыз
19. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын анықтаңыз.
Кешке қарай кел.
А) Істің мақсаты В) Істің мекені С) Істің мезгілі Д) Қимыл-сын Е) Істің себебі
20. Көбіне сөздің соңғы буынында жазылмайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) ұ,ү,ы В) и,і,о С) э,а,е Д) ә,о,ө Е) ө, у, ә
21. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Қыс та келіп қалды. В) Депутаттар мәжіліске жиналып жатыр.
С) Бізге паспорт алу керек. Д) Марат доп ойнады. Е) Көңілді кеш.
22. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) жиырма, алпыс В) екіден, бестен С) екеуімен, жетеумен
Д) бес-алты, үш-төрт Е) жүз, бес
23. Қай сөзде «көк» бірге жазылатынын көрсетіңіз.
А) көк (бауыр) В) көк (шөп) С) көк(май) Д) көк(гүл) Е) көк (ойыншық)
24.Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
А) Саңқ етті В) Келіп отыр С) Ашық ауыз Д) Жазғы көйлек Е) Айтар сөз
25. Қыстырма сөзді көрсетіңіз.
А) Қазір жоспар құрып алайық, достар. В) Керісінше, ойлағанымыз жүзеге асты.
С) Арғы тегім – ақ бидай. Д) Асан, көмектесіп жіберші.
Е) Күніне жүз толғанып, мың ойланам.
Жауап парағы
I нұсқа
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
В Е С Е С В Е С В А В С В Е Д В В А В Е В Д С В Д
II нұсқа
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
Е В А С В Е А С Е С Д Д Д А Д В Е С В С Е Д Д С А
III нұсқа
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
С Е Д Д Д В С В В Е А Д Е В С С Д В В А Е Е А Е С
IV нұсқа
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
В С В С Д А Д А С В Д Д Д Д В С Д Д Е Е Д Д Е Д В
V нұсқа
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет