1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр. Дыбыстар мен әріптердің бірлескен жиналысы болды. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген дыбыстар «Ән айтайықшы»
Студенттерге берілетін тапсырма: БШЖМ-гі оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша өзбетіндік жұмыс үлгісін жазып көрсетіңіз. 1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр. Дыбыстар мен әріптердің бірлескен жиналысы болды. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген дыбыстар «Ән айтайықшы» деген ұсыныс жасады. «Біз ән айта алмаймыз»,– деп сыбырлады әріптер.
Ізденуді ұйымдастыр. Әріптерді неге айтуға, тыңдауға болмайтынын дәлелде. 2. Сөз құрамы туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр. Саяхаттап жүрген балалар судың жанына келгенде айтысып қалды.
– Бұл – көл! –деді Самат.
– Жоқ, бұл көл емес, көлшік! – деді Мақсұт.
Қалай ойлайсың, балалар «көл» және «көлшік» сөздері үшін неліктен айтысты? 3. Сөйлем түрлері туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр. Бір топ бала «Қонақтар келді» деген сөйлемге таласты да қалды. Марғұлан бұл сөйлемді хабарлы сөйлем десе, Жәмила лепті сөйлем дейді. – Мұны сұраулы сөйлем деуге болады, – дейді Гүлназ.