1. Еңбек гигиенасы мен өндірістік тазалықтың мақсаты



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі22,64 Kb.
#123172
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
03,11срсп е.қ

Санитарлық тексеру әдісі - адамдардың денсаулығына және олардың санитарлық-тұрмыстық жағдайына әсер ететін факторларды зерттеуге мүмкіндік беретін негізгі әдістердің бірі болып табылады. Ол екі түрденсанитарлық бейнелеп жазудан және тереңдетілген санитарлық тексеруден тұрады. Нысанды санитарлық бейнелеп жазу көзбен көріп байқау, төлқұжаттық мәліметтерін және нысанға қатысты басқа да құжаттарды зерттеу мәліметтері бойынша, сондай-ақ нысандағы адамдардан немесе берілген аумақта тұратын халықтан сұрау немесе анкеталық мәліметтері бойынша жүргізіледі. Мысалы, аурулардың емдеу-алдын алу мекемелерінде болуы кезінде жағдайын бағалау үшін, оның орналасуы, ғимаратының қанша қабат екені, жоспарлануы, патологиясы әр түрлі аурулардың дұрыс орналастырылуы, палаталардың өлшемі, терезелерінің бағытталуы, жарығы, микроклимат жағдайының қолайлылығы, аурухананың жер телімінің көгалдандырылуы және басқалар ескеріледі. Бірақ санитарлық бейнелеп жазу нысаның санитарлық жағдайын тек субъективті түрде (сапа жағынан) сипаттауға мүмкіндік береді. Ол зиянды факторлар туралы және олардың әсер ету деңгейлері жөнінде толық ақпарат бермейді. Сондықтан, тереңдетілген санитарлық тексеру жүргізіледі, бұл кезде санитарлық бейнелеп жазудан алынған мәліметтер, адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін факторларды аспаптық-зертханалық зерттеу мәліметтерімен барлық уақытта да толықтырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет