Ι нұсқа
1. Әдебиет сөзі қандай ұғымды білдіреді?
а) кеңес, консультация
в) автор
с) үлгі сөз, асыл сөз
д) көркем шығарманың қаһарманы
е) бейнелеу өнері
2. Фольклор сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а) Халықтың ауызша шығарған шығармасы
в) Өнер алды – қызыл тіл
с) бейнелеу өнері
д) көркем шығарманың қаһарманы
e) ұлы мұраттар арқалаған кейіпкер
3. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды не деп атайды?
a) батырлар жыры
в) эпостық жыр
c) айтыс өлеңдері
д) тұрмыс-салт жырлары
e) ғашықтық жырлар
4. Бос орынға қойылатын сөзді табыңыз.Түйе сүйеді баласын «...» деп, «Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.
a) Боташым
в) Құлыным
c) Бұзауым
д) Лағым
e) Қозым
5. Төрт түлікке қатысты туған өлең-жырлар қалай аталады?
a) Тұрмыс-салт жырлары
в) Жаңылтпаштар
c) Лиро-эпостық жырлар
д) Шешендік сөздер
e) Эпостық жырлар
6.Үзінді қай жырдан алынған?
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмеген момыным» деп.
a) «Малдың баласын сүюі»
в) «Сексек атаға»
c) «Шопан атаға»
д) «Ойсыл қараға»
e) «Жылқышы атаға»
7. Наурыз мерекесінің ардақтап айтылған атын көрсетіңіз.
a) Ақ бата
в) Жақсы тілек
c) Ұлыс
д) Ақ түйенің қарны жарылған күн
e) Еңбекті сүю
8. Әр түрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын өлең-жырлар түрін көрсетіңіз.
a) Бәдік жырлары
в) Тұсаукесер
c) Тойбастар
д) Бата
e) Төрт түліктің кеңесі
9. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере алатын ықшамды нақыл сөзді белгілеңіз.
a) Қанатты сөз
в) Мақал
c) Мәтел
д) Фольклор
e) Жаңылтпаш
10. «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген пікір иесін белгілеңіз.
a) А.Байтұрсынов
в) М. Дулатов
c) М. Әуезов
д) С. Сейфуллин
e) М. Жұмабаев
11. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?
a) «Ер Төстік»
в) «Аяз би»
c) «Алтын сақа»
д) «Толағай»
e) «Сырттандар»
12. «Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
a) Зәрлі хан
в) Ақша хан
c) Мадан
д) Жаман
e) Шалқұйрық
13. Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?
a) Анасы
в) Әкесі
c) Уәли бай
д) Бес ханның елі
e) Нағашысы
14. «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын табыңыз.
a) Тоқсанбай
в) Ерназар
c) Қарабай
д) Байсары
e) Байбөрі
15. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?
a) «Ұшқыш кілем»
в) «Кер құла атты Кендебай»
c) «Алтын сақа»
д) «Аяз би»
e) «Ер Төстік»
16. «Әй, Аяз би, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!» деген сөздің иесі кім?
a) Ақша хан
в) Қазанғап
c) Кендебай
д) Ер Төстік
e) Аяз би
17. «Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
a) Қиял – ғажайып ертегісі
в) Шыншыл ертегілер
c) Хайуанаттар туралы ертегілер
д) Әдеби ертегі
e) Шешендік сөз
18. Кендебайдың әкесінің аты?
a) Қарабай
в) Ерназар
c) Қазанғап
д) Мергенбай
e) Сарыбай
19. «Қырық өтірік» ертегісінің басты кейіпкері кім?
a) Тазша бала
в) Кендебай
c) Төстік
д) Аяз би
e) Қазанғап
20. Белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туған, шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отыратын шығарма.
a) Ертегі
в) Аңыз әңгімелер
c) Мақал-мәтелдер
д) Жұмбақтар
e) Жаңылтпаштар
21. «Жерұйықты» іздеп, елі үшін қайғыға батқан кім?
a) Жиренше
в) Асанқайғы
c) Қорқыт
д) Жошы хан
e) Алдар көсе
22. «Қайран менің өз үйім, кең сарайым – боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден сыртқа шығып жататын кейіпкер
a) Жиренше
в) Асанқайғы
c) Қорқыт
д) Жошы хан
e) Алдар көсе
23. Оқиғаның дамуын және оқиғалардың өзгеріп, ауысып отыруын не дейміз?
a) Сюжет
в) Мысал
c) Композиция
д) Өлең
e) Ертегі
24. Сюжеттің белгілі бір құрылымын не дейміз?
a) Байланыс
в) Мысал
c) Композиция
д) Өлең
e) Ертегі
25. «Жасау» сөзінің мағынасы
a) Ұзын, жуан ине
в) Ұзатылған қызға беретін мүлік, дүниелік
c) Береке, байлық
д) Қымбат бағалы жұқа, жібек мата
e) Қызғылт сары түс
ΙΙ нұсқа
1. Аңыз әңгімелердегі Жиренше шешеннің сүйген жары , әрі ақылшысы кім?
а)Кенжекей
в)Гүлбаршын
с)Бізбикеш
д)Қаракөзайым
е)Қарашаш
2.Жылқы малының пірі кім?
а) Шопан ата
в)Ойсылқара
с)Қамбар ата
д)Шекшек ата
е)Зеңгі баба
3.Кейіпкер дегеніміз не ?
а) Бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыру
в) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі
с) Бір затты екінші затқа теңеу
д) поэзиялық туындылардың иесі
е) өлең үлгісіндегі әдеби туынды
4. Жерұйық іздеген кім?
а) Қорқыт
в) Асан қайғы
с) Төле би
д) Жиренше шешен
е) Кендебай
5. « Ер Төстік » ертегісіндегі тұлпар :
а) Шойынқұлақ
в) Шалқұйрық
с) Тайбурыл
д) Керқұла
е) Байшұбар
6. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
а) Жаңбыр жауса – жер ырысы.
в) Ел үмітін ер ақтар.
с) Айласыз батыр алдырар.
д) Ел – ырыстың кілті.
е) Батыр елдің сәулеті.
7. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.
а) Байбөрі
в) Сарыбай
с) Қарабай
д) Қазанғап
е) Ерназар
8. «Қырық өтірік» атты әңгіменің кейіпкерін көрсет.
а) Аяз би
в) Саққұлақ.
с) Тазша бала
д) Кендебай
е) Ер Тарғын
9. « Әдебиет» қай тілден енген сөз?
а) латын тілі
в) парсы тілі
с) араб тілі
д) орыс тілі
е) өзбек тілі
10. «Ер Төстік » ертегісіндегі жылан патшасы кім?
а) Бекторы
в) Бапы хан
с) Темір хан
д) Шойынқұлақ
е) Желаяқ
11.Жоқтау қай кезде айтылады?
а) қоштасарда
в) туысы өлгенде
с) тойда
д)тұсау кескенде
е)қыз ұзатыларда
12. Бапы хан Төстікті қай елге жұмсады?
а)Барса келмеске
в)Адам баспас жерге
с)Темір хан
д)Жыландыға
е)жердің қиыр шетіне
13. «Аяз би » ертегісіндегі Жаманның жасы нешеде ?
а)40
в)41
с)50
д)60
е)55
14. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Ол кім еді?
а)Абай Құнанбаев
б)Мұқағали Мақатаев
с)Жүсіпбек Аймауытов
д)Шәкәрім Құдайбердіұлы
е)Мұхтар Әуезов
15.А.Құнанбаевтің әжесінің аты кім ?
а)Ұлжан
в)Нұрғаным
с)Зере
д)Әйгерім
е)Тоғжан
16.Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
а)Шойынқұлақ
в)Шалқұйрық
с)Кейқуат
д)Қара қасқа ат
е)Тайбурыл
17. « Менің атым Қожа » әңгімесінің авторы кім?
а)Д.Исабеков
в)І.Жансүгіров
с)Б.Майлин
д)Б.Соқпақбаев
е)Ғ.Мүсірепов
18. Мәншүк Мәметованың шын аты кім?
а)Әлия
в)Мариям
с)Мәмет
д)Марзия
е)Мәнсия
19. «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
а)ескі күн
в) жаңа күн
с)тазару
д)ұлыс
е)ақ
20. С.Мұратбековтің « Жусан иісі » әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?
а)Есікбай
в)Аян
с)Алпамыс
д)Бапай
е)Қажымұрат
21. Итальян жазушысы Джанни Родариді « Шокаладтан салынған жол » шығармасындағы арба неден жасалынған еді?
а)шоколад
в)темір
с)сүт
д)ағаш
е)печенье
22.Естелік дегеніміз не?
а) шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі
в)өмірден көрген-білген, ойда қалған нәрселерді еске түсіріп айту немесе жазу
с)құбылтудың бір түрі
д)оқиғалардың жалғасқан тізбегі
е)драмалық шығармалардың жазылу түрі
23. «Ұлыс оң болсын!» деген бата –тілектің түрін табыңыз.
а) Жол батасы
в) Теріс бата
с) Ас қайыру батасы
д) Рамазан батасы
е) Наурыз батасы
24. Абай туралы төрт томдық роман-эпопеясын жазған ұлы жазушы:
а)Мұхтар Әуезов
в)Мұхтар Шаханов
с)Ілияс Есенберлин
д)Шерхан Мұртаза
е)Сұлтанмахмұт Торайғыров
25. « Ер Төстік » ертегісіндегі Шойынқұлақ кім?
а) Төстіктің аты
в)Төстіктің әкесі
с) Жер асты патшасы
д)Төстіктің досы
е) жалмауыз кемпірдің ұлы
Қазақ тілінен тест жұмысы( 5 класс)
1 - нұсқа
1. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
а) Үлкен, кіші.
в) Аспан, жер.
с) Жуан, жуықта.
д) Бес, біз.
е) Көлемі, аумағы.
2. “Үлкен” сөзінің антонимін табыңыз.
а) Кіші.
в) Зор.
с) Түнгі.
д) Жақсы.
е) Қараңғы.
3. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.
а) Базар.
в) Қора.
с) Қауырсын.
д) Сауысқан.
е) Кілем.
4. Тек қана түбірден тұрған сөзді белгілеңіз.
а) Улану.
в) Ула.
с) Улау.
д) Уланды.
е) У.
5. Елтаңбаның бес бұрышты жұлдызы ненің белгісі екенін көрсетіңіз.
а) Құрмет.
в) Өмір.
с) Байлық.
д) Еркіндік.
е) Бес құрлық.
6. «Мекенжай» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) Знакомство.
в) Адрес.
с) Имя, фамилия.
д) Хобби.
е) Дом.
7. Ауыспалы мағынасында тұрған сөзді көрсетіңіз.
а) Жануардың терісі.
в) Жұмыстың басы.
с) Адамның көзі.
д) Құстың қанаты.
е) Көліктің дөңгелегі.
8. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз.
а) Орындық.
в) Буын.
с) Дыбыс.
д) Арман.
е) Оқушы.
9. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
а) - дар, - дер, - тар, - тер.
в) - мен, - бен, - пен.
с) - дың, - дің, - тың, - нікі.
д) - ны, - ні, - ды, - ді.
е) - ға, - ге, - қа, - ке.
10. Туынды сөзді көрсетіңіз.
а) Қызыл.
в) Аңдар.
с) Ойын.
д) Жұмысшы.
е) дүкен
11. Тәуелді септеуі бар сөйлемді табыңыз.
а) Батаны жасы үлкен адамдар береді.
в) Ол жер үйде тұрады.
с) Киіз үйді қыста да, жазда да қолданады.
д) Туыстарыма қонаққа бардым.
е) Бата – тілек ретінде айтылатын сөз.
12. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз.
а) Жылдам.
в) Күндер.
с) Шешім.
д) Ұлттық.
е) Ойынды.
13. - нші жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
а) Mың.
в) Он сегіз.
с) Екі.
д) Алты.
е) Жиырма алты.
14. Сілтеу eсімдіктерін көрсетіңіз.
а) Бұл, осы, осынау.
в) Кейбіреу, әлдекім.
с) Өзім, өзің, өзі.
д) Бәрі, барлық, күллі.
е) Мен, сен, сіз.
15. Ауыспалы нақ осы шақты табыңыз.
а) Жүр.
в) Жатыр.
с) Отыр.
д) Жазды.
е) Жазады.
16. «Үшін» шылауы қай септікпен келетінін көрсетіңіз.
а) Атау.
в) Барыс.
с) Шығыс.
д) Табыс.
е) Ілік.
17. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.
а) Әлия Молдағұлова Прибалтика майданында қаза тапты ерлікпен.
в) Әлия Молдағұлова майданында Прибалтика қаза тапты ерлікпен.
с) Қаза тапты ерлікпен Әлия Молдағұлова майданында Прибалтика.
д) Ерлікпен қаза тапты Прибалтика майданында Әлия Молдағұлова.
е) Әлия Молдағұлова Прибалтика майданында ерлікпен қаза тапты.
18. Сөз мағынасын қай сала зерттейді?
а)Лексика
в)Фонетика
с)Морфология
д)Синтаксис
е)пунктуация
19. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
A) Елім
B) Еліміздің
C) Елмен
D) Елдік
е)елге
20. Біріккен cөзді табыңыз
а) ата-ана
в) төбе-төбе
с) ақсақал
д) алақай
е) жып-жылтыр
21. «Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.
а) Құрылым.
в) Кешен.
с) Мекеме.
д) Кеден.
е) кәсіп
22. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап
а) Екі бала
в) Тұнық су
с) сегіз жыл
д) тез оқу
е) жала жабу
23. Жалқы есімді табыңыз
а) қала
в) Астана
с) астана
д) жер
е) әке
24. Тыныс белгісі қате қойылған сөйлемді белгіле
а)Ауа райы қандай тамаша?
в)Тыңда,дала,Жамбылды
с)Алақай,жаз келді!
д)Ән-көңілдің ажары
е)Бодан ,қарашы,менің компасым бар!
25.Сөздің тура мағынасын табыңыз.
а) Сүт таңертең ұйып қалды.
в) Оң қолым ұйып қалды.
с) Әңгіме ұйып тыңдалды.
д) Олар сүттей ұйып отыр.
е) Сүттей ұйыған жанұя.
2- нұсқа
1. Ақиқат сөзіне мағынасы жуық сөзді тап:
А) адалдық
В)бірлік
С)шындық
Д)ынтымақ
Е)өтірік
2. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
A) Ниетің.
B) Қисық.
C) Болса.
D) Ағайынға.
E) Өкпелеме.
3. Дауысты дыбыстарды белгілеңіз.
A) Б, Ж, С, Р.
B) Х, А, Ч, Е.
C) Ц, Щ, Ө, У.
D) А, Ә, О, У.
E) Б, В, Г, Ғ.
4.Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз.
A) Қос сөз.
B) Біріккен сөз.
C) Түбірлес сөз.
D) Түбір сөз.
E) Тіркескен сөз.
5. Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
A) Дала, бала.
B) Қала, нан.
C) Сарт-сұрт.
D) Қаңқ, қора.
E) Қақ, тарт.
6. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
A) қа -йшы
B) Баяндау-ыш.
C) Та-рақ.
D) ба-стауыш
E) О-тан.
7. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
A) Биік сезім.
B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.
8. “Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Зерігу, құмар болу.
B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу.
9. Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Ешбір.
B) Қап-қалың.
C) Дағды.
D) Сыңғырлату.
E) Етікші.
10. Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді.
B) Саңырауқұлақ.
C) жолдастары
D) Жақсылық.
E) Орта.
11.Негізгі зат есімді табыңыз.
A) Көмекші.
B) Тарсыл.
C) Білім.
D) Мәдениетті.
E) Қалам.
12. Көп нүктенің орнына қойылатын ұяң дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.
Ба...а, ...аз, ...ерек.
А) Б, з, в.
В) Д, г, з.
С) Д, ғ, в.
D) Ғ, ж, з.
Е) Ж, ғ, д.
13.«Көзді ашып - жұмғанша» дегенді қалай түсінесің?
А) пысық
В) баяу
С )өткір
Д )Лезде
Е) аяқ асты
14. Зат есімді тап
А) сыйлы
В )қонақ
С )Келді
Д )Кеше
Е)Бізге
15. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің авторы:
А)Мұхтар Әуезов
В)Мұхтар Шаханов
С)Сұлтанмахмұт Торайғыров
Д)Шерхан Мұртаза
Е) А.Байтұрсынов
16. Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды?
А)Диалог
В)Монолог
С)Кейіптеу
Д)Әсірелеу
Е)Төлеу сөз
17. Мәтін түрлерін ата:
А) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
В) Әңгімелеу, мәтін, пайымдау
С) Әңгімелеу, негізгі ой, пайымдау
Д) Әңгімелеу, тақырып, пайымдау
Е) абзац, сөз тіркесі, тақырып
18. Біріңғай үш буынды сөз қатарын көрсет.
А) гүл, құс, ағаш
В) оқушы, бүлдірген
С) қарсақ, тиін, түлкі
Д) аю, қарға, бұғы
Е) балдырған, қалам
19 . Сын есім дегеніміз не?
А) Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер;
В) Заттың атын білдіретін сөздер;
С) Заттың санын білдіретін сөздер;
Д) Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Е) сөздің мағыналы бөлігі
20. Бас әріппен жазылған сөзді тап:
А) Тараз
В) Таразы
С) Ақпан
Д)Шілде
Е)Жаз
21. Тақырып дегеніміз:
А) бір бөлімнің аты
В) мағынасы бірдей екі не одан көп сөз
С) мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні
Д) бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем
Е)мәтінде көп кездесетін сөз
22. Сөйлемді белгіле:
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
В) Ұшып кетті.
С) Құстар
Д) Жылы жаққа
23. Не істеді? Қайтті? –қай сөйлем мүшесінің сұрағы?
А) Бастауыш.
В) Баяндауыш.
С) Тұрлаусыз мүше.
Д) Сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.
Е)пысықтауыш
24.Заттың түрін білдіретін сөзді көрсет
А)көкшіл
В)тұзсыз
С)тәтті
Д)сопақша
Е)қара
25.Жарық,биік,өте әсем осы үш сөздің үшеуімен де тіркестіруге болатын сөзді тап
А) тау
В)үй
С)бөлме
Д) кітап
Е)дүние
5 класс
Әдебиеттен тест кілті
|
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
1
|
С
|
Е
|
2
|
А
|
С
|
3
|
Д
|
В
|
4
|
А
|
В
|
5
|
А
|
В
|
6
|
А
|
А
|
7
|
С
|
Д
|
8
|
А
|
С
|
9
|
В
|
С
|
10
|
С
|
В
|
11
|
А
|
В
|
12
|
Д
|
С
|
13
|
д
|
С
|
14
|
в
|
А
|
15
|
е
|
с
|
16
|
е
|
Е
|
17
|
в
|
Д
|
18
|
с
|
Е
|
19
|
а
|
В
|
20
|
в
|
В
|
21
|
в
|
Е
|
22
|
а
|
В
|
23
|
а
|
е
|
24
|
с
|
А
|
25
|
в
|
е
|
5 класс
Қазақ тілінен тест кілті
|
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
1
|
е
|
С
|
2
|
а
|
В
|
3
|
е
|
Д
|
4
|
е
|
Д
|
5
|
е
|
А
|
6
|
в
|
С
|
7
|
в
|
В
|
8
|
в
|
Д
|
9
|
д
|
С
|
10
|
д
|
С
|
11
|
д
|
Е
|
12
|
д
|
Д
|
13
|
с
|
Д
|
14
|
а
|
В
|
15
|
е
|
С
|
16
|
а
|
А
|
17
|
е
|
А
|
18
|
а
|
В
|
19
|
д
|
А
|
20
|
с
|
А
|
21
|
в
|
С
|
22
|
в
|
А
|
23
|
в
|
В
|
24
|
а
|
Д
|
25
|
а
|
В
|
Достарыңызбен бөлісу: |