1. Ежелгі адамдар адамдардың мүсінін a тастан қашаған



бет10/36
Дата08.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#122284
түріПоэма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Vsemirnaya istoria 2007 kz

10 нұсқа



1. Алғашқы адамдардың түсінігі бойынша адамдар аңға немесе аң адамға айнала алатын жан иесі:
A) Сфинкс.
B) Кимера.
C) Кентавр.
D) Минотавр.
E) Құбылғыш бейне.

2. Ежелгі Грециядағы спорттық мектептер аты.
A) Гимнасия.
B) Амфитеатр.
C) Палестра.
D) Академия.
E) Лицей.

3. Еуропалықтар ашқанға дейін Мексиканы мекендеген америкалық тайпа:
A) Майя.
B) Инк.
C) Бушмен.
D) Ацтек.
E) Эскимос.

4. Италияда қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген Рафаэль Санти:
A) Тас қалаушы.
B) Мүсінші.
C) Жазушы.
D) Инженер.
E) Суретші.

5. ТМД-ға мүше емес бұрынғы КСРО республикалары:
A) Молдoва, Беларусь.
B) Грузия, Латвия, Литва, Эстония.
C) РФ, Қазақстан, Украина.
D) Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан.
E) Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан.

6. Перғауындар өзін күзетуге сенімді есептеген:
A) Шонжарларды
B) Жат жерден шаќырылған жалдамалыларды
C) Ќатардағы жауынгерлерді
D) Шаруаларды
E) Ќұлдарды

7. IX ғ. ортасында грек алфавиті негізінде славян әріптерін жасап шығарған ағартушы монах:
A) Кирилл
B) Владимир
C) Николай
D) Алексей
E) Давид

8. “Үндістан інжу-маржаны ” аталған, дүние жүзіне әйгілі сәулет өнерінің туындысы:
A) Кутб -Минар мұнарасы.
B) Аджантадағы храм.
C) Тәж- Махал.
D) Ориссадағы храм.
E) Бомбей храмы.

9. XIV ғасырдың басында Мәскеу князьдығына басты қарсы болған князьдық:
A) Нижний Новгород.
B) Владимир.
C) Тверь.
D) Новгород.
E) Ярославль.

10. Парижден 18 шақырым жердегі король сарайы:
A) Канна.
B) Версаль.
C) Тауэр.
D) Марсель.
E) Лион.

11. Екінші Лион тоқымашыларының көтерілісі болған жыл:
A) 1815 ж.
B) 1790 ж.
C) 1842 ж.
D) 1834 ж.
E) 1820 ж.

12. XIX ғасырдың соңында Үндістанды өз отарына айналдырған империалистік мемлекет:
A) Германия.
B) Франция.
C) Жапония.
D) Ұлыбритания.
E) АҚШ.

13. Англия тарихындағы алғашқы әйел - премьер министр:
A) Т.Блейер.
B) К.Акино.
C) М.Тэтчер.
D) Д.Мейджер.
E) Б.Бхуто.

14. 1955 ж. Бағдат пактісінің мақсаты.
A) Ирактың ұлт-азаттық күресін қолдау.
B) Ирак билігіне қарсылық көрсету.
C) Ирактың ұлт-азаттық күресін тұншықтыру.
D) Иракты әскери одаққа тарту.
E) Иракқа экономикалық көмек көрсету.

15. Гай Юлий Цезарь 10 жыл шамасында соғысты:
A) Альпілік Галлияда.
B) Испанияда.
C) Солтүстік Африкада.
D) Грецияда.
E) Парфияда.

16. Қалалардың мырзаларға қарсы күресінің маңызды нәтижесі:
A) Қала халқы меншікті басыбайлылықтан құтылды.
B) Кедейлерге салықты азайтты.
C) Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыра алмады.
D) Халықтың жағдайы жақсарды .
E) Қолөнершілерге салықты азайтты.

17. Орта ғасырларда Русьтегі ’’Юрий күні’’ нені білдірді?
A) Діни мереке.
B) Жаңа жылды қарсы алу.
C) Шаруалардың Юрий князді еске алу күні.
D) Жер иеленушіден кетіп қалу құқығы.
E) Астық жинау науқанының басталғанын.

18. I Екатерина тұсында Ресейде іс жүзінде билік құрды:
A) Долгорукий.
B) Шувалов.
C) Голицын.
D) Меньшиков.
E) Бирон.

19. Антарктиданы ашқан орыстың дүние жүзін айналған экспедициясының басшысы:
A) Лазарев.
B) Невальской.
C) Крузенштерн.
D) Головин.
E) Беллинсгаузен.

20. Түркияның Республика болып жарияланған жылы.
A) 1925 жыл.
B) 1923 жыл.
C) 1920 жыл.
D) 1927 жыл.
E) 1922 жыл.

21. 1945 жылдың 2 мамырында болды:
A) Берлин қаласы алынды.
B) Потсдам конференциясы өтті.
C) Жапония жеңілді.
D) Германияның жеңілгені туралы акт қабылданды.
E) Кырым конференциясы өтті

22. 1956 ж. қарашада социализмнің кеңестік түріне қарсы көтеріліс болған ел:
A) Албания.
B) Германия.
C) Польша.
D) Болгария.
E) Венгрия.

23. ГДР құрылған жыл:
A) 1948 ж. 20 маусым.
B) 1949 ж. 4 сәуір.
C) 1949 ж. 8 мамыр.
D) 1949 ж. 25 қаңтар.
E) 1949 ж. 7 қазан.

24. XX ғ. басында «Ұлы мылқау» («Великий немой») деп аталған өнер түрі:
A) Театр.
B) Кинематограф.
C) Сәулет өнері.
D) Әдебиет.
E) Бейнелеу өнері.

25. Урартудағы әсемділігімен, құдыреттілігімен көз тартатын құрлыстар:
A) Кірпіштен қаланды.
B) Батпақтан қаланды.
C) Қоладан қаланды.
D) Тастан қаланды.
E) Ағаштан соғылды.

26. ІІІ Вильгельм конституциялық монархия тәртібін бекіткен «Құқықтар жайлы билльді» қабылдаған жыл:
A) 1679.
B) 1699.
C) 1689.
D) 1669.
E) 1709.

27. Герман мемлекеттері бірігіп Герман империясын құрған жыл:
A) 1875.
B) 1871.
C) 1884.
D) 1870.
E) 1879.

28. АЌШ-та 1912 жылғы сайлау нәтижесінде президент болған адам:
A) В.Вильсон.
B) Б.Франклин.
C) Т.Рузвельт.
D) Г.Гувер.
E) У.Тафт.

29. Живописьтегі ’’кубизмнің’’ өкілдері:
A) Гоген, Ларионов.
B) Сезан, Матисс.
C) Мане, Ренуар.
D) Делакруа, Веласкес.
E) Пикассо, Дюшан, Брак.

30. 1975 ж. жалпы еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесін өткізу қай елдің астанасында болды?
A) Финляндия.
B) Франция.
C) АҚШ.
D) КСРО.
E) Англия.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет