1. Екінші абзацта не туралы айтылған?



бет15/205
Дата09.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#131272
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   205
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант
00023952-0070c69c, Doc27, Документ (1), заявление, Аскер Алия бх 1 билет, Документ, Документ (4)
9-НҰСҚА
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Екінші абзацта не туралы айтылған?
A)Қамысты құрақтағы құстар туралы
B)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
C)Көлдегі балықтар туралы
D)Көл атауы туралы
E)Көлдің көлемі туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты
B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
E)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
C)Ертең сабаққа баратынына
D)Туфлиінің жыртылғанына
E)Ауданға баратын адамның болмағанына
4. Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
C)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
D)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
E)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
5.2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Екінші
B)Үшінші
C)Бірінші
D)Барлығы теріс
E)Барлығы дұрыс
6.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
C)Қырсыққан жігіт мал таппас.
D)Өтірік айтқаннан өлген артық.
E)Қалауын тапса қар жанар.
І. Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?
Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін.
ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…
IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
7.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?
A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.
B)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт
C)Елімізде театр санын арттыру керек
D)Театр билетінің құнын өсіру керек
E)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.
8.Автордың мақаласына түрткі болған жағдай
A) Өнер ошақтарының санының аздығы туралы
B)Өнер ордасына балалардың сирек баруы
C)Театр қызметкерін таныту
D)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету
E)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу
9.«Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?
Ата-аналардың...
A)Мәдени орынды сыйламауынан
B)Бағасы бір деп ойлауынан
C)Өресінің таяздығынан
D)Немқұрайлық танытуынан
E)Қаражатының жоқтығынан
10.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Суреттейді
B)Сипаттайды
C)Дәлелдейді
D)Зерттейді
E)Нақтылайды
11 «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?
A)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.
B)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.
C)Кішкентай балаға театр қызық емес.
D)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.
E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.
12.Үшінші азатжолда автордың қандай көңіл күйі берілген
A)Алаңдаушылық
B)Дегбірсізденеді
C)Күмәнданады
D)Немқұрайлық
E)Таңқалушылық
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-ананытаңдапалмайды. Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмастырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ... Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал, мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр. Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ, жатарорны таза. Мектепжасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді? Жазда, жарайды, әрбірқарағашоларғасая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе? Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анадан ендіқайыржоқ, олбелгіліжайт! Үкіметендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен. Мендегіжалызтілек осы!
13.Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Балалардың әке-шешелеріне
B)Қоғамдық ұйым басшыларына
C)Мектеп мұғалімдеріне
D)Әлеуметтік орталық өкілдеріне
E)Үкімет басындағы азаматтарға
14.Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Шынайы тілек
B)Саябақ
C)Жолы болмаған балалар
D)Күнкөріс
E)Тұрақты мекен
Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Шынайы тілек
B)Саябақ
C)Жолы болмаған балалар
D)Күнкөріс
E)Тұрақты мекен
15.Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
B)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
C)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты.
16. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Жек көрушілігі
B)Жиіркеніші
C)Өкініші
D)Сенімділігі
E)Шарасыздығы
17.Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?
A)Саябақтағы оқиға
B)Азық іздеген төртеу
C)Қараусыз қалған балалар
D)Мейірімсіз ана
E)Жас балалар
18. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балаларға жақсы тілек айту
B)Балаларға қол ұшын беру
C)Үкіметке үміт арту
D)Балалардың өміріне алаңдау
E)Балалардың тағдырын шешу
19.Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A)Балалардың кім екендігін анықтау үшін
B)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
C)Балаларға қол ұшын беру үшін
D)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен
E)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан
20.Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?
A)Саябақтың күзетшісі айтады
B)Демалушылардан естиді
C)Өздері қатарлас балалар айтады
D)Қаңғыбас адамдар айтады
E)Жергілікті тұрғындар айтады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет