1. Екінші абзацта не туралы айтылған?



бет175/205
Дата09.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#131272
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант

87-НҰСҚА
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.
Құмырсқалардызерттейтінғылым – мирмекологиядепаталады. Осы мирмекологмамандардыңқұмырсқадайтынбайталаптанып, қайнағантіршіліктізерттеуінәтижесіндебізгеолартуралыкөптегенқызықтыдеректербелгіліболды. Құмырсқажержүзіндееңкөптарағанжәндік. Әлемдегіеңқұрметтімимекологтардыңбірі Эдвард Уилсонныңесебібойынша, бүгінжербетінде 10 квадрилиион, яғнионның 15 дәрежесіндейқұмырсқа бар екен. Жан басынашаққанда, бірадамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпыүлесібарлықадамныңүлесіндей.
1.«Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.
A)Көп, қарақұрым
B)Қаптап кетті, қайнады
C)Қажырлы, еңбекқор
D)Нөпір болды, ығы-жығы
E)Қайнаған, қалың
2.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Құмырсқалар еңбегі
B)Құмырсқалар достығы
C)Жәндіктер туралы
D)Мирмекологтар туралы
E)Құмырсқалар илеуі туралы
1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.
Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.
Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.
3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.
Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.
3.Берілген мәтін қай стильде жазылған?
A)Ғылыми стиль
B)Көркем әдебиет стилі
C)Ресми ісқағаз стилі
D)Публицистикалық стиль
E)Ауызекі сөйлеу стиль
4.Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған?
A)Үшінші
B)Екінші және үшінші
C)Бірінші
D)Екінші
E)Барлығында
5.Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?
A)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.
B)Себебі Қамариден молла хат тасиды.
C)Себебі хат Қамариден моллаға арналған.
D)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.
E)Себебі Қамариден молладан ат мінеді.
6.Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?
A)Ардақты адам
B)Құрметті адам
C)Бауырмал адам
D)Танымал адам
E)Талапшыл адам
.Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!
7.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Үміт шырағы
B)Жұлдыз сыры
C)Ырымшыл халық
D)Дала аспаны
E)Жақсылық нышаны
8. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
A)Тәуекелшілдігін
B)Сабырлылығын
C)Ұстамдылығын
D)Жігерлілігін
E)Мақсатшылдығын
9.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)Әңгімелеу
B)Баяндау
C)Суреттеу
D)Пайымдау
E)Сипаттау
10.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
A)Шынайылыққа
B)Сабырлыққа
C)Болжампаздыққа
D)Сенімділікке
E)Турашылдыққа
11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
A)Дәстүрді құрметтеген
B)Түн жылы болатындықтан
C)Бағыт сілтеуші болғандықтан
D)Жақсылыққа жорығандықтан
E)Түн жарық болатындықтан
12.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
A)Халқына жанашыр болу
B)Халқына сенім арту
C)Халқының қамын ойлау
D)Халқына қамқор болу
E)Халқының жолын ашу
Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.
Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.
– Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.
– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет
13.Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты
B)Жоба қаражат тартуды көздеді
C)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
D)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
E)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады
14.Мәтін не туралы?
A)Саятшылық
B)Аңшылық
C)Құстарды қорғау
D)Сұңқарлар өмірі
E)Ителгілердің өмірі
15Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды қорытындылайды
B)Ойды суреттейді
C)Ойды сипаттайды
D)Ойды баяндайды
E)Ойды дамытады
16.Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз
1.Қаржылық көмек
2.Мемлекеттік қолдау
3.Жоба жетекшісінің көзқарасы
4.Еркіндікке босату
5.Экологиялық жоба
A)5.3.1.2.4.
B)5.4.2.3.1.
C)1.4.5.2.3.
D)2.4.1.3.5.
E)3.1.5.4.2.
17.Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?
A)5
B)3
C)2
D)1
E)4
18.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?
A)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру
B)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру
C)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу
D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу
E)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау
19.Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?
A)Сұңқарға көмектесу үшін
B)Оларды жарыстыру үшін
C)Машығын еске түсіру үшін
D)Көгершінмен салыстыру үшін
E)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
20.Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?
A)Құстардың бостандықта таралуы үшін
B)Құстардың ортаға бейімделуі үшін
C)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін
D)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін
E)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет