2. Экология негізгі бөлімдері. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.
1.Аутэкология - особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Қоршаған орта факторларына :
а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
2. Демэкология- популяциялық экология.
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.