1. Электр зарядтары. Элементар заряд. Электр зарядының сақталу заңы


Кернеулік сызығы. Кернеулік векторының ағыны



бет10/21
Дата22.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#127741
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
1-6,17-18, 25-30
7 класс вопросы задание(1), 7 класс вопросы задание, 1223, 5-лекция, Өзін-өзі тану. 5 сын. 20 саб, анатомия тест, tut ssmu-2011-13, ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных..., Хроническая обструктивная болезнь легких. ХОБЛ (J44) > Справочник заболеваний MedElement > MedElement
5. Кернеулік сызығы. Кернеулік векторының ағыны.

Электр өрісі графиктік түрде әрбір нүктесінде Е кернеулік векторымен сәйкес келетін жанама сызықтары-кернеулік сызықтарымен көрсетіледі.



25, а, б-сурет

 Кернеулік электр өрісінің күштік сипаттамасы болып саналады. Кернеулік сызықтары-тұйықталмаған қисықтар. Ол оң зарядтардан басталып, теріс зарядтарға аяқталады. Өрістің күш сызықтары қиылыспайды (25, а-сурет). Барлық нүктелеріндегі кернеулігінің шамасы мен бағыты бірдей болатын өріс біртекті өріс деп аталады. Біртекті өрістің күш сызықтары бір-бірінен бірдей қашықтықта жататын параллель түзулер (25, б-сурет). Кернеулік сызықтарының жиілігі Е-нің сан мәніне тең болсын. Сонда белгілі бір бетті тесіп өтетін кернеулік сызықтарының жалпы санын сол беттен өтетін кернеулік ағыны немесе өрістің кернеулік ағыны деп атайды. Мысалы, біртекті электр өрісінде S жазық бетті тесіп өтетін кернеулік векторлар ағынын анықтайық (26-сурет). Электр өрісінің күш сызықтары S бетін перпендикуляр бағытта тесіп өтсін, сонда кернеулік сызықтардың S бетке көбейтіндісі-кернеулік векторының ағыны деп аталады, оны Ф әрпімен белгілейді: Егер де S¢ жазық бет өрістің кернеулік сызықтарына белгілі бір бұрышпен орналасса (26-сурет): Ф=EScosa.

 Кернеулік сызықтары

26-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет