9.Оқу жүйесі электронды оқулықтан несімен ерекшеленеді? Әдетте электрондық оқулықтар екі түрге бөлінеді: дискілерде таратылатын немесе жергілікті желілерде орналасатын оқулықтар әр түрлі интерактивті модельдер, бейнеклиптер, әр түрлі үрдістер мен құбылыстарды, сондай-ақ материал мен бақылауды баяндайтын күрделі көп деңгейлі құрылымды көрсететін үш өлшемді кескіндер, бейнефрагменттер, интерактивті үлгілер түріндегі жоғары сапалы аса бай иллюстративтік материалмен ерекшеленеді. Электрондық оқулықтардың бірқатар артықшылықтары бар. Кәдімгі оқулықтармен салыстырғанда, электрондық оқулықтар өзіне үлкен көлемдегі ақпаратты қамтиды. Оқытудың стандартты құралдары, оқулықтар ешқашан өздерінің өзектілігін жоғалтпайды, кітап, оқулық әрқашан адамның қасында болады және оған көмектеседі. Электрондық оқулықтар классикалық оқыту әдістері мен тәсілдеріне өте жақсы қосымша болып табылады.
10.E-learning дегеніміз не? Электрондық оқыту(e-learning) ретінде замануи ақпараттық коммуникациялық технологияларды және есептеуіш техника құралдарын жүйелі түрде және қарқынды қолданумен ерекшеленетін білім беру үрдісі деп түсінеді. Бұл түсінік қашықтықтан, мультимедиялық, компьютерлік, виртуалды, онлайндық, Web-бағдарлы, кибернетикалық білім және т.б. секілді терминдермен бірге бірыңғай синонимдік қатарды құрайды. Есептеуіш техника құралдарының замануи жағдайы мен Интернет желісінің кеңінен таралуы оқытудың: жоғарғы интерактивтілігін, қашықтығын,жаппайлығын, электрондық кітапханаларға қолжетілімдікті, бірыңғай білім беру ортасын құруды және т.б. Электрондық технологияларының көптеген артықшылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Электрондық білім беру жүйесі серверлермен мен клиенттік компьютеррлер арасында бөлінген, күрделі бағдарламалық-техникалық кешенді ұсынады. Білім беру желісінде мәліметтермен алмасу, әдетте Интернет каналдары және жергілікті желі коммуникациялары бойынша жүзеге асырылады.