Тәуекелді талдау
Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтедің көп бөлігі қаржылық талдау үшін ( шығындард элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с. ) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да жаман жаққа да (пайданың төмендеуі) өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.
Жобаны іске асыу процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдықтар түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапазоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.
Қорыта келе: Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі.
Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.
Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізіледі.
Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
• базалық;
• белсендігі неғұрлым төмен;
• бесендігі неғұрлым жоғары (міндетті түрде емес).
Инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым қаржылық феноменді есепке ала отырып, оның (инвестицияның) шамасын жабатын болса, жоба қаржылық критерийлер тұрғысынан қабылданады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
Инвестиция жасау тәуекелдігі туралы түсініктеме беріңіз
Диверсификациялау дегеніміз не?
Тәуекелдікті бағалау дегеніміз не?
Бизнес жоспарлардағы табыс дегенімііз не? Оның қандай түрлері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |