1. Есептің қойылымы



Дата19.12.2021
өлшемі42,5 Kb.
#103503
түріПрограмма
Байланысты:
дәріс 1
ОШ СОр Физика 7кл каз , Ерғали Аяна БЖДк-20-1 ОТТ-1, оскэ жауап

1.1. Компьютерде есептерді даярлау және шығару кезеңдері

1. Есептің қойылымы.

2. Есепті шығарудың ақпараттық моделін жасау.

3. Есепті шығарудың математикалық моделін жасау.

4. Бағдарлама тілін таңдау және бағдарлама жазу.

5. Бақылау мысалында бағдарламаны тестілеу және жөндеу.


Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі.

Алгоритм – атқарушы орындайтын амалдардың тиянақты жоспары. Алгоритм

сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады. Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі бір реттілікпен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды. Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау, алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын беріледі. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар. Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.

4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады. Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қорытынды жасауға болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.

Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі. Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

 алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;

 алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;

 әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;

 атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп атайды;

 алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;

 алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп аталады;

 алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы деп аталады;

 санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;

 алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;

 бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;

 құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;

 алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;

 алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;

 алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді;

Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді.

Есепті компьютерде шығару- біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Есептің қойылуы:

־ есеп туралы ақпараттарды жинау;

־ есептің шартын тұжырымдау;

־ есепті шығарудың ақтық мақсатын анықтау;

־ деректерді сипаттау ( олардың түрін, шамалардың ауқымын, құрлымын т.с.с.)

2. Есепті, моделдерді талдау және зерттеу:

־ есептің бар ұқсастарын талдау;

־ техникалық және программалық құралдарды талдау;

־ математикалық модельді жасақтау;

־ деректер құрлымын жасақтау.

3. Алгоритмді жасақтау:

־ алгоритмді жобалау тәсілдерін таңдау;

־ алгоритмді жазу пішінін ( блок-схема, алгоритмдік тіл т.б. ) таңдау;

־ тестерді және тестілеу тәсілдерін таңдау;

־ алгоритмді жобалау.

4. Программалау:

־ программалау тілін таңдау;

־ деректерді ұйымдастыру тәсілдерін айқындау;

־ алгоритмді таңдалынып алынған программалау тілінде жазу.

5. Тестілеу және жөндеу:

־ синтаксистік жөндеу;

־ семантикалық және логикалық құрлымын жөндеу;

־ тестілік есептеулер және тестілеу нәтижелерін талдау;

־ программаны жетілдіру.

6. Есептің шешілу нәтижесін талдау:

Қажет болатын болса 2-5 кезеңдерді қайтадан орындай отырып математикалық модельді айқындай түсу.

7. Программаны даярлау:

־ нақтылы есепті шығару үшін программаны жетілдіру;



־ есепті шешуге, математикалық модельге, алгоритмге, программаға, тестілер жиынына, программаны пайдалану үшін құжаттар жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет