1. Еуропа ортағасырлық мәдениеті. Христиандық мәдениетке әсері


Сәулет өнеріндегі романдық және готикалық стильдері



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі16,68 Kb.
#87879
1   2   3
Байланысты:
8 тәжірибе

2.Сәулет өнеріндегі романдық және готикалық стильдері.
Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы еуропа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін еуропалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек бақылау мұнаралары толықтырып тұрды. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс – қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу – Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.
Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет