Фарфор ыдыстарына күтім
Тазалау және жуу. Фарфор ыдыстарды сауда залының асханалық ыдыс жуу бөлмесінде тазалайды, жуады. Алдымен ыдысты тағам қалдықтарынан щетка арқылы тазалайды, бір мезгілде түрлері мен көлеміне қарай сұрыптайды. Ыдысты қолмен немесе ыдыс жуу машинасымен жуады.
Ыдысты сүрту және жылтырату. Тарелканы сүлгінің шетінен сол қолға алады, ал оң қолмен орамалдың қалған бөлігін алады. Тарелка жылтырағанша оны сүртеді. Сүртілген тарелкаларды мөлшеріне қарай саусақ іздері қалмайтындай етіп орналастырады. Шынаяқтарды орамалмен шұңғыл ішкі бөлігін сүртеді. Ыдыстарды сүрткен кезде фарфор ыдыстардың кейбірінде жарық, сынығы болса оларды бөлек жинастырады.
Фарфор ыдыстарды сақтау. Ыдыстарды түрлеріне және көлеміне қарай іріктейді. Тарелкаларды 10-15 данадан алып, арнайы электр жылытқыш марлентаға салады немесе арнайы жабық шкафтарға қояды. Ал қалған фарфор ыдыстарды арнайы шкафтарға қосалқы бөлмеге қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |