Дәрілер технологиясының міндеттері. Оларды шешудің негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы медицина және фармацевтика өндірісін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама.
Дәрілік қалыптар мен заттардың сапасын нормалау. Дәрілік заттар және дәрілік қалыптардың өндірісі мен сапасын фармакопея бойынша нормалау. Мемлекеттік фармакопеяның соңғы баспасының ерекшеліктері. Халықаралық фармакопея.
Көмекші заттардың номенклатурасы және классификациясы. Негіз түзуші компоненттер. Дәрілік заттардың тұрақтандырғыштары физика-химиялық жүйелер ретінде. Консерванттар, пролонгаторлар, солюбилизаторлар, корригенттер және т.б. Қысқаша сипаттама, қолданылуы.
Ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар сапасын бағалау. Сақтау.
Медициналық ерітінділер. Ерітінділердің жіктелуі. Ерітінділердің қазіргі заманғы номенклатурасы және оны зауыт жағдайында дайындалатын ерітінділердің кеңейту перспективалары. Химия-фармацевтикалық кәсіпорындарда ерітінділердің әртүрлі әдістермен дайындалуы.
«Міндетті өндіріс тәжірибесі (GMP)» нұсқаулығының негізгі ережелері мен талаптары. Өндірістік (өнеркәсіптік) регламент – негізгі технологиялық құжат ретінде.
Фармацевтикалық өндірісте жүргізілетін жылу процестері. Периодты және үздіксіз әсер ететін жылу алмасу аппараттары. Вакуумды булау. Аппараттар және олардың жұмыс істеу принциптері. Булау кезінде байқалатын жанама құбылыстар және оларды жою әдістері.
Фармацевтикалық өндірістегі әртүрлі материалдарды кептіру. Кептіру процесін анықтайтын факторлар. Кептіру әдістері. Кептіргіштер.
Экстракциялау. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін негізгі технологиялық факторлар. Массаалмасуды қарқындату жолдары. Экстракциялау әдістері.
Экстракттар. Анықтамасы. Консистенциясы және қолданылған экстрагенттер бойынша жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Сұйық экстракттар. Алу әдістері. Тазалау. Стандартизациясы. Сақтау. Сұйық экстракттардың номенклатурасы.
Қою және құрғақ экстракттар. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Қою экстракттар номенклатурасы. Майлы экстракттар. Полиэкстракттар. Экстракттар өндірісінің даму перспективалары.
Максимальды тазартылған фитопрепараттар. Өсімдік материалдарын экстрагирлеу әдістері. Экстрагенттер. Ілеспелі заттардан біріншілік сығындыны тазалау әдістері. Стандартизациясы. Индивидуальды фитопрепараттар. Сығындылау, тазалау және бөліп алу әдістері. Стандартизация. Сақтау жағдайлары.
Жануар тектес шикізаттардан алыатын препараттар. Жануар тектес шикізаттар ерекшеліктері. Органопрепараттар жіктелуі. Препараттарды алу. Стандартизация. Ферменттік препараттар. Жіктелуі. Ферменттік препараттарды алу. Ииммобилизация және стандартизация әдістері. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Анықтамасы.
Таблеткалар. Сипаттамасы. Таблеткалардың түрлері мен номенклатурасы. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың негізгі топтары. Таблеткаларды алудағы технологиялық процесс сатылары. Сақтау жағдайлары. Сапасын бағалау. Номенклатура.
Медициналық капсулалар және микрокапсулалар. Медициналық капсулалардың түрлері. Желатинді капсулалардың өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың ассортименті. Медициналық капсулалардың өндірістік әдістері. Капсуладағы дәрілердің стандартизациясы. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Дәрілік препараттарды микрокапсулалау.
Суспензиялар және эмульсиялардың өнеркәсіптік өндірісі. Аппаратура. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.
Жақпамай және пасталар. Дерматологиялық, ректальды және вагинальды жақпамайлардың технологиясының ерекшеліктері. Аппаратура. Жақпамайлардың тұрақтылығы мен эффективтілігін анықтаудың заманауй әдістері. Жақпамайлар мен пасталардың сақтау жағдайлары.
Өнеркәсіптік өндірістегі суппозиторилер. Негіз сипаттамалары. Суппозиторилер өндірісіне және орамдауға арналған технологиялық қондырғылар. Суппозиторилер өндірісінің өнеркәсіптік әдістері. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Ректальды дәрілік қалыптар өндірісінің даму перспективалары.
Инъекцияға арналған ампуладағы ерітінділер. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар еріткіштері. Ампула және флакон өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың стерилизациясы. Дайын өнімнің сапасын бағалау. Ампуланы этикеткалау. Орамдау. Ампулаларды орамдауға арналған автоматтар.
Өнеркәсіптік өндірістегі көз дәрілік қалыптары технологиясының ерекшеліктері. Көз жақпамайлары. Көз дәрілік пленкалары. Көзге арналған дәрілердің орам түрлері және перспективалары. Бір рет қолдануға арналған орамдар, тюбик-тамшылатқыштар.
Биофармация дәрілер технологиясының теориялық бағыттарының бірі ретінде. Дәрілік заттар әсерінің терапевтикалық адекватсыздығы. Эксперимент нәтижесін статистикалық өңдеу. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігі. Анықтау әдістері. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсер ететін фармацевтикалық факторлар.
Ветеринарлық препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ветеринарлық препараттар өндірісінде қолданылатын бастапқы заттарды дайындаудың ерекшеліктері мен ережелері.
Жас ерекшеліктеріне байланысты дәрілік қалыптардың жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар. Көмекші заттарға қойылатын талаптар. Балаларға және қарт кісілерге арналған дәрілік қалыптар мен дәрілік препараттарды құрастырудағы проблемалар.
Жаңа дәрілік қалыптарды құрастырудағы фармацевтикалық технология жетістіктері. Терапевтикалық жүйелер (ТДЖ, МЖ).