Суппозиториялар-бөлме температурасында қатты, дене температурасында еритін, дозаланған жұмсақ дәрілік қалып.
Пластырь-сыртқа қолдануға арналған, дене температурасында жұмсарған соң теріге жабысатын қабілеті бар дәрілік форма.
Дерматологиялық,мұрынға арналған,көзге арналған,вагинальды,уретральды жақпа майлар.
Жағылмаларды рецептте жазу ережесі: 1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Unguenti6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады Келесі жолда M.f.unguentum-одан кейін D.S.
Мысалы: Rp.: Oxolini0,0125
Vazelini ad 5,0
M.f.unguentum
D.S.Куніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатына жағу
6. Сұйық дәрілік қалыптарды, инъекцияға арналған дәрілік қалыптарды анықтау, жіктеу, рецептте жазып беру ережелері. Сұйық дәрілік формалар – ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады.Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды. Еріткіштер деп әртүрлі заттарды ерітетін зат.
Артық: қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың; қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;
кемшіліктері :Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады; Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға іқолайсыз;
Сұйық дәрілік қалыптардың жіктелуі:қолдану тәсілі бойынша;
дисперсті фазаның ұсақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен байланысы бойынша;
еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша.
Сұйық дәрілік қалыптардың қолдану тәсілі бойынша жіктелуі 1)Тысқы қолданыстағы сұйық дәрілік формаларды шаюға, тартуға, сылауға жазып береді.
2) Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер, микстура
3) Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.
Сұйық дәрілік қалыптардың дисперсті фазаның:Ерітінді (Solutio),Микстуралар(Mixturae)
Суспензия (Suspensio),Эмульсиялар (Emulsum),Инфузиялар мен декоктар (Infusa et Decocta)
,Тұнбалар (Tinctura).Сығындылар (Extractum)