10)Эмпирикалық зерттеу әдістері
Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер)- зерттелетін мәселе
бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды
тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген
деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс
шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу
міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана
емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша
педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да
қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты - нақтылықпен тікелей байланысты
болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:
- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу,
сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы
тәжірибесін талдау және т.б. жатады;
- бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.)
- педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда
зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп
жағдайында тексеру).
11)Ғылыми танымның жалпы әдістері
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Достарыңызбен бөлісу: |