126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
вегетативтік болып екіге бӛлінеді. 7. Соңғы
қорытындысына байланысты – қан-тамырлық, сілекей бөлу, жұту, кірпік қағу, жөтелу.
Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке
орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бӛлімнен тұрады: 1. Қабылдаушы
құрылым – рецептордан.2. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік
жүйкеден.3.Афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан.4.
Қозуды орталықтан эффекторларға апаратын эфференттік жүйеден.5. Жауап беруші
құрылым-эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс
қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біршама жоғалып
кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым
қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы
бөлімі ъфференттік ағзадан О.Ж.Ж-е рефлекстік әсерленіс туралы хабар жеткізетін
байланыс, мысалы, рефлекстік әсерленіс, ететін жиырылу болса, оның жиырылу күші
туралы хабар, яғни керісінше байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше
байланыс рефлекс доғасын бекітіп оны шеңберге айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: