1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет45/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

35. Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған.Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,жазу емлелерімен бірге, делгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады;екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба. Негізгі қызметі тілдің ішкі заңдылықтарын сүйеніп , сөйлемді сөйлемдерге , сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп ажыратып жазу және оларды дұрыс мәнерлеп оқуға сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкінді жасау.
Мағына  сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін. Кез келген сөзде белгілі бір мағына болғанымен, сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдірмейді. Мыс., "Мына сиыр сүтті-ақ екен" деген сөйлемдегі “ақ” шылауында күшейту мағынасы бар да, "Сен ауылға бардың ба?" сөйлеміндегі “ба” деген шылауда сұраулық мағына бар. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ұғымды білдірмейді. Ал Пунктуация болса бір нәрсені жазғанда оқығанда айтқанда ойды басқаға түсіндіру сондай – ақ бөгде біреудің ойын түсіну үшін қолданылатын тыныс берлгілер жиынтығы.

Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады. Мысалы ; Маңдайда тірі жан көрінбейді.
Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.Сұраулы сөйлем – біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлем. Адам баласы бір-біріне, кейде өзіне-өзі сұрақ қояды.Сұрақ-адам дүниетанымының қозғаушы күші.Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Менің бұл ісім сауап емес пе ?
Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер соңында көп нүкте (...) қойылады. Мысалы: Қарашы мына . . . . бүлдіргенін
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі - үтір.Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте ұстау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді. Мысалы: Әрине , ертең саба болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет