1. Географияны оқыту методикасы


Тақырыбы: Географиядан оқу топсеруендері



бет5/13
Дата18.05.2022
өлшемі106,72 Kb.
#143756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1.география
511136
6 Тақырыбы: Географиядан оқу топсеруендері
1. Топсеруен өткізудің маңызы.
2. Топсеруеннің түрлері.
3. Топсеруенді талдау.

Мектепте өтілетін топсеруен - оқу тәрбие жұмысының бір түрі. Топсеруен бағдарлама бойынша жүргізіледі. Мұғалім алдын-ала топсеруеннің тақырыбын, өтілетін орнын, мерзімін анықтап, өзінің жылдық жоспарына енгізеді. Топсеруен оқу тәрбие жұмысының бір түрі болғандықтан, оқушылар іс-әрекеттерді табиғатта жайлы жағдайда, далада, мұражайларда, өзен аңғарында т.б. өткізеді.
Топсеруеннің маңызы:
1. Топсеруен оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді.
2. Оқушылырды іздемпаздыққа талпындырады.
3. Оқушылардың іздемпаздығын арттырады.
4. Өлкесін тануға, табиғатты зерттеуге талпындырады.
5. Оқушылар заттарға дұрыс қарауға, адамның еңбегін бағалауға дағдыланады.
Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, оның дамуы және шаруашылықта пайдалануы туралы білім алып қана қоймай, сонымен қатар, болашақтағы еңбек жолын және политехникалық оқытудың міндеттерін шешу үшін зор маңызы болатын өздігінен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Топсеруенге шығудың бірнеше түрлері бар:
1. Табиғатқа топсеруенге шығу.
2. Мұражайға, ботаникалық баққа, зоологиялық паркке, географиялық кешенге.
3. Табиғи – аймақтық кешендерге.
Тақырып бойынша жұмыс істей отырып, мына ережелерді есте сақтау керек.
1. Нақты физикалық-географиялық кешендерді таныстырып, тәрбиелеу.
2. Табиғи-әкімшілік кешенді оқып үйренуді бірте-бірте - кезеңдер бойынша жүзеге асыру.
3. Топсеруенде бақылау жасау, географиялық қабықта болып жатқан оқушыларға әлі белгісіз, құбылыстар мен процестерді түсіндіру кезінде салыстыру қажет.
4. Табиғатты зерттеудің практикалық маңызы бар, ол балаларды табиғатқа мұқият қарап, оның байлықтарын қорғауға тәрбиелейді.
Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, оның дамуы және шаруашылықта пайдалануы туралы білім алып қана қоймайды, сонымен бірге болашақтағы еңбек жолы және политехникалық оқудың міндеттерін шешу үшін зор маңызы болатын өздігінен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Топсеруеннің әдістемелік жоспарын мынандай үш кезеңге бөліп жасайды:
1. Әзірлік 
2. Оқушылардың қатысуымен әдістемелік жоспар бойынша топсеруен өткізу.
3. Топсеруенге қатысушылардың қорытынды есебін дайындау.
Әр түрлі тақырыптарға және жергілікті жерлерге топсеруен өткізуге арналған әдістемелік талдауларды жасаған кезде табиғи кешендерді зерттегенде географиялық ғылымның логикасымен анықталатын белгілі бір дәйектілікті сақтау қажет.
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.
1. Онда жергілікті жердің геологиялық құрылымына, тау жыныстарының орналасуы мен құрамының сипатына, олардың құрылу жағдайына, жер бедерінің формаларына ықпалына тоқталған жөн.
2. Минералогиялық коллекцияны жинауды және қалай ресми қағаздандыруды көрсету.
3. Жергілікті жерді геологиялық зерттеуден кейін, оқушылар қорытынды жасауы тиіс.
4. Оқушылардың есебіне қандай материалдар керектігін қарастыру.
5. Топсеруен алдында қажетті жабдықтың тізімін әзірлеу.
ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ФОРМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ.
1. Зерттелетін жердің жалпы суреттемесін, нақты мысалдар арқылы жер бедерінің қалыптасуына, осы заманғы факторлардың ықпалын атап өту.
2. Жер бедерінің жиі кездесетін формаларын атап өту және оларды баяндап жазу (биіктігі, төбелері, олардың ұзындығы, бағыты т.б.)
ӨЗЕН АҢҒАРЫН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.
1. Өзен туралы қысқаша мәлімет әзірлеу (ағып шығуы, сағасы, ағыс сипаты), өзен аңғарының пайда болуы туралы айтып беру.
2. Эклиметр мен рулетканың, барометр, анероид, нивелирдің көмегімен өзен аңғарының кесе көлденең профилін салуды үйрету.
3. Өзен аңғарын зерттеп үйрену нәтижесінде қорытынды жазуға үйрену.
ӨЗЕН АҢҒАРЫН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ.
1. Өзендегі өлшеу жұмыстарын жасату (ені тереңдігі, ағыстың беткі жылдамдығы).
ӨСІМДІК ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.
1. Зерттеліп отырған жердің өсімдік дүниесінің сипатын, оның топыраққа, климатқа әсерін зерттеу.
2. Гербарийдің жасалу жолын үйрету.
3. Өсімдіктерді оқыту нәтижесінде оқушылар қандай қорытынды шығарады.
ТОПЫРАҚТЫ ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.
1. Топырақтың түзілуіндегі климаттың, жер бедерінің, өсімдіктердің ықпалы.
2. Топырақ қиындысын жасап, зерттеу. 
3. Жүргізілген жұмыс нәтижесіне қорытынды жазу.
ТОПСЕРУЕНДЕ ЖОЛ-ЖӨНЕКЕЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ.
1. Топсеруеннің басы мен аяғындағы күннің биіктігі.
2. Күн тәулігінің уақытына қарай ауа температурасының өзгеруі.
3. Ылғалдылығына, түсіне, механикалық құрамына қарай топырақ температурасының ылғалдылығын анықтау.
4. Өзендегі, ескі арнадағы жылғадағы, су қоймаларындағы температура өзгерісін өзара ауаның температурасымен салыстыру.
5. Салыстыру кезінде және түрлі табиғат обьектілерінің үстіндегі батпақ, орман т.б. бұлттылық өзгерісін бақылау.
ТОПОГРАФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.
1. Топографиялық жұмыстарды қайталау.
2. Көзбен өлшеп түсіруді үйрету.
3. Есеп беруге материалдар дайындау.
Топсеруенді жүргізу әдістемесі мынандай болады:
Алдымен топсеруенге қатысушылар жота – қырдың үстінен зерттеп үйреніп, белгіленген жерді қарайды, мұғалімнің кіріспе әңгімесінің көмегімен, әрі өзінің байқауларында осы жер және табиғат компоненттерінің өзара шатастығы туралы жалпы ұғым алады. Шағын маршрутта - 1км-ден аспайтын экскурсияға барлық қатысушылар оны бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне дейін жүріп өтеді, жол бойы мұғалім түсінік береді, әр бригаданың жұмыс орнын көрсетеді, әр маршрут бойынша орналасқан нақтылы табиғат обьектілеріне көңіл аударуды ұсынады.
Маршрутпен бара жатқан жолда топсеруенге қатынасушылардың барлығы тау жыныстарының үлгілерін, өсімдіктерді жинайды, ауа, су, топырақ температурасын өлшейді. Суреттеме, фотосуреттер жасайды. Топсеруеннің соңында қорытынды конференция – көрмелер өткізіп, басқа оқушылар қатысуын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет