1. Географияны оқыту методикасы


Тақырыбы: Географиялық сабақ



бет4/13
Дата18.05.2022
өлшемі106,72 Kb.
#143756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1.география

5 Тақырыбы: Географиялық сабақ. 
1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.
3. Сабақтың құрылымы, оқулықпен жұмыс.
4. Оқушының білімін тексеру жолдары.
5. Географиялық дәптерге қойылатын талап.

1. Географиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақта оқушылар мұғалімнің басшылығымен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес теориялық, практикалық білім алады. Өзінің жеке басының жан- жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту мен тәрбие берудің де негізгі принциптері сабақ беру кезінде қалыптасады. Сондықтан сабақтың мазмұны оқушыларға ғылыми тұрғыдан жетік тілімен түсіндіріліп диалектикалық, материалистік көзқарас қалыптасатындай болып құрылуы керек. Жаңа сабақтың материалы бұрын оқылған материалмен тығыз байланыста түсіндіріледі. Сабақ үстінде оқушылар алдымен жеке фактімен танысады, біртіндеп қортынды шығарады.
Сөйтіп логикалық ойлауға дағдыланады. Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасына сәйкес сабақтың білім беру, дамыта оқыту, тәрбие беру жағына ерекше көңіл бөлінеді.
а) Білім беру – оқушыларға географиялық ұғымды қалыптастыру, заңдылықтарды білдіру, теория мен ғылыми жаңалықтарды ұғындырады.
б) Дамыта оқыту – кезінде оқушыларды байқауға, еске сақтауға, ойлауды дамыту, талдай білу, салыстыру, жоспар құру, сабаққа белсенді қатысуды қалыптастырады.
в) Тәрбие беру – оқушыларға тәрбиені жан – жакты беру, адамгершілікке баулу, этика-эстетикалық, еңбек тәрбиесін беру. Оқушыларда жігерлі сезім, эмоциалдықты талғам қалыптастыру. 
Оқу мен тәрбие егіз.
Мұғалім сабақтың түрін әдісін, алдын ала белгілеп жасайтын тәжірибені, сол тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиеттер керектігін күні бұрын жоспарға еңгізеді мұндай жоспарды перспективалық - жылдық (календарлық жоспар 1 жылға жасайды.) деп атайды. Перспективалық жоспарды ыңғайға қарай өзгертуге болады. Кейбір тақырыптарды ыңғайға қарай орнын рет санын ауыстыруға болады.
Перспективалық жоспар мұғалімнің жыл бойына жаңа материалдарды өту ретін қадағалауға мүмкіндік береді. Саяхаттар мен сабақтан тыс оқуды өткізуге көмектеседі.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 1 тарауға, жарты жылға жасалынады.
География сабақтарының құрылысы бірдей болуы мүмкін емес – ол оқытылатын материалдың мақсатына, мазмұнына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Жаңашыл мұғалімдердің сабақ үстіндегі оқу процесінің негізіне алған басты идеясы – бұрын өтілгенді қайталауды , ескі мағлұматтарды білуді және жаңаларды қалыптастыруды біртұтас бір мезгілде өтетін процеске біріктіруден тұрады. Осы идеяны практикада іске асыру аралас сабақтың құрылымын қайта қарауға әкеледі.
Алдыңғы қатардағы мұғалімдердің сабақтарының системасындағы ең маңыздылары мыналардан тұрады:
1. Өткен материалды бекітуге және сүйеніш білімді айқындауға бағытталған машықтандыратын жаттығуларды, өз бетімен істейтін немесе шығармашылық жұмыстарды енгізу жолымен сабақтың бірінші минутынан бастап оқушыларды жұмысқа кірістіру.
2. Ескі және жаңа материалды біріктіріп қосу, сондықтан сабақта жаңа материалды түсіндіру мен ескі материалды қайталаудың аралығында көрсетілген шекара жоқ. Жаңа білімнің қалыптасу кезеңінде жаңа байланыстарды анықтау жолымен оқушылардың бұрынғы білімін мүлде жетілдіре түсіп, мұғалім бұрын өтілген тарауларды қайталайды және толықтырады. Сонымен қатар жаппай өз бетімен істейтін жұмыстарды ұйымдастырғанда жаңа материалдың бекітілуін қамтамасыз етеді.
3. Жаңа материалды оқып білуде оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарының ролін күшейту. Шығармашылық жұмыстармен айналысатын мұғалімдер, оқушылардың өздері оқулықтан, карталардан немесе лабораторияда біліп алатындарын түсіндіруге босқа уақыттарын жібермейді. Сондықтан мұғалім өз бетімен істейтін жұмыстардың әрбір түріне алдын – ала тапсырмалар дайындап қоюы керек. Жұмыстардың осындай системасы оқу процесін перспективалық жоспарлаумен анықталады.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенділігі, сыныптың көпшілік бөлігінің жауапқа араласуы білім мен іскерлікті игерудің сапасы және беріктігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың жұмысын сабақтың соңында мұғалімнің жалпы баллмен бағалауына мүмкіндік береді. Географияның сабақтарында әр түрлі міндеттер шешілуі мүмкін: жаңа курс немесе жаңа тақырып бойынша жұмыстың мазмұны мен және түрімен оқушыларды таныстыру, жаңа білімді меңгеріп алу, жаңа ұғымдарды, картамен жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларын, өткен материалды жүйелі қайталау және талдап қорыту. Әдетте сабақтың негізгі мақсаты тәуелді міндеттермен сай келеді. Негізгі оқу – тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтың сол не басқа құрылысы айқындалады, яғни оның типі анықталады.
Қойылған дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқу сабақтарын өткізудің белгілі жолы сабақ типі болып түсініледі.
Сабақтың типі құрамдас бөліктерінің бір ізділігімен және олардың мөлшерімен, сондай-ақ жұмыс істеудің басым әдістерімен сипатталады. Бір сабақта жаңа материалды түсіндіру, басқа бөлімінде жаттығулар, картаны оқуға машықтану, жеке территориялардың карталары бойынша суреттеме сипаттамаларды құрастыру, үшіншісінде қайталау және т.б. басым болуы мүмкін. 
Мынандай сабақтың типтері ажыратылады:
Кіріспе сабақ (оқу жылының басында немесе бағдарламаның үлкен тарауының басында). Сабақтың мақсаты – оқушыларды пәнге немесе белгілі тақырыпқа қызықтырып әкету, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын тудыру, осы курстың немесе бағдарлама тарауының мазмұнымен, құрылысымен таныстыру. Әдетте мұндай сабақта мұғалімнің атақты саяхатшылардың және зерттеушілердің шығармаларын алып қатыстырған жалынды және бейнелі материалы басым болады.
Сабаққа өз көзімен көрген адамның әңгімелерін қатыстыру мұғалімді табиғатты бағындырушы және қайта жасаушы адамдардың шабытты еңбегінің айқын суретін бейнелеуге жәрдемдеседі. 
5. Аралас (синтетикалық) сабақ барлық құрылым бөліктерін құрайды: білімді қайталау және тексеру, жаңа материалды оқу, алынған білімді бекіту, үйге тапсырма беру. Аралас сабақтар құрамдас бөліктерінің ара- қатынасына және құрылымына қарай айырылуы мүмкін. Мазмұнына байланысты кейде сабақ жаңа білімді хабарлаудан басталады да, қайталау мен тексеру сабақтың соңына қалдырылады; кейде сабақтың соңындағы жалпы қорытындылаудың орнына, мұғалім баяндау барысында материалды жеке бөліктері бойынша қорытындылап және бекітіп отырады. Аралас типті сабақтарда сабақтың алдында тұрған мақсаттарға байланысты оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары мұғалімнің түсіндіруін алдын-алуы, қосарлауы және қорытуы мүмкін.
6. Жаңа білімді оқып білу сабағы. Сабақтың мақсаты – оқушыларға белгісіз, жаңа географиялық ұғымдар, құбылыстар, процесс туралы біртұтас түсінік беру. Мұндай сабақтарда түсіндіру және оны қосарлайтын оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары басым болады.
7. Даладағы және сыныптағы практикалық жұмыс сабақтарында, далада түрлі өлшем жұмыстарын, карталар, статистикалық таблицалар және т.б. бойынша жаттығулар жүргізу оқушыларды іскерлікке, дағдыларға төселу мақсатын көздейді.
Қайталау және кеңейту сабақтары әдетте бағдарламаның ірі тарауларын өткеннен кейін немесе бірнеше тақырыптан соң, сондай – ақ бүкіл курстың аяғында өткізіледі. Сабақтың мақсаты - оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту және тереңдету, оларды талдап қорытуға және жүйеге келтіруге жәрдемдесу. Сонымен бірге қайталау процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау іске асырылып отырылады. Қайталау сабақтарының құрылымында жаңа материалды дербес құрылым элементі ретінде хабарлау жоспарланбаса да, мұғалім дегенмен қайталау барысында оқушыларда жаңа пікірлерді тудыратын жаңа фактілерді қосып отыруы тиіс.
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан талдауын дайындағанда студент сабақта бірнеше сұрақтарға жауап беріп, сабақтың мақсатын айқындауы керек, олар: сабақта мағлұматтарды мұғалімнің хабарлауы, ал оқушылардың ұғып алуы керек. Сабақ қандай тәрбиелік нәтиже беруі керек, оқушылардың өз беттерімен қорытынды жасауына ынталандыратын оқыту процесі қандай болуы тиіс, сабақта қандай іскерлікті сіңіруі керек. Қандай материалды қайталау және бекітуі керек. Сабақта және үйде өз бетімен істейтін қандай жұмыс болуы керек. Дидактикалық мақсаттың айқындығы құрылудың дәлдігін, яғни сабақтың типін, айтарлықтай дәрежеде анықтайды.
Географияны оқыту үлгілері. (формасы)
Ең негізгі формасы сыныпта өткізілетін сабақ. Толықтырылатын формалары – үй тапсырмасы, топсеруен, практикалық сабақ, сабақтан тыс тапсырмалар, оқу дала практикасы жатады.
Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақта түсіндірілетін материал ықшамды, сабақтың әдісін алдын – ала қарастырылады. Сабақта теориямен практика ылғида байланыста берілуі тиіс. Жаңа материалды оқушылардың өткен сабақта алған білімдерімен тығыз байланыста беріледі. Әр сабақта міндетті түрде көрнекілік принципіне қорытынды жасалып, оқушылардың ойлауына көңіл бөлінеді. Сабақ үстінде мұғалім оқушыларды көбірек өздігінен жұмыс орындауға баулу керек.
Мұғалімнің сабаққа әзірленуі.
Әр сабақты өз мәнінде өткізу мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Өйткені әр сабаққа әдісін әзірлеу сабақтың формасын дайындау - жоспар конспекті дайындау. Сабақтың құрылуын жоспарлау мұғалімнің міндеті. Жаңа сабаққа керекті материалды таңдау кезінде жергілікті жердің жағдайына ауыстыруға болады. Бұл жағдайда ғылым әлі ашпаған, дәлелденбеген деректерді пайдалануға болмайды. Қосымша материалдарды мектептен тыс қолдануға болмайды.
Мұғалімдердің сабаққа әзірленуі мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Сабаққа арнап жоспар-конспект жасау.
2. Әр сабақтың мазмұнын толық меңгеру.
3. Алдынғы өтілген материалды күнделікті қайталап, оны жаңа сабақпен байланыстыру.
4. Сабаққа тиісті әдісті таңдай білу.
5. Сабаққа керекті көрнекі құралдарының түрлерін табу.
6. Сыныппен толық қатынас жасау. Оларың белсенділігін арттыру жолдарын іздестіру.
7. Сабақтың тәрбиелік мәнін айқындау.
Мұғалімнің сабаққа әзірленуін неден бастау керек? 
Ол үшін мұғалім қолына бағдарламаны, оқулықты, күнтізбелік алады. Бағдарламадағы нұсқау бойынша оқулық әдістемелік әдебиеттер перспективалық жоспарды пайдалана отырып, түсіндірілетін материалдың көлемін мазмұнын анықтайды.
30-40 күн бұрын берілетін қойылатын тәжирибе бақылаушыларға керекті материалдарға нұсқау береді.
Жоспар конспектіні жазу үлгісі. 
1. Сабақтың тақырыбы, күні сыныбы.
2. Сабақтың мақсаты, міндеті, жоспары.
3. Нені білу керек, терминдер.
4. Тәрбиелік мәні.
5. Пәнаралық пен пәнішілік байланыстар.
6. Сабақтың әдісі.
7. Құрал-жабдықтар.
8. Сабақтың барысы.
9. Жаңа сабақтың мазмұны.
10. Әдебиеттердің тізімі.
Сабақтың жоспар конспектісі әр түрлі болып дамып отырады. География мұғалімінің іс-тәжирибесінде оқу жұмысының ұйымдастырудың жаңа үлгілері пайда болады. Мысалы, жаңа материалды лекция, семинар, оқушылардың өздігінен оқу түрінде қолдану, оқулықтан өздігінен талдау.
Сабақтың құрылымы – жаңа материалды түсіндіруден, өткен материалды пысықтаудан және үйге тапсырма беруден тұрады.
45 минут уақытты минутқа бөлу.
1. 2 минут ұйымдастыруға кетеді.
2. 18 – 23 минут жаңа сабаққа бөлінеді, 5-6 сыныптарға 18 минут, жоғарғы сыныптарға 20-30 минут.
3. Пысықтауға 15 минут жібереміз.
4. Өздігінен жұмыс жасату, қорытындылауға 10 минут.
5. Қоңырауға 2-3 минут қалғанда үйге тапсырма беру керек, қоңырау соғылып болған соң тапсырманы беруге болмайды. Мұғалім жатық, қарапайым, түсінікті тілімен айту керек.
Жаңа сабақтың мазмұны.
1. Нені білу керек ?
2. Терминдер.
Сұрақ-жауап өткен тақырыппен байланыстыра жүргізіледі.
Үй тапсырмасы – бағдарламадағы берілген іскерлікті арттыруға көмектеседі. Жеке звеноға топқа, бүкіл сыныпқа, жеке оқушыға бөлуге болады. Үй тапсырмасы ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Оқулықтан, қосымша әдебиеттен беріледі. Үй тапсырмасы оқулықтың белгілі бір жерінен беріледі, схема толтыру көрнекі-құрал, сарамандық жұмыс жасау т. б.
Оқулықпен жұмыс істеу тәртібі.
Сабақтың тиімділігін арттыруда, оқу материалын біршама жетілдіру үшін оқулықпен істеу іскерлігін дамытудың мәні зор. Оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық ұғымының маңызы фактілермен, заңдылықтармен ашылады. Үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жібереді, өз бетімен танымдылығын арттырады. Оқушылар оқулықтың тарауларын алғы сөздерін негізгі термин көрсеткіштерімен жұмыс істейді. Оқыған материалдан жоспар құрады, берілген сұраққа оқулықтан жауап береді. Мәтінде берілген суреттер мен схемаларды талдайды. Оқулықтың құрылысына байланысты жұмыс істеу іскерлігі 3 топқа бөлінеді.
1. Оқулықтың бағдарлау аппаратымен жұмыс істей білу.
2. Мәтінмен жұмыс істеу.
Бағдарлау – оқулықтың мұқабасы, сырты, алғы сөз, тараулары және қосымша материалдар. Негізгі мазмұнын оқытып, ауызша айтқызады, түйінді жерлерін бөліп жоспар жасап, қорытынды жасайды.
Оқушылардың білімін тексеру.
Білім тексерудің оқушыға да, мұғалімге де қатысы бар. Себебі, оқушының алған бағасы оның білім деңгейін көрсетсе, мұғалімнің жетістіктерінің көрсеткіші, жұмысының сапасын білдіреді. Оқушының білімін тексеру өте күрделі кезең. Мұғалімге күрделілігі – теориялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық жағынан біліміне, оқушыға психологиялық жағынан баға береді.
Білім тексерудің маңызы.
а) Тексеру арқылы оқушылардың жаңа материалды меңгергенін анықтайды.
б) Оқушының іскерлігін арттырады, дүниетанымын дамытады.
в) Өтілген материалдың қандай бөлімі ауыр, қиын тиетінін анықтайды.
г) Оқушының оқуға, өздігінен жұмыс істеуге ұқыптылығын арттырады,
көмектеседі. Мұғалім өзінің берген теориялық білімін оқушы практикада қолдана ала ма, соны анықтайды.
Білім тексерудің жолдары.
1. Ауызша сұрау.
Ол үшін мұғалімнің қойған сұрағы анық, түсінікті, оқушыларды ойландыратындай, басқа құбылыстармен салыстыратындай болсын. Сұрақты өмірмен байланысты қою керек. Кей мектептерде сұрақты оқушыға қойғызады.
Қойылған сұрақтарға барлық оқушыларды қатыстыру керек. Алдымен сұрақ беріледі, сосын сұрайды. Сыныптың ұйымшылдығы артады, оқушылар сыныптың намысын қорғауға тырысады. Кемшілік жағы - баға аз, уақыт көп кетеді.
2. Бақылау жұмысын алу.
Бақылау жұмысына 10-15 мин бөлінеді, сұрақтарды варианттарға бөледі, тест пайдалануға болады. Алдын-ала дайындап алады, баға қоры көбейеді. Оқушылардың ойлау, жүйелеу, есте сақтау, өзіне-өзі сенімділік қабілеті артады. 
Оқушылардың білімін бағалау.
- Алға қойылған мақсат пен оқушылардың жас ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып;
- Материалдың дұрыс, сапалы баяндалуын, ұғымдар мен материалдардың толық аталуын, географиялық терминологияның дәл қолдануын;
- Оқушылардың дұрыс жазуын;
- Материалдың логикалы, дәлелді баяндалуына көңіл бөледі.
“5” деген баға:
Жауап курстың негізгі материалын қамтып, толық, дұрыс берілгенде; ұғымдардың, заңдылықтар мен географиялық өзара байланыстардың мазмұны дұрыс ашылып, олар мысалдармен нақтыланғанда; карталар мен басқа да білім көздері дұрыс пайдаланылғанда; бұрын меңгерген білімін қазіргі аса маңызды географиялық оқиғалар туралы қосымша мәліметтерге сүйеніп, дербес берілгенде қойылады.
“4”деген баға :
Жауап жоғарыдағы атаған талаптарды қанағатандыратын, толық әрі дұрыс болғанда; негізгі географиялық материалды баяндауда немесе қорытындылауда мұғалімнің қосымша сұрақтары арқылы оңай түзетуге болатындығын байқағанда қойылады.
“3”деген баға:
Оқушы материалды негізімен түсінгенімен, ұғымдар мен заңдылықтарды дәл анықтай алмай, теріс жауап бергенде өзара байланыстарды түсіндіруге қиналып, материалды жүйесіз баяндағанда және жауап беру үшін картаны пайдалануда қателіктер жібергенде қойылады.
“2”деген баға:
Ешқандай жауап болмағанда, жауап жүйесіз, түсініксіз баяндалғанда қойылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет