Плацентация типтері. Жатында тұқым бүршіктерінің бекінетін жері плацента деп аталады. Жатын ішіңде плаценталардың орналасуына қарай плацентация типтері ажыратылады.
Қабырғалық плацентацияда тұқым бүршіктері жатынның ішкі қабырғасына бекінеді. Қабырғалық плацентация париетальды және медианды деп бөлінеді. Париетальды тұқым бүршіктері жеміс жапырақшалары тігісінң ұзына бойына бекінеді, ал медианды плацентацияда тұқым бүршіктері жеміс жапырақшасының орталық жүйкесінің ұзына бойына орналасады. Қабырғалық плацентация жабық тұқымдылардың түрлері мен қатарларына тән (крестгүлділер, апиындар, шегіргүлділер, талдар).
Бағаналы плацентацияда тұқым бүршіктері плаценталардың кірігуінен пайда болып, жатынның ортасыңда орналасқан бағанаға бекінеді. Бағаналы плацентация примулаларға және орталық тұқымдыларға тән.
МЕГАСПОРОГЕНОЗ. ҰРЫҚ ҚАЛТАСЫНЫҢ ДАМУЫ (МЕГАГАМЕТОГЕНЕЗ)
Мегаспоралардың пайда болуы мегаспорогенез деп аталады. Мегаспорогенез — тұқым бүршіктерінде жүретін процесс (10-сурет). Тұқым бүршіктерінің жоғарыда қарастырылған құрылысы қалыптасқаннан кейін нуцеллустың субэпидермальды қабатының бір жасушасы көлемін ұлғайтып өсе бастайды. Бұл — археспориальды жасуша немесе мегаспоралардың аналық жасушасы. Диплоидты жасуша мейоз жолымен бөлініп, оның гаплоидты мегаспоралар тетрадасы пайда болады. Осыдан кейін ұрық қалтасы — аналық гаметофиттің қалыптасуы (мегагамметогенез) басталады. Одан ары төрт мегаспораның үшеуі жаншылып ыдырайды. Әдетте осылардың біреуі ғана, яғни тұқым бүршігінің халаза жағындағысы дамуын жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |