1. Грам оң кокктар Стафилакокктар: S. aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар Морфологиялық қасиеті



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата27.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#170290
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Микро преп ДО

Капсулалардың негізгі қызметі
: олар бактерияларды зақымданудан,гидрофильді болғандықтан 
суды жақсы байланыстыра отырып кеуіп кетуден сақтайды.Сонымен қатар осмотикалық барьер мен 
виркленттілік қасиетті де қамтамасыз етеді. 
Микробтардың спорасы 
 
Споралар –
бактерияның тіршілік етуіне қолайсыз жағдай туындаған кезде түзілетін қорғаныш 
қабаты.Споралар жасуша қабырғасының құрылымы грам-оң бактериялар тәрізді.Бактреиялар 
спораның ішінде эндоспора түзіледі.Спораның түзілуі саңырауқұлақтардағыдай көбе формасы 
емес, ол түрдің тек сақталуына ғана қызмет етеді.Бациллалардың спора диаметрі жасуша 
мөлшерінен аспайды.Спора көлемі жасушалардан үлкен болып келетін бактериялардың пішіні 
ұршық тәрізді болады,оларды клостридиялар деп атайды.Споралар қышқылға төзімді болып 
келеді,сондықтан Ожешко немесе Циль-Нильсон бояуымен қызыл түске,ал вегетативті жасуша көк 
түске боялады.Бактериялардың спора түзуі мен пішіні,жасушада орналасуы түрлік қасиет бола 
отырып оларды ажыратуға мүмкіндік береді.Спора пішіні овальды,шар тәрізді болуы мүмкін, 


жасушада орналасуы терминальды,яғни таяқша тәрізді бір шетінде,субтерминальды – таяқша 
шетіне жақын және дәл ортасында болуы мүмкін. 
Спора түзу процесі споруляция деп аталады және ол бірнеше кезеңдерде өтеді. 
Бірінші кезеңде проспора
,содан кейін нағыз спора түзіледі.Кейбір бактерияларда қосымша қабат 
экзоспориум болады.Соның арқасында өткізгіштігі төмен,көп қабатты қабық түзіледі.Қолайлы 
жағдай туындаған кезде споралар ретімен 3 кезеңнен өтіп,өсе бастайды: белсенділену, 
инициациялану және өсіп шығу. Бұл кезде бір спорадан бір бактерия өсіп шығады.Белсенділену 
кезеңінде өсіп шығуға дайындық процесі жүреді.60-80С температурада спора өсіп шығуға 
белсенденеді.Өсіп шығудың инициациясы бірнеше минутқа созылады.Өсіп шығу кезеңі 
қабықшасын бұзып,өсіндінің тез өсіп шығуымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет