5. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
Халықаралық жариялық құқықтың әлі күнге дейін жалпыға танылған, бірыңғай қайнар көздері түрлерінің тізімінің жоқ екендігін айта кету қажет. Бұл тізімінің бір нұсқауы ретінде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38 бабында халықаралық құқық қайнар көздерінің санаттарын көрсетеді. Біріншіден- олар халықаралық шарт, халықаралық әдет ғұрып пен құқықтың ортақ қағидалары. Екіншіден- құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралы ретінде- сот шешімдері мен доктрина келтіріледі.
1. Халықаралық шарт.
Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздерінің бірі болып- халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі реттестіруші тәсілі болып- халықаралық құқық субъектілер еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі, халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді. Халықаралық құқық қайнар көздері ретіндегі халықаралық шарттың нормалары, халықаралық әдет-өұрыптар секілді қалыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға қайда жақын, ал дегенмен де,"халықаралық шарт" түсінігі халықаралық әдет-ғұрып түсінігіне қарағанда әлдеқайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретінде барын дәлелдеудің өзінде қиынға түседі (яғни сәйкес критериялары бойынша). Халықаралық шартпен байланысты мәселелер, қазіргі кезде негізгі үш келісімдермен реттеледі- 1969 жылөы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы жайлы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердің құқыққа иеленушілік жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледі. Олардың ішіндегі ең маңызды бірі болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық шарт деп- мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекітіліп мұндай келісімнің бір құжатта не бірнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелінетін- халықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін. Халықаралық шарттағы жақтар тек халықаралық құқық субъектілері ғана бола алады, сонымен бірге мемлекеттер осыған шектеусіз қатыса алады.
2. Халықаралық әдет-ғұрып.
Жоғарыда ескертіп айтып кеткеніміздей, қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибеде (практикада), халықаралық құқық субъектілерінің арнайы қатынастарын, келісімді жолымен қалыпқа келтірудің тенденциясы байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық құқықтың ең маңызды қайнар кғзі болып табылады. Халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан, тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден- бұл субъектілері мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен заңды түрде міндетті екендігі мойындалады. 3. Құқықтың ортақ қағидалары.
Халықаралық құқық доктринасында, бұл түсініктің айтылуына қатысты қалыптасқан ой-пікір бар. БҰҰ Халықаралық Сотының Статуты контекстісіндегі- Құқықтың ортақ қағидалары деп жалпы құқықтық сипаттағы әлдебір ережелерді түсіну қажет. Әйтсе де олардың шығу тегі әлемдік қауымдастық мүше-мемлекеттерінің ұлттық құқығымен байланысты. Дәл осы арадан реттеуші бастауларының ең негізгілері ретінде танылуы қажет. Сонымен мұндағы айтылар сөз, халықаралық құқықтың ортақ қағидалары жайында емес, құқықтың ортақ қағидалары туралы, яғни ішкімемлекеттік құқықтық жүйелердің болып табылады. Бұл жағдай, халықаралық құқықтың реттестіруші механизмінен бөлек орналасқан. Құқық теориясында мынадай бір ереже бар яғни арнайы нормалар, жалпы сипаттағы нормалары алдында приоритетті күшіне ие. Бідің қарастырып отырған шеңбер төңірегіне қатысты осы ережені қолданудың толық негізділігі бар, оған сәйкес құқықтың ортақ қағидалары соған лайық мұндағы- арнайы норманың халықаралық мәніндегі құқықтың бар болған кезінде қолданбауы қажет. Халықаралық құқықта қолданылуға кіретін құқықтың ортақ қағидаларының қандай мысалдарын келтіруге болады? Басқа субъектіге зиян келтірген жағдайдағы жауапкершілікке тартылу қажеттілігінің қағидасы алдындаа айтылып кеткен ережеміз, арнайы нормалардың ортақ нормалар алдындағы приоритетінің бар екендігі туралы (әуелі қабылданғандардан гөрі, кейінгі нормалар күшінің приоритеттілік тәртібі қабылданған уақытында). Бұл, рим заңгерлерімен қалыптастырылған көптеген қағидаларының бірі: ешкімде, өзге біреуге өзінен артық құқықтарды бере алмайды, дәлелдеудің ауыртпалығы талап-арыз берген жаққа түседі т.б. Халықаралық соттың Статутында қалыптасқан, маманданған белгісі, сол секілді қағидаларды өркениетті немесе мәдениетті ұлттар екендігін мойындау талабы болып табылады. Жалпы танылған пікірі бойынша, сол түсініктің ескіргендігі қазіргі халықаралық өмірдің ақиқатына жауап бермейтіндігі болса керек. Қорытындыға айтып кететін болсам, құқықтың ортақ қағидалары халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде кейбір авторлармен өзара таласқа түседі. Мұндай жағдайда шығатын ой- дұрыс тезисі, яғни бұл қағидалар халықаралық құқықтық нормалар адресаттарының нақты тәртіп ережелерін өзінде ұстамайды. Алайда осы тезистен шығатын салдары, таң қалдырады, соған байланысты құқықтың ортақ қағидалары халықаралық құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Бұл пікірмен келісуге өте қиын. Расында да құқықтың ортақ қағидалары жалпы жоспардың нормаларын өзінде шоғырлайды, алайда бұдан, олардың халықаралық құқықтың қайнар көздері бола алмайтындығын айта аламыз. Біздің ойымызша, құқықтың қайнар көзі нақты көрсетілген субъектілерге қатысты тәртіп ережелерін ұстауы, міндетті түрде қажет емес.
Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері ретінде Халықаралық Соттың Статуты доктриналар мен халықаралық соттардың сот шешімдерін атап көрсетеді.
Халықаралық құқық доктринасы, халықаралық заңгерлердің идеяларымен ұсынылған. Әдебиетте айтылатын пікірлерге сай, мемлекеттер тәжірибесінің түсініктілігінің күшейуіне қарай мемлекеттердің белгілі құжаттарының және халықаралық ұйымдар мен соттар шешімдерінің жариялануы нәтижесінде доктринаның ролі халықаралық құқық нормаларының барын анықтаудың оларды интерпретациялау құралы ретінде төмендей түседі. Біздің пікірімізше, бұл, дәл бұлай емес. Ойлап қарасақ, доктрина халықаралық құқыққолдану тәжірибесінде маңызды орынды бұрыннан бері алып келген де, кейін де де ұстап отырады. Осы жерде кейбір мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйелерімен аналогияға жол беріледі, мысалға ГФР, яғни мұнда дұрыс позитивті заңдардың дамыған жүйесіне қарамастан, сот тәжірибесінің құқықтық нормаларды интерпретациялаудың көмекші құралы ретінде доктрина маңызды тәжірибелі роль атқаруды жалғастырады. Ғалымдардың пікіріне сай, тікелей сот шешімінде сілтемелерге жол берілген. Ғылым мен тәжірибенің мұндай үйлесімі, өте пайдалы болып табылады. Біздің пікірімізше, халықаралық соттар доктриналдық қайнар көздерді көмекші құрал ретінде сол, немесе өзге де құқықтық нормалардың барын және интерпретациясын анықтауда кеңірек қолданғаны қажет. Бұған қоса, "үстем етуші пікір" деген түсінік бар, ол халықаралық құқықтық сферада кеңірек қолданып, көпшілік ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің пікірлерін алға шығаруы қажет. Халықаралық құқықтық тұрғысында ол интернационалынған сипатына ие болып, әртүрлі әлем мемлекеттері өкілдерінен алға шығып отыруы қажет. Жалпы доктрина секілді, халықаралық сот органдарының сот шешімдері де, қазіргі халықаралық құқықтың келешектегі прогрессивті дамуында өте маңызды роль атқарады.
Ұлттық заңдар мен ұлттық соттардың сот шешімдері. Бұлар әрине, халықаралық құқықтың тікелей қайнар көздері бола алмайды. Олардың мәні, тағы да айтуымыздай көмекші сипатында, халықаралық құқықтың сол бір, не өзге де нормаларының барын анықтау тұрғысында (ең алдымен кәдімгі нормалары). Ұлттық заңдар актілері нормаларын, сондай-ақ сот шешімдерін халықаралық құқықтық проблематикаға қатысты есепке алудың көмегімен мемлекеттің позициясын сол бір, не өзге де мәселесі бойынша (немесе нормасы бойынша), анықтау мүмкіндігі туады, мысалға халықаралық әдет-ғұрып санатының субъективті элементіне қатысты (яғни оны мемлекет тарапынан заңды міндетті түрде тану). Мемлекеттердің біржақты актілерінің түрі болып біздің пікірімізше, олардың ұжымдық біржақты актілері болып табылады. Олар халықаралық Конференциялардың қорытынды құжаттарында көрсетіледі, мысалға ОБСЕ қорытынды құжаттары. Осы тақырып бойынша қорытынды жасай отырып, халықаралық жариялық құқықтың аса маңызды қайнар көздері болып, халықаралық шарт пен халықаралық әдет ғұрып табылатындығын тағы бір айта кетуді жөн көрдім. Осы тарауда айтылып кеткен басқа түрлері, екінші қатардағы не көмекші сипатына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |