1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


Іріктеу - минералдарды ортақ химиялық немесе физикалық қасиеттеріне байланысты бөлу.  2)  Шикізатты ұсақтау



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#171546
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

 Іріктеу
минералдарды ортақ химиялық немесе физикалық қасиеттеріне байланысты бөлу. 
2)
 Шикізатты ұсақтау
. Өндірісте кен кесектерінің белгілі өлшемдерін қажет етеді, сондықтан үлкен 
кесектерді ұсатады, не ұсақ бөлшектерді престеп немесе қосу арқылы кесектетеді. 
3) 
Кесектеуді
өте ұсақ немесе шаң тəріздес шикізаттарды кесектеп , престеп жасаса-б
рикеттеу
деп атайды. 
Егер шикізатты брикеттен үлкейтсе, агломерация деп атайды, алынған кесектерді агломерат дейді. 
4) 
Сусыздандыру
- шикізаттан суды жоғалту процесі. 
5) 
Байыту
-пайдалы шикізаттың концентрациясы артады. Шикізатты дайындау- байыту процесінің бөлігі 
болып табылады. 
Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер 
қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) жəне 
зияндыбөгде заттар болады. Көп жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, 
шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі.
Шикізатты байыту
-концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру. Шикізатты байыту оның 
фазалық күйіне байланысты болады. 
Байыту
- пайдалы минералдардың бөлігін бос жыныстан бөлу, қажет болған жағдайда өзара бір-бірінен əр 
минералды бөліп те алады,сол кезде пайдалы шикізаттың (бөлудің əсерінен) концентрациясы артады.Кей 
жағдайда көмір де байытуға түседі,сонда оның каллориясы артады.
Байытуды арнайы байыту фабрикаларында жүргізеді. 
Байыту процесін 3 түрге бөледі: механикалық, физика-химиялық (флотационды) және химиялық. 
Механикалық
əдіс-кеннің əр бөлігінің физикалық қасиеттеріне байланысты: өлшемі, тығыздығы, формасы 
(түрі), түсі, жарқырауы, бет бөлігінің бұдыры, магнитке тартылуы, электрөткізгіштігі, сулануы т.б. 
Физика-химиялық
байыту əдісі шикізаттың жеке құрам бөліктерінің сулануына немесе əр түрлі реагенттер 
мен еріткіштерде еруіне негізделген. Кең көп тараған əдіске флатационды байыту жатады, ол шикізаттың əр 
бөлігінің əр түрлі сулануына негізделген. Алтын, күміс, басқа металдарды сынаппен өңдеп (амальгама), 
калий немесе натрий цианидімен өңдеп (циандау), мысты күкірт қышқылында немесе аммиакта ерітіп, бөліп 
алу т.б. 
Химиялық
əдіс бойынша байыту шикізаттың əр бөлігінің химиялық құрамының өзгеруіне негізделген. Бұл 
əдісте шикізат термиялық өңдеуге (жағу) түседі; «балласт» өнімдер газ немесе шлак ретінде жоғалтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет