4. Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз. Технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық. Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған
машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндірістің жəне технологиялық үдерістің пайдалылығы мен тиімділігін əртүрлі көрсеткіштермен
анықтайды.
Технологиялық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды. Оларға:
Өндірістің өнімділігі (қуаты) – бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері: Ө=B/t
Мұндағы, Ө – өнімділік, В – өнім массасы, кг,т, W – уақыт, сағ. Өнімділік, кг/сағ; т/тəулік, м3 /тəулік
өлшенеді
Өндіріс қуаты - аппараттың оптималды жағдайдағы ең жоғарғы өнімділігі: W=Өmax
Интенсивтілік - бірлік уақыттағы аппарат өнімділігінің аппарат көлеміне немесе өнім өндіретін ауданына
қатынасы. U=Ө/Vr Vr- аппарат (реактор) көлемі. Интенсивтілік бірлік уақытта аппаратың бірлік көлемінен
немесе қимасынан алынған өнімнің мөлшерімен өлшенеді. Өлшем бірліктері - (кг/(м² тəулік); кг/(м³ сағ.);
кг/(м³ тəулік) ).
Жұмсалу коэффициенті - белгілі мөлшерде өндірілген өнімге жұмсалған шикізаттың, судың, энергияның
жəне əртүрлі реагенттердің мөлшері. B(m)=Q/B Q-жұмсалған шикізат, су жəне т.б мөлшері, В-өнім массасы.
Шығын коэффициентін тонна тоннаға (т
.
т
-1
) куб
метр тоннамен (м
3.
т
-1
),
киловатт сағат тоннамен (квт
.
сағ
.
т
-1
) өрнектейді.
Айналу дәрежесі - бұл реакцияға түскен реагент мөлшерінің, алғашқы реагент мөлшеріне қатынасы.
Өнім шығымы - мақсатты өнім мөлшерінің, оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті
мөлшеріне қатынасы немесе шын өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы.