1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді



бет2/4
Дата29.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#12515
1   2   3   4

1.2. Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі танымдық қызығушылықтың ролі

Қазіргі оқудың, сабақтардың нэтижелігін көптеген факторлармен анықталады. Олардың ішінде жоспарлау маңызды орын алады . Ол студенттердің танымдық іс- эректтерін басқарудың негізінде жатыр оқытудың оқытушы қойған мақсаты жетудегі жетекші рөлді атқарады.



Жоспарлауды жетілдіру- колледждегі барлық пәні оқытушыларының алдына қойылатын маңызды мақсаты.

Педагогикалық ғылымды ,, тәжірибеден жоспарлаудың екі түрі белгілі:кезекті және алдын- ала жоспарлаудың мақсаты -оқытушы мен студенттердің жұмысының жүйесін, оның мақсаты бығытын анықтау жэне студенттерге бағдарлама материалдың оқыту үрдісінде маңызды оқу-тәрбие мақсаттарын шешу үшін оқу уақытын үнемді пайдалануды қамтамасыз етеді. Алдын ала жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырып немесе бөлімін оқыту жүйесінде оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерін тараудың тиімді жолдарын анықтау үшін жасалады.

Кезек жоспарлауда оқу —тәрбие жүмысын ұйымдастыру және нақты мазмұнын ,әдістерін анықтау іске асырылады.Алдын ала тақырыптық жоспарлаудың негізінде оқу үрдісінің әдістемелік және материалдық -техникалық дайындығы жасалады, теориялық оқыту бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша жоспары қүрылады.

Оқытушы сабаққа дайындалғанда оқу материалының мазмұнын , құрылымын жэне уақытын бөлінуін нақты біледі. Студенттер көптеген жағдайда жаңа материалдармен түсіндіру үрдісінде танысады . Оқу пәндерін оқығанда жоғары нәтижеге жету мақсатында болашақ орта буын мамандары толық оқылатын курстың болашағын , сонымен бірге пәннің жалпы құрылымының қүрамды бөліктерінің орнын алдын ала білуі өте маңызды. Мамандарды дайындағанда ол оқу -жоспарлау құжаттары жүйесінде , әдістемелік, оқу —көрнекілік қүралдары кешендерінің көмегімен іске асады .Біртұтас бөліктердің байланысы ретінде олар арнайы пәннің жалпы құрылымын бейнелейді.

Бір семестірде құрған белгілі бір реттілікте оқылатын тақырыптар мынадай: пән бағдарламасымен анықталған белгілі бір реттілікте оқытылатын тақырыптар тізімі сағаттар саны әрбір тақырыпты оқығандағы студенттердің іс-әрекеті , сол арқылы есеп беру формасы. Жоспар оқу іс-әрекетінің мынадай түрлерін қарастырады дәріс ,әңгіме, коференциялдық,танымжордық, зерттханалық жұмыс, бақылау жұмыстары және т.б . Студенттердің есеп беру формасы : мүхтасар жазу, кинематикалық сызба , сызу , эскиз , танымжорық бойынша есеп,басқа да қүжаттар Бүндай жоспарды құру үшін оқытушы оқу жоспарын ,пән бойынша бағдарламаны басшылыққа ала отырып , сонымен бірге ғылымда ,техникада және техналогияда болған өзгерістерді ескеріп , жоспардың соңында семестр бойына оқылатын пәннің сағат саны жэне осы уақытта өткізілетін бақылау жұмыстарының түрі көрсетіледі есеп, бақылау,жұмысы, емтихан.

Бірінші сабақта пән туралы жалпы мағлұмат беріледі, әрмен қарай ол бейнеге-пән моделіне айналады, яғни белгілі бір шамада қарастырылған жоспар болып табылады. Студент ниеті болса,оны мұхтасарға жазады,ол жалпы көз көру үшін оны әдемі көркемделген плакат ретінде кабинетке іліп қояды. Сонымен семестрге арналған жоспар арнайы пәнге арналған оқудың өзіндік моделін көрсетеді. Курстың кейбір сәттерін сабақтың алдын ала тақырыптық жоспарында береді

Алдын ала тақырыптық жоспар құрылымы бойынша қарастырылған семестірлік жоспарға жақын келеді жэне бағдарламаның әрбір тақырыбының түйінді сәттерінің нақты тізімін көрсетеді. Бұл жерде бағыты мен әрбір тақырыбының түйінді сәттерінің нақты тізімін көрсетеді.Бұл жерде бағыты және әрбір тақырыптың бөлек элементтері арасындағы байланыс ерекше маңызды.Бүл жоспар курс туралы мағлүматты нақтылап қана қоймайды, сонымен бірге алған білімін осы саланың жэне басқа да жалпы техникалық ,инженерлік пәндердің тәжірибесімен байланысты. Сондықтан тақырыптың түйінді сәттерінің орналасуы ,олардың өзара байланысы тек мазмұнмен және оқу материалының қисынымен ғана анықталып қоймайда,өндірістік үрдістерінің техналогиялық операциялардың техналогиялық реттілігімен де анықталады. Бұл жоспарлар тезикемге келеді, тақырып мазмүнын бағдарлама материалымен сәйкестендіреді, яғни өндірістің оқылатын сала бойынша дамуының алдын ала жоспары болып табылады. Ол үшін әрбір тақырып бойынша студенттерге әдебиеттің тізімдері беріледі және онымен жасалатын жұмыстың түрі анықталады: мұхтасар , тезистер жазу, кинематикалық сызбалар құру ,жалпы сызба үшін элементтер таңдау, қисынды құрылым құру жэне т.б.

Педагогикалық үрдіс тәжірибесіне оқытудың пайдаланып жүрген белсенділік әдістерінің негізінде жасалған оқу сабақтарының жүйелі, алдын ала күнтізбелік жоспары оқыту мәселесін кешенді түрде шешуге,студенттерге , олардың санасына, еркіне, сезіміне әсер етуші барлық саланы жүйелі жэне жоспарлы түрде реттеп отыратынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Студенттерді оқыту-олардың танымдық іс-эрекетін дамытуға қазіргі маманға тән , жоғары кәсіптік қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылдыратын жан -жақты үрдіс . Ол үқыпты ойластырылған және ғылыми негізделген бағдарлама болғанда ғана бүкіл оқыту үрдісіне кешенді қарау ұқстаздардың көңілін оқу-тәрбие үрдісінің бастапқы, шешімді бағыттарында ғана мүмкін болады . жоғаыда айтылғандардың бәрінің маңызды шарты алдын ала тақырыптық жоспарлау болып табылады.

Оқу сабақтарының алдын ала тақырыптық жоспары -белгілі бір тақырып бойынша ұйымдастырылған сызық. Бұл жоспар сабақ жүйесінің түрлі бөліктерін ойластырып ескертуге , яғни белгілі оқу үрдісінің қисынын дұрыс есптеуге мүмкіндік жасайды. Жоспарлаудың бүл түрі оқытудың мазмүны мен әдістерінің , тақырып материалы менциклдық басқа пәндердің материалының қисынды байланысын сақтауға мүмкіндік жасайды .

Көптеген оқытушыларды тарататын , үлкен және көп еңбекті қажет ететін жұмыс өзін ақтайтын тәжірибе көрсетті. Ол оқытушыларға оқу үрдісіне терең бойлап, түсінуді ғана емес , сонымен бірге оқу тәрбие үрдісінің келеңсіз жақтарын да анықтауға мүмкіндік береді . Мысалы, меңгеру деңгейін көтермейтін оқу материалының қайталануы , кезекті пэндерді меңгеру үшін ешқандай мәні жоқ тақырыптар ,болашақ мамандыққа қажеті жоқ , кәсіптің іс-әрекеті мазмұнымен байланысы жоқ оқытулар .Колледждегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы -сабақ. Әрбір сабақ өзінде белгілі бір оқу мақсаты орындалатын, оның аяқталған бөлігі болып саналады. Әрбір сабақтың мазмүны оның орнына ,ғсабақ жүйесіндегі тақырыбына , оқытушының студенттердің алдына қойған нақты мақсатына байланысты болады.



Сабақты алдын ала жоспарлаудың негізгі оқу материалын алдын ала талдау және бағдарламалау әрбір тақырыбын жеке сабаққа , оқу жұмысы формасын ұйымдастыруға ,сонымен бірге эрбір сабақтың әдістемелік талдамасы бар оқу үрдісінің бөліктерінін ойластыруда болады.

Әрбір жеке сабақ теориялық оқыту сабақтары жүйесінің буыны болып табылады. Алдын ала тақырыптық жоспар — оқу жоспары мен теориялық оқытудың жеке сабақтарының жоспарының арасындағы, оқу —жоспарлау құжаттары жүйесіндегі элемент. Ол оқытушының сабаққа дайындыға нәтижелі жұмысының маңызды шарты, яғни материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралардың талдамаларын және оқытушының өзінің әдістемелік дайындығын ,кезекті сабаққа студенттердің дайындығын бақылауды көрсетеді.

Алдын- ала тақырыптық жоспардың құрылымы мен мазмұны студенттер оқитын пәннен ,оқу материалының мазмұны мен көлемінен,жоспарланатын тақырыптан ,оқыту шартынан жэне т.б. жағдайлардан тікелей тәуелді.



1.3. Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі былғары өңдеу технологиясының «тері бұйымдарын модельдеу» тарауын оқытудың эдістері мен формулалары.

Халық түрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұсату көптен бері келе жптқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты түрлі -түрлі ұғымдар туды. Мысалы ,ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері

немесе шылғи қайыс , ал тері иленіп үқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды.

Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі -оның жүнін сылып тастап пайдалану ,екінші-тері жүнін сылып тастап пайдалану . Жүнді терілерден тулақ ,тайтері ,бөстек,тұлып, қауға, шанаш,мес, дорба ,шарқай, т.б жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк ,өкше сірі ,көн ,дабыл жасалады. Құрымға салынып,ысқа ұсталып ,құмға қатырылған саба, торсық көнек ,шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр ,таспа қайыс ,қапшық, құлын ,жарғақ бота ішік ,шідер ,жүген ,айыл тартпа ,тамақбау , құлақбау сияқты көлемді заттар да жасалады.

Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған .Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар . Мысалы,сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі,өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да,әр терінің өн бойы -жондық,қабырғалық, үйек бас тері,пұшпақ ,мойын болып бірнеше түрге бөлінеді.Жылқы терісін -бие терісі ,жабағы және құлын терісі деп үшке бөлінеді. Түйе терілерін атан терісі,бота терісідеп екіге ғана бөлінеді. Атан терісі ,өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Өрім ісіне ең жатымды қайыс- үйектер мен бауырлықтар. Ертерек кездеірі қараны үйектеп сойған, яғни малдың бір қарыс бауыр терісін бөлек тіліп алады . Ал бүтін терілерді түтас біріске арнағанда оның бас терісі мен пүшпақ терісін бөлек сойған жэне бас тері, пұшпақ үйек қол ісіне көбірек жұмсалатын . Терілердің мүндай бөліктерін малды сойып жатқанда бөлектеп алады. Біз осы терілерді қүрымға салып , ыстап үхтау мен иленген қайыстарды ұқсатуға толығырақ тоқталайық .Өйткені қол өнерде өрнектеліп жасалатын заттарға көбінесе терінің осы соңғы екі түрі қолданады.

Теріні ысқа әзірлегенде сиыр ,жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да ,жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2-3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ащы құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып ,

шымырланады және қарақошқылөңге өнеді . Содан кейін оны сорғытып ,аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға ,көнекке ,иықты , емізікті ,торсықтарға , кеукеріндерге қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді .Ертерек кезде жақсы торсықтарды сыздық салып тарамыспен тіккен .

Тігіліп дайын болған торсықты өзен судың жағасына апарып ішіне ыстық құм толтырып ,құмды келтекпен түйгілеп әбдент нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4-*5 күн түрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап ,ыдыстың іші-тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ұстауға әзір түрады.

Ыс салу жұмысы тобылғы бүршіктенісімен жүзеге асырыды . Мал шаруашылығы басым көшпелі елде ыс салуға ерекше маңызы беріліп, оның өзі үлкен науқанға айналған . Ыс салушы адам теріні күдіріп немесе өте қуратып алмайтын ,ыстық біркелкі сінуін ыс орнының мойны менен күркесін жасауды жақсы білетін маман болады. Әйтпесе жүздеген мал терілірі ысырып етілуі мүмкін .Бұдан біз ыс салушылық кәдімгідей мамандық саналғанын көреміз

Ыстың орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан ,не қүдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды .Бү_л үшін 40-45 см ,тереңдігі 35-40см, ұзындығы 10-15см, жыра қазылады . Мұның жар жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да ,дала жақтағы аузын плитаның үстінгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның ен бойының екі жақ қабырғасына Сол кезекпе -кезек кірпіш қалытқы қалап бүрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалтқықаларда бөгеледі де , шұңқыр аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі . Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйсіріп , іргесін жая күрке жасайды. Оның

сыртын терімен , ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.

Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде қысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т.б. шөптерді қоса жағады. Ысты әдетте бір ауылдың ақсақалы , беделді адамы салады . Өйткені ыс дүрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін.

Қой-ешкі терілері. Қой терілерін жабағы тері , қырықпа тері, күздік тері , соғым терісі,тақыр тері,тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқы тері деп он түрге бөлінеді.

Жабағы тері - қой -ешкінің сәуір, мамыр айларындағы жабағы жүні қопсымаған қалың түбітті терісі. Бұдан өте жылы , күпі, тон, бөстек жасайды, жидітіп жүнін алады.

Қырықпа тері - Жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың сұйық жүнді терісі. Бү_дан тон, шалбар сияқты жеңіл- желпі киім тігіледі.

Күздік тері - қазан ,қараша айларында сойылған малдың өңі қалың теріледі. Бүл тон, тшалбар, ішік,бөрік жасауға қолайлы.

Соғым терісі — жүндес, қыртысы қалың мықты теріллер, Ол киім түрлерінің бәріне жарай береді.



Тақыр тері - жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидітіп алған терілер . Бүдан жарғақшалбар , тыстық, көмкерулер, қап, түлып, дорба, дабыл сияқты заттар жасалады.

Сеңсең — үш ай мен бес ай аралығындағы қозының қырқылмаған терісі. Бұдан көбінесе ішік, тымақ, бөрік, бөстек, көрпе жасайды.

Елтірі - туғанына 2-3 ай болған қозы терілері. Жүні бұйра қаракөл сияқты өте эдемі. Бұдан ішік, тымақ, бөрік, бөстек, ноғай бөрік, деңсе, жеңұш, жаға тігіледі.

Мари - туа салып немесе бір, екі сөткеде өлген қозы, лақ терілері. Бөрік, тақия, жүрын көкрекше жасауға, эдіптеуге, киім тысын көмкеруге қолайлы. Маридің жүні аласа, жылтыр, кейде таңдайлана өрнектеліп келеді.

Жылбысқа - іште жатып өлген немесе туысымен өлген қозының өте жүқа терісі. Оның жүні жоққа тэн. Тыстықа, астарға, әдіпке, өрнек бетіне сауға жарайды.

Тоқтышақ терісі - сенсеңі қырқылғаннан йейін біркелкі майдай жүн өскен, 4-5 айдай асқан қозы терісі. "Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық" деген мақал да бар. Ол киімнің барлық түріне жарамады, жеңіл де жылы, жүмсақ тері. Одан тысты тон (қаптама) жасайды.

Ешкі терілерін - жүндес тері, тақтыр тері, түбіті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан киім тігеді, бөстек, тулақ, торсақ, саба, қапшық жасайды.

Мал терісін илеу.

Мал терілерін илеудің 2 түрлі әдісі бар. Оның бірі үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мүны малма дейді. Екіншісі - и жағып илеу. Ал иді қатықтан,айраннан ,не езген күрттан не құрттың сары суынан ,кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға түз қосып та жасайды.



Теріні малмамен илерде оны жібітіп шелдейді де, бір рет суық суға жуып тазартады Одан кейін күбідегі иге салып , күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды.) Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпағанжері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды.Қой, ешкі терілеріииде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы көшіп түрады. Иден шыққан теріні көленкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні ұйысып, білтелееніп қалады. Оны ажырату үщін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды.Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы.

Иленіп, кептірілген теріні еттейді. Жұмыстың бүл процесін тері қыру дейді. Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязды шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған яе үн, не үнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы ортақтан немесе жүзді темірден жасалады.

Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін и жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бүлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жүқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1-2-ақ күн түрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны "сабаулау " деп атайды. Мысалы жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып , құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып , кергілеп толғайды. Бұл тасымен ұқсатылған түлкі терісі 7-8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

Тері бояу. Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар . Біріншісі, теріге өң беру, ал екіншісі , терінің неғұрлым су өтпестеу етіп ширықтыру. Тері сатушылардың арасында ең көп тараған жэне теріні ұқсатудың тиімді тәсілі -қабыққа салып бояу. Бұған талдың, теректің ,еменнің қабықтары қолайлы. Сондай-ақ жер қынасын , томар бояуды шөп түбірін , шеңгелдің, көк тікеннің бүрлерін де кеңінен пайдаланады.Семіз терілердің майын сорғыту үшін оған ащы аралас былжыр салып кептіріп, артынан уқалап түсіріп тастайды.Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып бүктеп тастаса да жеткілікті.

Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың ,еменнің, қара мойылдың, кейде май қарғайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні эзірлейді. Тік түрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды.Жиналған қабықты жылы сумен жуып , кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол дирменімен тартады. Он бір, он екі қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4-4,5 килограмм қабықты бір жарым -екі шелек суға салып, тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен су алдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне жэне қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар қүрғақ бара жатса, үстеп су қүяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сүйылса , қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып , қажетті түсі мен қоюлығы кеткен соң от жағуды тоқтатып ,қабықтың үнтағын сүзіп алып тастайды.Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою - сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасын мен теріге жағады.Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір -екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобырси бастаған соң - ақ қолмен уқалап созғылайды.

Теріні бояудың келесі түрі - түмар бояу. Ашылауытқа шығатын құрай тектес жапырақтың өсімдік дэнге толған кезде басы ақ үрпіктенеді. Жапырақтар сарғайып, қурайдың түбі қызғылт тартады. Шамамен алғанда бү_л шілденің аяқ кезі.Осындай кезде қурайдың түбірін қызып алады да , оны әбден жуып, жақсылап кептіреді. Кепкен түбірді үнтақтап , қайнатып, жоғарыда айтылған тэсілдер бойынша тері бояуға пайдаланады. Мұны томар бояу дейді . Томар бояуға түз қоспайды. Бояу сүйық кезінде ашық сары, қоюланғанда күрең сары тартады. Томар бояумен жүнді де , жіпті де бояйды. Сондай-ақ теріні қынамен де бояйды. Қына жазықтарда, адырларда,шөптің арасында жерге жабыса өсетін өсімдік. Бұл әсіресе соны өрістерде көп. Оны дайындау үшін күзгі уақыт қолайлы .Қынаны үйге экелген соң оны шөп -шалаңнан, топырақтан арылтып, су мен бір жауып тастап қайнатса жеткілікті.Қынаны басытқысына тұз, ашц дас немесе мүсэтір қосып , аздап май қүяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастырын өнеркәсіптен

шыққан бояумен араластырып , қына бояуын күрең қызыл етіп түсін ашады. Қына бояуы үшін жүн жіптерге жақсы қонады. Осы эдіспен боялған теріден әсем киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе малдың терілерінен көп киім тігіледі. Бүларды өң киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады.

Мал терілерін илеп , боып, өң беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеу қанып,бояуы сінвен былғары су тартып езілмейді . одан жасалған мүлік шегені берік үстайды., тігісіде ыдырамайды, және өзі тұтынуға төзімді. Былғарының бірнеше түрі бар . олар көксауар , опайке, былғары, құрым, көзелек шегірен .

Көксауыр жылқы терісіменсерке терілерінің сауырынан жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызылмен, сары жасыл түстермен боялып ең беті жылтырап тұрады.

Ағаш пен теріден жасалатын бұйымдар , қолайлы, жеңіл, жыртылып не сынбайтын болады жан - жақты көзделіп ескерілгенін байқауға болады. Оларды қол өнершілер адам тіршілігінің саласына икемдеп , компазициялық құрылғысымен көркемдеу тәсілін өзінің ерекшеліктерімен түрлі формада істейді.



ІІ-ТАРАУ ЕҢБЕК САБЫҒЫНДА БЫЛҒАРЫНЫ ӨНДЕУДЕ ҮЙРЕТУДЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҒЫН ҚОЛДАНУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Үйірме жұмыстарында саба түрлері және жасалу жолдарын оқушыларға үйрету.

Сабацтың тацырыбы: Саба түрлері және жасалу жолы.

Сабақтың білімділік мацсаты: Оқушыларға торсықтың түрлері, олардың тігілу ерекшелігі, қолданылуы жайлы сарамандық білім беру.

Дамытушылық мацсаты : оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға үйрету, қол, саусақ қимылдарының шеберлік жұмысын дамыту.

Сабақтың көрнектілігі: эскиздер түрлері, дайын саба, жасау жолдары туралы плакат.

Керекті қүрал жабдықтар: былғары, қайшы ,пышақ, ою-өрнек, біз.

Сабақтың өту әдісі : эңгімелесу , сұрақ-жауап, өз беттерінше жұмыс орындау.

П ән аралық байланыс: тарих, геометрия, сурет.

Сабақтың барысы:

Теориялық бөлім.

ұйымдастыру кезеңі. 2.ҮЙ тапсырмасын тексеру.



  1. Саба не үшін пайдалынады.

  2. Сабаның шығу тарихы туралы қандай түсінік бересіңдер

  3. Саба неден жасалады.

  4. Теріні өңдеу жолдары туралы не айтасыңдар

  5. Сабаның пішіні қандай болады.

жидітіп түсіреді. Малма дегеніміз айранның сары суына ұн, кебек қосып жасалған иі. Терінің иі де жату мерзімі қалындығына байланысты.Мысалы түйе терісі малмада 1-ай жатса, ал түлкі терісі 3-ақ күнде иі болады. Иіден шыққан теріні кермекке салады. Кермекті емен не талдың қабығынан, қарағанның түбін кептіріп, ұнтақтап түйіпдазанға тұздың татына татыта су қүйып, қабық ұнтақты салып қайнатып әзірлейді. Кеде жусаның ерменің бүрін қосады. Содан соң ағаш астауға қотаруға жалаңаш қолдың шынтағын батырғанда шыдайтындай шым- шым кезінде теріні салып , он шақты күндей бетін жауып жылы ұстайды. Он күн өткен соң терінің бетін пышақпен тіліп көру керек. Егер кермектің қызғылт бояуы теріге қалындай түгел сіңсе, кермектің суын сорғытып , көленкеге жайып кептіріледі. Кепкен теріні талқыға салып, біраз жұмсартып алған соң, пішу керек. Кермекке салынған тері қоңыр қызыл түске боялады. Жақсы әрі үлкен деген саба 5- жылқының терісінен жасалады. Зор денелі не етженді адамды «бес биенің сабасындай »екен деген сөз осыдан қалған . Төрт жылқының терісінен сабаның төрт қабырғасы шығады, оны сабаның бойы деп атайды. Сабаның бойы трапеция тәрізді пішіледі. Ал бесінші жылқының терісінен сабаның түбін шаршылап пішеді. Пішіп алғаннан соң төрт боймен түбін қосып, оларды шуда жіппен немесе тарамыспен тігеді. Тігіп болған соң ішіне қүм, күл немесе ағаштың үгіндісін толтырып, сабаның формасы қалыптасқанша ұстайды. Әбден кепкен соң ішіндегісі төгіліп тасталады. Сыйымдылығы 100-литірге дейін болады. Сабаны той думанда және үлкен асарда пайдаланады. Оны семіз жылқының терілерінен тіккен, теріні ашыған сүтпен, іркіт, қүрт немесе қайнатылған талдың қабығының суын жібітіп, содан соң ыстап кептірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет