1. интерактивтік оқыту әдістерінің теориялық негіздері



бет9/35
Дата25.01.2022
өлшемі366,67 Kb.
#114644
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
15-тапс Нуршат Оразкелди

«Интерактивт - (ағылшынның «inter» - бұл «аралық», «өзара», «act»- әрекет ету деген сөзінен шыққан) – бір-біріне әсер ету немесе сөйлесу тәртібінде болу, бір нәрсемен (компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалогта болу дегендi бiлдiредi. Оқыту үрдісі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субьектісі болып табылады.Демек, интерактивті оқыту дегеніміз мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынасты қалыптастыратын диалогты оқыту.

Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Сонда Интерактив – "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталады. 

Демек, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.



Интерактивті әдіс кезінде:

- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Демек, интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде мұғалім-кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді.

Мұғалім сондай-ақ сабақ жоспарын құрады (әдетте, бұл интерактивтік жаттығулар мен тапсырмалар, оларды орындау барысында оқушы материалмен танысады, меңгереді) [17,c.88].

Интерактивті оқытудың негізгі құрауыштары оқушылар орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегі жаттығулар мен тапсырмалардан айырмашылығы сол, оқушылар оларды орындай отырып, өтілген материалды бекітіп қана қоймай, жаңа материалды меңгереді.


Сурет 1. Пассивті әдіс сызбасы

Сурет 2. Белсенді әдіс сызбасы



Сурет 3. Интерактивтік әдіс сызбасы


Интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда оқушылардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

1) мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);

2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);

3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4) белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)

5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).

Интерактивті әдістің ерекшелігі – оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1) олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.

Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекетті арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.



Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

1.3 Интерактивті оқыту әдістерін таңдау шарттары

Оқушыларды біліммен қаруландыруда оқыту әдістері маңызды рөл ойнайды және де сабақтың тиімділігі көп жағдайда әдістерді дұрыс таңдай білуге байланысты болады. Оқыту әдісінің көмегімен дамытушылық, білім берушілік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асады 32.

Оқу материалдарын оқушы санасына қалай жеткізуге болады? Балалардың білім, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін олардың белсенді танымдық іс-әрекетін оятатын қандай жолды таңдаймыз? Осы сұрақтардың шешімін табу үшін әр мұғалім сабаққа дайындала отырып, оқыту әдісін таңдау мәселесін шешеді.

Бұл таңдау неге байланысты? Педагогиканың дәстүрлі барлық оқулықтарында әдісті таңдауға әсер ететін бірінші фактор оқытудың жалпы мақсаты деп аталады. Әйтседе мұғалім нақты сабақтың оқыту әдістерін таңдауды білім берудің жалпы мақсатымен сәйкестендірмейді. Мұғалім оқыту әдісін шынайы оқу материалының мазмұнына қарай таңдайды 16,124б.

Қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин баланың жас ерекшелігімен және өзіндік ерекшелігімен санаса отырып былай деген: «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс, - деген болатын 33. Бұл жерде білім беруде ұстаздың әдіс-тәсілді жете білуін нұсқайды.

Интерактивті оқыту мұғалімнен қажетті әдістемелік және психологиялық білім мен іскерлікті қажет етеді. Мысалы, оқу процесіндегі барлық қатысушыларды талдауға жұмылдыру, оқушылардың психологиялық дайындығын қамтамасыз ету, жұмыс кезеңдерін уақытпен белгілеу, негізгі түсініктерді визуализациялауды ұйымдастыра алуы қажет. Интерактивті оқыту әдісін қолданатын мұғалім осы талаптарға сай болуы, яғни үйренуі керек.

Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі ұстаз алдына нақты сабақта тиімді әдістерді анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды.

Көптеген педагог ғалымдар оқудағы үлгермеушіліктің себебі ең алдымен оқыту әдістерінің жетілдірілмегені деп көрсетеді. Бұған келіспеуге де болмайды. Жаңашыл педагогтар В.Н.Шаталов, С.Н.Лысенкова және басқаларының еңбек тәжірибесі осы көзқарастың дұрыстығын дәлелдейді 34.

Әрбір жеке сабақты өткізу әдісін таңдағанда ұстаздар белгілі бір тақырыпты үйрену үшін қандай әдістерді жақсы оқып үйренуге болатынын тереңінен ойластыруы қажет. Өйткені, әр пән, тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше әдіс-тәсілдерін талап етері анық.

Әдісті таңдап алу мұғалімнің қабілетіне, шығармашылық ізденісіне, ең алдымен оның әдістемелік шеберлік дәрежесіне байланысты. Үнемі ізденісте жүретін ұстаз қай сабақта қай әдісті кеңірек қолдану керектігін оқушылардың мүмкіндігіне және тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ыңғайластырып, тиімді пайдаланады.

Әйтседе, сабақта қолданылатын оқыту әдістерін таңдап алуда мыналарды ескерген жөн.



  1. Ең алдымен сабақтың нақты дидактикалық міндеттері мен мақсаттары

ескерілуі тиіс.

  1. Таңдап алынған бір ғана оқыту әдісінің өзін ұйымдастырылатын

танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай түрліше қолданылуын ойластырған жөн.

  1. Қолда бар оқыту құрал-жабдықтарын тиімді пайдалану тұрғысынан

іріктелген оқыту әдісін жан-жақты бағалау да артық болмайды.

  1. Таңдап алынған оқыту әдісінің бүкіл сынып оқушыларымен, олардың әр -

сымен не топ жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігін ойластыру да керек болады.

  1. Таңдап алынған оқыту әдісінің сыныптың дайындығының нақты

деңгейіне, балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне мейлінше сәйкес болуы ескерілуі тиіс.

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты 17,275б. Оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алу үшін төмендегі шарттарды басшылыққа алған жөн:



  1. Әдістердің оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарына сәйкестігі;

  2. Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;

  3. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі;

  4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және дербес

ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне, сынып ұжымының ерекшелігіне) сәйкестігі;

  1. Әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне (тәжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы) сәйкестігі;

  2. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық базасына

сәйкестігі;

  1. Әдістердің сыртқы жағдайлардың (географиялық, өндірістік орта)

ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Енді осы аталған өлшемдердің кейбіреуіне нақты түсінік берейік. Мәселен, оқыту әдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін мына 1-кестеден көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет