Тәуелсіз Қазақстанымның 20 жылғы жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:
1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6.1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.
Ал екінші бақытым-Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілемдедім
Кей кезде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім