МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАР
1.1 Ертедегі ғалымдар құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы қарым-қатынас туралы
1.2 Батыс Еуропадағы прогрессивгі саяси-құқықтық ойлар
1.3 Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында көрініс табуы
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері
2.2 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
2.3 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келегін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет - бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны, құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы ролді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы.
Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әртүрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, коллективтік, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі. [1, 6-б].
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында, Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері — бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әртүрлі мүдделерімен адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі.
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді.
Құқықтық мемлекет – бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, тендік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару ролін қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын басынушылықты, күштеуді жояды.
Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процессінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әртүрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен, оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық гумманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАР
Ертедегі ғалымдар құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы
қарым-қатынас туралы
Мемлекетті өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы тілектері, (мақсаттары) сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды жөнс бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттікке жатады. "Заңның күші жоқ жерде — Аристотелъдің айтуы бойынша — мемлекеттік құрылым нысаны жоқ". Цицеронның айтуы бойынша "халықтың жұмысы", құқықтық араласу және "жалпы құқықтық тәртіп". Ертедегі Грецияның және Римның мемлекеттік-құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі, мемлекетке жаңа қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді жене оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттік идеяларды историзм тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көпғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде, саясаттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеальды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдікпен, бостандықтың талаптарына сай келетін. Ж.Боден мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
1.2 Құқықтық мемлекет концепциясының дайындалуына прогрессивті оқымыстылардың үлесі
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет концепциясының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Щ. Монтаскье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық мемлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми-теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.
Гроций - табиғи-құқықтық мектептің бірінші теориялық маманы болды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл-ой жатады. [2, 40-б].
Табиғи құқықтың ұйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін-өзі ұстау, уәдеге тұру міндеттілігі, кінәлілердің шығынды төлеуі, сонымен қатар "Воздаяние" адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес келулері қажет.
Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан "ақыл-ой заңдылығына жауап беретін" жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқықпен бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әртүрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім, сондықтан халық мемлектті құрғанда кез-келген басқару нысанын алуға мүмкіндігі бар, бірақ оны белгілегеннен кейін, халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуте қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.
Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін жасауға қатысқан, Оның айтуы бойынша мемлекеттің күшті болуы әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, мүдделерін де қанағаттандырудың қажет екенін айта келіп, әрбір басқарушылардың жеке меншікті, қауіпсіздікті, ар-ұятты, бостандықты және басқа да жақсы жағдайларды сақтауға міндеттілігін көрсетеді.
Гоббс - Англиядағы абсолюттік монархияның қорғаушысы ретінде, қоғамдық өмірдегі құқықтың үстемдігі туралы бірнеше прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар, заң алдындағы формальді теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті. Гоббс адамның бостандығын, заңмен тиым салынбайтын жағдайлардың бәріне де құқығы бар деп түсінді. Соның негізінде, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі өте тиімді принциптердің теориялық негізін салды.
Локк - Маркстың айтуы бойынша, буржуазиялық қоғамның құқықтық ойларын, феодалдық қарама-қайшылықтағы классикалық жеткізуші болды.
Мемлекет, адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылғандықтан, Локктың ойынша, меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол заңдарды орындауға, сырттан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді пайдаланады. Ондай мемлекетте табиғи бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдік етеді,
Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен: "заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде, бостандықта, барлық жағдайда заң ұлықсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жаса және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау".
Монтескье - құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндіреді. Оның саяси бостандық идеясы, азаматтық бостандық идеясымен байланысты және мемлекеттің азаматтарының қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды болдырмаудың жолы, барлық адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауының қажеттігі. Саяси бостандық Монтескьеше заңдылықты және қауіпсіздікті сақтау. Оған жету үшін өкіметті заң шығарушы, орындаушы және соттыққа бөлу қажеттігі көрсетілген. Бұл идея оның саяси-құқықтық теориясындағы маңыздыларының бірі, кейіннен ол идеяның дұрыстығын іс жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан көруге мүмкіндік болды.
Дидро - мемлекеттік өкіметтің құқықтық бастамасын, оның қоғамдық келісіммен құрылған тәуелсіздігі арқылы негіздейді.
Мемлекеттік билік, оның ойынша, қоғамдық келісімнің жемісі ретінде пайда болады және ол қоғамға ұйымдасқан түрдегі саяси нысанды береді. Сондықтан, мемлекеттік билік халықтың еркіне негізделген, тәуелсіздігі бойында "Тек ұлт қана шын тәуелсіз; шын заң шығарушы халық қана, тек халықтың еркі саяси биліктің шығатын көзі". Мемлекеттің басты мақсаты, азаматтардың бөлінбейтін құқығын және олардың бақытын қамтамасыз ету. Дидроның осы идеялары И. Канттың философиялық негіздемесіне ие болып, құқықтық мемлекет теориясының аяқталғанын көрсетеді.
Джефферсон - АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясының авторы, іс жүзінде Америка аумағына құқықтық мемлекет идеясын таратушы. Қоғамдық келісім және адамдардың бөлінбейтін құқығын жақтай отырып, монархиялық басқару формасын сынайды және халықтың тәуелсіздік принципін қорғайды. Джефферсонның декларациясы бойынша, адамдардың бөлінбейтін құқығы бар, оны қамтамасыз ету үшін мемлекет құрылады. Декларацияға адамның табиғи құқығын кіргізу арқасында жеке адамдардың мемлекетке деген қатынасы, олардың субъективтік құқығына айналады. Бұл жағдай, арнайы мемлекеттік доктринаға тіпті жаңа жағдайға жатады. Себебі, бұрын адамдарға құқықты мемлекет береді деген ұғым болатын. Осы кезеңде, құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқаңдарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа көрнекті ғалымдар жатады.
Кант - құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан-жақты зерттеген адам. Көпшілік құқықтың принципіне, философтың ойынша халықтың шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау арқылы тәртіпті орнату, Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық азаматтардың босгаңдығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, "көптеген адамдардың құқықтық заңга бағынған жиынтығы". Конституциялық құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады, азаматтардың құқығы — жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары. Шаруашылық қимылдарының тежелуі мүмкін болмаған.
Құқықтық мемлекетте, заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Керісінше, биліктің сол жөнінде азаматқа қандай мүмкіншілігі барлығында. Құқықтық құрылымның мүмкіншілігін Кант заң шығаратын парламентке байланысты, орындайтын - үкіметке және соттыққа бөлумен байланыстырады.
Канттың құқықтық мемлекет туралы концепциясы, саяси-құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымының қызмегіне маңызды әсер етті.
Гегель мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі құқық философиясы. Мемлекет, Гегельдің ойынша бұл да құқық, бірақ көбірек жетіліп дамыған және мазмұны бай. Ол барлық басқа құқықтардың мойындағандарын - жеке адамның, жанұяның, қоғамның құқықтарын өзіне қосып алады. Гегель мемлекетті жеке адам мен қоғамның үстінде тұрған абсолютке көтеріп, мемлекеттің дамуын, азаматтық қоғам дамуының алдында болғанын дәлелдейді. Гегельдің осы дәлелдеуіне Маркс келіспей мемлекет туралы концепциясының қателік жағын көрсетеді.
Шын мәнісінде, қоғам мемлекеттен бұрын пайда болғандықтан, мемлекет қоғам дамуының жемісі болады. Мемлекет Гегельдің ойынша, жетіліп дамыған қоғам өмірінің ұйымы, іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін құқық негізінде құрылады.
Тек, мемлекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы адамгершілігі, бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол адамгершілік идеясының шындығы. Азаматтық қоғам құқықтық мекемелер арқылы жеке адамдардың мүдделерін қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке адамның бостандығы және сыртқы тәртіп, біртұтас болады, онда мемлекет өзінің ең жоғарғы құқықтық және моральдық нысанының бірлігіне жетеді. Гегельдің мемлекетке көзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса маңызды роль атқармайды. Маңыздысы мемлекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік және құқықтық бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұны, ақылдылық және қоғамға, жеке адамға пайдалылығы.
Маркс мемлекетті және құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының құрылуына байланысты, таптардың жоғалуына байланысты, тапсыз қоғамға көшу процесінде мемлекет пен құқық та жоғалады. Маркс буржуазиялық мемлекеттің құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек экономикалық қатынастардың талабын орындайды. Маркс айтқандай, заң өзінің күшіне сонда кіреді, егер ондағы көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі "қоғамдық өндіріс жолымен гармониялық жағдайда болса.
Маркстің құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл аударсақ: "Бостандық дегеніміз – қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай сол қоғамға бағынышты органга айналдыру".
Батыс Еуропадағы прогрессивгі саяси-құқықтық ойлардың иелері Иеринг, Еллинска, Дюги, Ориу, Паунда, Спенсер және басқалар құқықтық мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай дамытты. Иерингтың ойынша құқықтық мемлекет тек сол жерде болады, егер мемлекеттік өкімет алдын-ала өзі бекіткен тәртіпке өзі бағынса, сонда ғана ол ақырғы құқықтық бекітілуге ие болады. Тек құқық үстемдік алғанда ұлттың хал-жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік өркендеп, халыққа тән "ақындылық және адамгершілік" өріс алады. [3, 60-б].
Еллинектің концпециясы бойынша, мемлекет өз халқының мүддесін қорғайтын орган ретінде белгіленеді және адамдардың заңды одағын басқарып, жеке бастарына, ұлттық және жалпыадамдық біріккен мүдделердің қоғам дамуындағы прогресстік жолға бағытталуын қанағаттандырады.
1.3 Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында көрініс табуы
Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында да кең көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н. Писаревтің, А,И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Радищевтің, П.П. Пестельдің, М.Н. Муравьевтің және басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің заңсыздықтарын шындық негіздерін сай қатты сынға алады.
Құқықтық мемлекет туралы орыс концепциясының бекігендігін октябрь революциясына дейінгі кезеңдегі көрнекті заңгерлердің және философтардың еңбектерінен толық көреміз: Н.М. Коркунов, С.Н. Котляровский, П.Н. Новгородцев, С.А. Муромцев, П.М. Гессен, Г.Ф. Шершеневич, Б.Н. Чичерин, Н.А. Бердяев және басқалар. Олардың мемлекеттік-құқықтық зерттеулері, негізінен - саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәніне арналған. Төменіректе өте қысқа түрде сол концепциялардың құқықтық мемлекет туралы маңызды идеялары орыс заңгерлерінің көзқарастарына сай көрсетіледі.
Шершеневич құқықтық мемлекеттің негізгі өлшемдерімен мынадай құрылу жолдарының нысандарын ұсынады:
1) бассыздықты көрсетеді, біреуінің мүддесі екіншісінен бөлінеді және мемлекет мекемелері де осыған қатысты, осыдан құқықтық басқарудағы үстемдік идеясы туады;
2) егер жеке адамның инициативасы (ынтасы) кеңдікті тілесе, мемлекетке субъективтік құқықтарды қорғаумен шектелуі жеткілікті;
3) өкімет органдарының өз қимылдарымен жаңа тәртіптілік бұзылмау үшін, олардың міндеттерін қатаң түрде белгілеу қажет және орындаушы өкіметті заң шығарушыдан бөліп, сот билігінің еркіндігін бекітумен қатар, заң шығаруға көмектесетін сайланған қоғамдық элементтерді қатынастыру қажет. Шершеневич құқықтық мемлекеттің мұндай сипаттамасымен келісе отырып, құқықтық мемлекеттің шын мөніндегі кепілділігіне мыналарды жатқызады:
а) жеке адамның бөлінбейтін құқығы;
б) өкіметті бөлу принципі;
в) өкіметтің өзін-өзі құқықтық тежеулігі;
г) мемлекеттің өз үстінде тұрған құқыққа бағынушылығы. Шын мәнісінде, ондай кепілдікке ұстамдылық күші бар қоғамдық көзқарас қана ие бола алады.
Өкіметтің "өзін-өзі ұстау" идеясы мемлекеттік емес қоғамдық қосылымдармен, қоғамдық көзқарастармен, басылымдармен, радио-теледидармен мойындалады және қазіргі қоғам өміріне іс жүзінде пайдаланылуымен көрінеді.
Гессен құқықтық мемлекетті шығыстың саяси-құқықтық орнықты көзқарастарына сүйеніп анықтайды. "Құқықтық мемлекет деп атайтыны - оның ойынша, өз міндеттілігін үкімет ретінде өздері жасаған заңдылық нормаларға, заң шығарушы ретінде мойындайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде құқықпен байланысты және тежеледі, құқықтан төмен тұрады, сыртында емес және жоғары да емес". [4, 10-б].
Сонымен бірге Гесен құқықтық мемлекеттщ мазмұндық жағына белгілі түзетулер кіргізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтап, оның ойынша мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ, себебі "өзгермейтін" әдет-ғұрып және заң жоқ деген. Шын мәнісінде заң шығарушы өкімет, заңмен тежелмеуі қажет. Бұл идеалда принципиалды іс-әрекеттің мәні жатыр: заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуы міндетті, өзгеру үстіндегі экономикалық әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам өмірінің жағдайларын көрсетуі керек, оның дамуындағы объективтік қажеттілікке жауап беруі қажет.
Котляревский Канттың қарым-қатынастық және мемлекет пен жеке адамнын бір-бірінің алдындағы екі жақтық жауапкершілігі теориясын жақтайды, оның кепілі - өкіметтің бөлінгендігі болып табылады. Іс жүзіндегі, қазіргі мемлекеттік құқықтың өмірге маңызы бар ойына, сотты мемлекет пен жеке адамның арасындағы екі жақтықты қамтамасыз ететін негізгі орган ретінде тану қажеттігі жатыр. Ондай сот конституцияның негізінде ешкімге тәуелді болмай, халықтың сеніміне ие болуы қажет. Өйткені сенімділік жоғалса, сот қызметіне нұқсан келеді және құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі.
Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы, тоталитаризм кезінде құқықтық мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттік таптық концепциясына қарама-қарсы теория деп есептеді.
Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын, өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығысуларды туғызды. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде де жүріп жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің ролін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, құқықтық мемлекеттің қызметін және іс жүзіндегі тәжірибесін пайдаланып қазіргі өркениетті елдерде, құқықты жүргізушілер, философиялық, экономикалық және саяси ойлардың негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі. Қазіргі қоғам дамуының нақты жағдайларын есепке алып, құқықтық мемлекетті құрудың концептуалдық жолын С.С. Алексеевтың, А.В. Венгеровтын, В.Е. Гулиевтың, В.Н Кудрявцевтің, Б.М. Лазарованың, Н,Н. Деевтың, В.Д. Зоркинаның, Р.З. Лившицтың, М.И. Пискотинның, Ю.А. Тихомировтың тағы басқалардың еңбектерінен көруге болады. [5, 86-б].
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері
Құқықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке, мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса. Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеітік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
1. Барлық, қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарлылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан, заң жоғарғы заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актылар заңға сай болуы қажет. Заң қоғам өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілеп, қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы, т.б.). Қосымша заң актылары оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда "жетілдірмейді", "түзетпейді", "ауыстырмайды". Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әртүрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тиым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді. [6, 123-б].
Құқықтық мемлекеттің негізі - конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актылары конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы - құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - конституциялық мемлекет.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің "араласпауы" міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылған: "тұлғаға тиым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі".
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғам өмірінің әртүрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы, өзінің әр қилы мазмұндарына байланысты жеке адамның субъективтік құқығымен іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы - жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес құқықтығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттің органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану, құқықтық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу, болған құқықбұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқықтық сипаттама - қоғамдағы құқықтың объективті құрылуының маңызды белігі, мемлекет еріктілігінің нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау - ең алдымен, мемлекеттің және барлық адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығын, құқықтық мемлекетте көре аламыз. [7, 30-б].
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен қызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір жағынан заң шығарушы өкіметтің мәртебесін (жоғарлылығын) белгілейді, ал екінші жағынан - орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді. Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру – құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгілейді, сондықтан, сайып келгенде, құқықтық ұйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгілейді. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының жоғарғы заңдылық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
Бірақ, заң қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта болмайды. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы конституциялық органдардың бақылауында болады, соның көмегімен заңдар күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
Атқарушы үкімет өзінің органдары арқылы құқық нормаларын іске асыруымен шұғылданады. Оның қызметі заңға негізделуімен бірге, заң көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік лауазым иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа құқығын, міндеттерін белгілейтін жалпыға бірдей нормативті актілерді қабылдауға құқығы жоқ, Орындаушы биліктің тежелінуі мемлекеттің өкілетті органдарының алдындағы есеп беретіндігімен жауапкершілігінің арқасында іске асырылады. Құқықтық мемлекетте әр азамат қандай болмасын орындаушы үкімет органдарының, лауазым иелерінің заңсыз әрекеттерін сотқа шағым жасау арқылы шешеді.
Сот билігі, құқықтық мемлекеттің құқықтық негізін, қоғамдық өмірді әртүрлі қылмыстан, оны кім істесе де, қорғау үшін құрылған. Әділ сот билігі құқықтық мемлекетте, тек сот органдары арқылы іске асырылады. Ешқандай орган, сот қызметін орындай алмайды. Сот өзінің құқық қорғау қызметінде, тек заңға сүйенеді, құқықпен және заң шығарушы, орындаушы биліктен және үкімет органдарының субъективтік ықпалынан тәуелсіз болады.
Тәуелсіздік және заңдылық, әділ сот - азаматгардың құқығының еркіндігінің кепілі, тұтас алғанда құқықтық мемлекеттілік те жатады. Бір жағынан, сот заң шығаратын өкіметпен орындайтын үкіметтің қызметтерін өзіне иемдене алмайды, екінші жағынан, оның маңызды мақсаты, ол органдардың нормативті актыларына құқықтық бақылау жасау болып табылады. Сот органдары, сонымен, құқықтық қағидалардың бұзылуына жол бермейтін тежеушілік фактор ретінде көрінеді, әсіресе конституциялық заң шығарушы, орындаушы, мемлекеттік органдар жағынан, шын мәнісіндегі, өкіметтің бөлініп басқарылуын қамтамасыз етеді.
Басқа мемлекеттерде конституциялық, құқықтық бақылау функциясын, конституциялық соттар орындайды. Өздерінің сондай қызметтерімен, заң шығарушы органдардың құқықтық-шығармашылық қызметінің үстемдігіне конституциялық кепілдік жасайды. Біздің Қазақстан мемлекетінде ондай қызметті Жоғарғы сот органдары орындайды. Ал екі ғасырдан бері АҚШ-тың конституциясы өзінің беделін және өз кезеңінің ықпалды дамуын қамтамасыз етіп келеді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы осында. Онда мемлекеттік қоғамның ұзақ даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған. Адамзат өмірінің табиғи дамуындағы процесс, іс жүзіндегі құқықтық мемлекеттің құрылуына, оның теориясына жаңалықтар қосатындығына күмән жоқ.
Құқықтық мемлекет - саяси ұйымның биліп, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуте жағдайлар жасайды және мемлекеттік болып құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:
1) Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);
2) Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формальды - заң жағы);
Бірінші принцип - Қазақстан республикасы Конституциясының 1-бабында мынандай сөздермен бекіген: ''Құқықтық мемлекет өзінің тағайындалған қызметін" біртіндеп орындауға міндетті - әрбір азаматтың жеке - басының жан-жақты даму мүмкіншілігіне кепіл беруі қажет.
Құқықтық ғылымға, қазіргі кезде, табиғи түрінде мойындалатыны азаматтық (жекелеген), саяси, экономикалық, әлеуметтік жене жеке адамның мәдениеті, ол "Адам құқығының 1948 жылғы жалпыға бірдей декларациясында" және басқа да халықаралық актыларда бар.
Екінші негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:
- билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу, мақсаты теріс пайдалануға жол бермеу;
- Федерализм, көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;
- Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);
- Мемлекет пен жеке адалшың екі жаққа бірдей жауапкершілігі;
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әртүрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан заңдардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру кіреді. [8, 12-б].
2.2 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығын көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады:
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулармен байланысты, өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер этатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көзқарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та келеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағы этатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама-карсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелілігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялаумен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардын міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетінс айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызметі приоритеттіктің қатарына жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның «қоқыстарын» ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатынастың әрбір субъектісі мемлекеттік органдардын қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен (басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айырықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсінбеушілік қатынасының тарауына кедергі жасайды. [9, 103-б].
4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясын сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі калыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық бастауларының «пирамидасын» жоғары заң күші бар конституция құрайды. Басқа ешқандай құқық бастаулары тура немесе жанама мағынасында конституцияның принциптері мен нормаларына қарама-қайшы келе алмайды. Керісінше, мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да бастаулары конституцияны негізге алып, оның мазмұнын тәптіштеп, нақтылап және дамытуы тиіс. Конституциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң пирамидасының келесі «қабаттарын» мемлекет басшысының актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық әдет-ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.
5. Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатынастардың басқа субъектілерінің мәртебесі былайша ерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты тіршілік әрекетін және отардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді қамтамасыз етуге жеткілікті құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін қарастырады; екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас болуды және міндеттер жүйесінің теңбе-тең болуын міндеттейді; үшіншіден, оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілген. Қоғамдық қатынас субъектілерінің теңдігін олардың бір түрі шегінде, таптық, ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және олардың біреуінің басқалардың мұндай жеңілдіктер мен артықшылықтан айрылып қалған жағдайдағы артықшылықтарын бекітуге тырысуы көрініп тұр.
6. Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар мен құрылымдарды заңды деп тану — құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Мұнда жеткілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымдар аз кездеседі. Егер алда-жалда ондайлар болатын болса, онда ұзақ уақыт тіршілік етуге, және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы болмайды және жеңуге болмайтын қиындықтарға кездескен соң өзі де сахнадан тез-ақ кетеді. Институттар мен құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелер мен процедураларды сақтаған заңның негізінде құрылады, және олардың мақсаты, міндеті, қызмет етуінің нысаны мен әдісі ресми түрде тәптіштеп регламенттеледі. Атап айтқанда, бұл заңды деп танудың тіркеу, рұқсат ету немесе лицензиялық тәсілінің үйлесуімен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бақылау-ревизиялық өкілеттігін пайдалануымен қамтамасыз етіледі.
7. Құқықтық мемлекетте билікті бөлу принципі жарияланады және жүзеге асырылады. Соған сәйкес біртұтас мемлекеттік билік шеңберінде бір бірімен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдаланып өзара іс-қимыл жасайтын дербес әрі тәуелсіз үш тармаққа — заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қамтамасыз етіледі. Бір билік тармағының басқа бір билік тармағын «таптауына», оларды бағынышты жағдайға қоюға жол беруге болмайды. Қаралып отырған принциптің мәнісі, бір органда немесе бір лауазымды тұлғада биліктің шектен тыс шоғырлануына қарсы әрекет етеді және, оның мемлекеттік аппараттың ішінде бірыңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, диктаторлық режимнің орнауына кедергі жасайды.
8. Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңы мен халықаралық құқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормаларының арасындағы тиімді ара қатынасты орнату жөніндегі шаралары жүзеге асырылуда. Халықаралық құқық өзінің қазіргі заманғы құқықтық өркениеттің жетістіктерін нақты көрсетуде. Бұл жетістіктерге құқықтық мемлекет қалай болғанда да қосылды, өйткені олар әдетте халықаралық келісімдер приоритетін олардың заңдары алдында орнықтырады (бәрін емес, тек олардың бекіткендерін ғана) және т.б. келісімдер тікелей өздерінде қолданылады деп айрықша бөліп айтады. Осылайша бұл елдердің заң жүйесінің сыртқы әлемнен болуы мүмкін оқшаулануы мен тасалануынан құтылуға болады: олар әлемдік қауымдастықтың құқықтық жүйесіне жақындасқандай болады, оларды қабылдай отырып және өзінің нормативті актілерінің жағдайын солардың деңгейіне дейін жеткізе отырып, оның көптеген маңызды принциптері мен нормаларын қолдана бастайды
9. Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда (әсіресе азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылса) бірден құқықтық реттеу және құқықтық қорғау механизмі іске қосылады, мұнда бірінші кезектегі роль сотқа беріледі. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз етуді, кінәлілерді жазалауды, жаңа құқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтарға және қоғамдық қатынастардың басқа субъектілеріне мемлекеттің барлық нормативті нұсқаулары ешқандай ерекше жағдайларды ескерместен, міндетті түрде орындалуын шешеді.
10. Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы өзара жауапкершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін, ешкім айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай-ақ олардың ресми рәсімделуі, жүзеге асуы, қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады. Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке, басқа азаматтарға, басқа қоғамдық қатынастар субъектілеріне зиян келтірмейтіндей етіп қана пайдалана алады; олар өздерше жүктелген міндеттерді қатаң сақтауы керек.
Басқаша айтқанда, мемлекет пен азаматтардың байланысы күрделі әрі көп қырлы, ол оларды бірінің біріне деген қарым-қатынасы тұрғысынан белгілі бір құқықтармен міндеттегені сияқты, бір-бірінің алдындағы белгілі бір міндеттерін орындауы түрінде де көрінеді.
Жоғарыда көрсетілген белгілердін жиынтық әрекеті қоғамда және мемлекетте құқықтың билік құратындығы, оның үстемдігі, приоритеті, басымдық жағдайы қабылданған дегенге алып келеді. Бұл жақсы да, өйткені құқық — адамзат өркениетінің көрнекті жетістігі, реттеудің жинақталған әлеуметтік тәжірибесінің квинтэссенциясы, басқару және ықпал ету, әділеттіліктің жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен мұраттарды, демократия мен тәртіпті жүзеге асырудың нысаны, мәдениеттің қажетті компоненті. Құқықтың қоғам өміріндегі ролін және оның не үшін арналғанын терең түсініп, соған лайық іс-қимыл жасайтын мемлекетті құқықтық мемлекеттің қатарына жатқызуға болады.
Құқықтық мемлекеттің жоғарыда аталған белгілерін бір-бірінен бөліп қарамай, біртұтас түрінде алып қараған дұрыс. Егер этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналу динамикасын карайтын болсақ, онда мемлекеттілік құрылымындағы, іс-қимыл нысандары мен әдістеріндегі, ағымдағы және перспективадағы міндеттердің бірте-бірте өзгеруінің сандық тұрғыда жинақтала келіп, сосын оның сипаты мен табиғатындағы сапалық өзгерістерге алып келетіндігін анықтау маңызды болмақ. Осылайша, құқықтық мемлекет деп құқықтық құндылықтарға приоритет беретін, жұртшылық арасында, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында олардың бріік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіл іс-қимылы құқықпен байланысты, заң талабы шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлекетті санауға болады.
2.3 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды. Азаматтық қоғам — құқықтық мемлекеттің маңызды компоненттері пайда болып, бекіп, өзінің тіршілікке қабілеттілігі мен өміршендігін көрсететін, жетілдірілетін және олар үшін өзіндік бір «тіршілік ету ортасы» болып табылатын, оларға қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-экономикалық қондырма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісі мен қарқыны оның оң және теріс нәтижелерінің ара қатысы азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық қоғамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады. Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтық қоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке ауысу процесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін тіректер мен құрылғылар солғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады. [10, 56-б].
Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының (құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам) арасында өзара келісушілік пен өзара іс-қимыл нысанында екіжақты тәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсіз тіршілік ете алмайды; бұдан былай олар бір біріне серік болады, олардың қызмет етуінің нәтижесі бір бірімен тығыз байланысты және олардың әрқайсысына тікелей әсер етеді.
Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық қатынастардың, орта таптағы меншік иелерінің ролінің арта түсуімен, бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілі бір тепе-теңдік орнатып, үйлесімді қатынастар мен өзара әрекеттестікті қалпына келтіреді. Азаматтық қоғамның одан әрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен, жеке тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі, олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама-қайшылықтар және шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып-жаншусыз, революциясыз шешіледі.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір біріне жақын болғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе материалдық, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ әрбір қоғамға тән таптық-топтық, ұлттық-этникалық, социумдық байланыстар мен қатынастардын артықшылықтарын анықтайды. Қоғам бұл мүмкіндіктер мен артықшылықтарға өзінің мүшелерін араластырады. Қоғамның қарамағында мұндай мүмкіндіктер мен артықшылықтар неғұрлым көп болса, азаматтар оны соғұрлым толығырақ пайдалана алады Олар құқықтық мәртебенің мазмұнын құрайтын мүмкіндікті нығайтады. Олар болмаса құқықтық мәртебенің жүзеге асырылуы кемиді. [11, 45-б].
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Н.Ә. Назарбаев деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Негізі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет пен қоғам пайдаланатын жауаптылық институттарының ара қатынасы да ұқсас. Құқық тәртібін бұзушыларды мемлекет заңдық жауапкершілікке тартады, ал құқықтық емес бұзушылықтар қоғамдық-моральдық ықпал ету шараларын қолданумен шектеледі. Мұндайда жауаптылықтың көрсетілген институттары үйлесімділік пен өзара толықтыру жағдайында қолданылады.
Азаматтық қоғам өзінің сипатына, табиғаты мен негізгі сапасына қарай — атап айтқанда бостандық пен әділеттілікке қол жеткізуді көздегеніне, демократия мен адамгершілік қарым-қатынастың орныққанына қарай — құқықтық мемлекеттің принциптерін нығайтуды жеңілдетеді, ол тіпті соларға бейімделген сияқты да. Бұл нақтылы неден көрінеді? 3 факторды ғана атап өтейік:
- қоғамдық пікірде құқықтың жоғары имиджі, заң институттары, принциптері мен нормаларының беделі мен шүбәсіздігі негізделіп, таратылады;
- құқық талаптарын елемеу және бұзу қалыпты емес деп бағаланатын жағдай туғызылады, олар көпшілік мойындаған әлеуметтік тәртіпке сыйыспайды;
- қоғам құқықты игерудің өзің заң механизмдерімен толықтырушы белгілі бір әлеуметтік және рухани механизмдерін дайындап шығарады — олардың қатарына азаматтың қоғам жағдайында адамдарда калыптасатын жеке адамға тән адамгершілік парыз, азаматтылық сезімі, өзіне талап қоя білушілік, өзін өзі тәртіпке келтіру, әділетсіздік пен ымырасыздық, әлеуметтік белсенділік сияқты қасиеттерді жатқызуға болады. [12, 3-б].
Осылайша, азаматтық қоғамды қалыптастыру және құқықтық мемлекет құру процестері бірін бірі итермелеп, бірі үшін екіншісі өзара қолайлы жағдайлар мен алғышарттар туғызады. Бұл процестің екеуі де жалпы және тұтасынан алғанда қатар жүреді, ал нақты өмірде олардың біреуі бір кездері біреуінен озып кетуі немесе қалып қоюы мүмкін. Бірақ, аталған процестердің етуінің оқтын-оқтын бұзылатын «синхрондығы» кейін қоғамдық дамудың барысымен калпына келтіріледі.
Азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық және этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналуын бір сәттік немесе бір реттік шара ретінде қарауға болмайтындығын атап өту манызды. Бұл дамудың тұтас бір бөлігін қамтитын және ұзақ уақытқа созылатын күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік-құқықтық және рухани процестер.
Кесте – 1
Кесте – 2
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С.С. Теория права. М.: БЕК, 2003.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М., 2004.
5. Ливщиц Р.З. Теория права. М.: БЕК, 2004.
6. Общая теория права и государство / под ред. Лазарева В.В. / М., 2004.
7. Общая теория права. Курс лекций / под ред. Бабаева В.К./ Нижний Новгород, 2004.
8. Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 2005, 2006.
9. Хутыз М.Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права М., 2005.
10. Общая теория права. Под ред. Пиголкина А.С. М., 2003.
11. Бабаев В.К. Теория совремешюго советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 2001.
12. Иванов Ю.В. Теория государства и права. Определения и схемы. Красноярск, 2009.
13. Права человека Сборник международных документов М., 2001.
14. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: "Жеті жарғы" 2007.
15. Сапаргалиев Г. С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 2004.
16. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: "Жеті жарғы", 2006
17. Ибрасва А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: "Жеті жарғы" 2006.
18. Теория государства и права. Под ред. профессора М.Н. Марченко. МГУ, 2006.
19. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: "Жеті жарғы", 2007.
20. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы, "Жеті жарғы", 2007.
Достарыңызбен бөлісу: |