Сәуір айындағы ауа райын бақылау Мақсаты: Балаларға көктемгі ауа райын бақылату арқылы табиғат әсемдігін сезінту.
Балалар назарын күннің ұзарғанына, түннің қысқарғанына, аспанның биіктегеніне, алыстағанына аударту. Аспанның көгілдір екеніне назар салдыру. Жаңбыр жауатынына назар аудару.
Көркем сөз: Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Еңбек: Алаңды қоқыстан тазарту.
Балаларды еңбекке баулу.
Қимылды ойын: «Қояндар мен Түлкі»
Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.
№ 26
Жаңбырды бақылау Мақсаты: Жаңбырды бақылау, оның пайдалы екенін, оның ірі және жылы болатынын түсіндіру.
Көркем сөз: Ал, қара бұлт, торланған,
Нөсеріңді төк енді!
Жел хабаршы, орманға
Жеткізуге жөнелді.
Қимылды ойын: «Күн мен бұлт»
Балаларды байқағыштыққа үйрету.