Қыркүйек айындағы бұлттарды бақылау Мақсаты: Бұлттың қалай пайда болатынын түсіндіру.
Бұлттар судан, будан пайда болады. Жел соққанда бұлттар бір орыннан бір орынға көшеді. Көшкенде пішіндерін тез өзгертіп отырады.
Көркем сөз:Бұта басы боз қырау,
Бұлттан суық жас тамды.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Балалар «күн жарқырап тұрғанда» ойнап жүреді, ал «Жаңбыр» дегенде өз «үйлеріне» тығылады.
№ 8 Қазан айындағы ауа райын бақылау Мақсаты: Балаларға күз суытып келе жатқанын, ызғарлы қыстың жақындап келе жатқанын айтып түсіндіру.
Күзде күн көзі жаздағыдай жарқырамайды. Күн кеш шығады, ерте батады. Күн қысқарады, суытады. Жаңбыр жиі жауады, жер дымқыл болады.
Көркем сөз: Күн мұңайып тұр бүгін,
Қыс ызғары келеді
Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»