2 Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.