1. Жаңғыру және урбанизация


Әлеуметтану ғылым ретінде



бет10/20
Дата16.09.2023
өлшемі94,15 Kb.
#181222
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
әлеуметтану 2 саб

7. Әлеуметтану ғылым ретінде
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
8. Қоғам әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
9. Әлеуметтік қауым
Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады.
10. Әлеуметтік және этноұлттық қарым - қатынастар
XXI ғасыр этностардың ұлттық сезiмiнiң өсуiмен ерекшеленді. Оларға жалпы əлеуметтiк, сол сияқты мəдени факторлар жəне өз кезегiнде əлеуметтік əрекеттің субъектісіне тəн құндылықтық бағыттарының этношартталған жүйесі əсер етті. Этностық жекелеп алғанда, əлеуметтік мобильділікті, көші-қонды, үлкен қалалы жəне өндіріс орталықтарына халықтың жиналуын, қақтығыстық жəне əлеуметтік жүйелер мен институттардың динамикасын шарттайтын ең маңызды фактор ретiнде танымал.
Этникалық арақатынастарда маңызды орынды ұлттар, ұлттық психология мен ұлттық қарымқатынастар жəне этностардың өзіндік сана-сезімі алады. Этникалық қасиеттер əр адамның бойында дербес, алдыңғы ұрпақтардың тəжірибесіне тəуелсіз қалыптаспайды. Олар оған дейін қалыптасқан дайын дүние ретінде қабылданады, яғни адамдармен араласу жəне тəрбиелеу процесінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, индивид этникалық мінез-құлықтың қандайда бір қалыптасқан қасиеттерімен туылмайды. Ол бұл қасиеттерді тұлғаның əлеуметтенуі деп аталатын, өмірге бейімделу нəтижесінде иеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет