«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары



бет22/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

Ұлттық тәрбие.

Қазақстан Республикасының 22-қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Ана тілім – ар намысым, қазынам» атты онкүндіктің іс- шара жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі пән мұғалімдері ашық сабақтар беріп, сабақтан тыс іс-шараларын өткізді. 5-8 сыныптарда «Халық даналығы – рухани байлық көзі», 9-11 сыныптарда Ұлттық идеология дамуының маңызды бағыттары болып саналатын өнер құралдары арқылы эстетикалық сана – сезім, көркемдік ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Ұлттық қолөнер туындылары – баға жетпес құндылықтарымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты іс-шара өткізілді. «Рухани жаңғыру» негізінің бірі - Абай шығармашылығы. 2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. 2019 жылдың желтоқсан айында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында өткізілетін іс-шара жоспарын әдістемелік бірлестік жетекшісі құрып және оны бірлестік мүшелерімен таныстырды. Бірлестік жетекшісі мен мүшелері бірлесе отырып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізді. Қаңтар айында А.Барлыбай мен А.Утемисовалар бірлесе отырып, «Әлем таныған ұлы Абай» тақырыбында Абайдың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беретін салтанатты іс-шара өткізді. Ж.Халбаева, Б.Елубасиевалар «Әлем таныған ұлы Абай» тақырыбында жоспар бойынша сыныптан тыс сабақтар өткізді. Ақпан айында А.Байымбет «Абайдың асыл мұрасы» тақырыбына ашық сабақ, А.Тұрсынова «Абай және оның заманы» шығармалар байқауын, ал Р.Исабекова «Бала Абайдан – дана Абайға» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Наурыз айында М.Токсеитова мен Р.Амиреевалар 4 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік және Абай мұрасы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. 4 сынып оқушылары Абай мұрасы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін байланыстыра, ұштастыра қойылған сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берді. Ал, сәуір айында З.Сарсенбаева 7-сыныптар арасында, С.Асанова 5-сыныптар арасында «Абай поэзиясы – заманның шындығы» тақырыбында, П.Абдуназарова мен Б.Насыровалар 6-сыныптарда «Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыптарында сыныптан тыс сабақтар жүргізді. Сәуір айында А.Шамшиева мен Г.Несіпбектер бірлесе отырып, 7 және 5 сыныптар арасында «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Жоспар бойынша соңғы мамыр айында А.Алтаева мен Д.Халбаевалар өздері жетекшілік жасайтын сыныптарында «Абай – қазақтың ұлттық ұраны» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып өткізді. Өткізілген іс-шаралар өз деңгейінде жақсы өтті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет