Көздің әлі де болса жақсы фокустей алатын минимал қашықтығын ең тәуір көру қашықтығы деп атайды. Бұл қашықтық түрліше кісілер үшін түрліше болады, бірақ орташа есеппен 25см болып табылады. Бұдан әрі ең тәуір көру қашықтығы деген кезде осы қашықтықта айтатын боламыз. Анық фокустелуді қамтамасыз ететін ең үлкен, максимал қашықтық көру шегі деп аталады, ол көз еттерінің толық жұмсаруына сәйкес келеді. Қалыпты көз үшін көру шегі өте үлкен болады, біз оны шексіз деп есептейтін боламыз.
Лупа денені көзге жақындатып, оны үлкен бұрышпен көруге мүмкіндік береді. 2, а-суретте дене фокаль жазықтығына, немесе оған жуық жерде орналасқан.
2 – сурет
Мұндай кезде жинағыш линза жалған кескін жасап, ол көзден 25см -ден кем емес қашықтыкта орналасады, сонда көз оны анық фокустейді. Егер көз еттері жұмсарған болса, онда кескін шексіз алыста болады, бұл жағдай дененің линзаның дәл фокусында орналасуына сәйкес келеді (мұндағы біз лупаны қозғай отырып, оны денеге фокустеу арқылы іске асырамыз).
2, а, б-суреттерде бір ғана дене қарусыз көзбен ең жақсы көру қашықтығынан және лупа арқылы бақыланады.Оларды өзара салыстыратын болсақ, онда лупаны пайдаланған кезде объекттің әлдеқайда үлкен бұрышпен көрінетіндігін байқаймыз.
Линзаның бұрыштық үлкейтуі немесе жай ғана М үлкейтуі деп дененің линзаны пайдаланған кездегі және жай көзбен (линзасыз) 25см қашықтыктан қараған кездегі көріну бұрыштарының қатынасы аталады:
M = ,
мұндағы θ және θ' бұрыштар 13-суретте көрсетілген. Табылған қатынасты линзаның f фокус аралығы арқылы да ернектеуге болады. Әуелі 13,а суретте кескін көздің ең тәуір көретін N қашыктығында орналасқан екен деп
алайық: а' = -/V, яғни N= 25см (қалыпты көз үшін). Сонда объектке дейінгі қашықтық мына қатынаспен анықталады:
,
немесе, осыдан а = Nf/ (f+N) (Соңғы формуладан көріп отырғанымыздай, а 13,а-суреттегідей). Дененің һ биіктігі соншалықты аз шама, сондықтан және Ө' бұрыштар сәйкес түрде өздерінің синустары мен тангенстеріне тең болады. Сонда Ө' = һ/а = және Ө= Һ/N,сондықтан:
,
немесе,
. (1,а)
Егер біз лупаны пайдалансақ және көз еттері жұмсартылған болса, онда кескін шексіз алыста болады, объект дәл фокуста орналаскан болып шығады. Бұл жағдайда Ө' = һ/f және
. (2,б)
Сонымен, көздің еттерінің жұмсақ, сылбыр кезіндегіден гөрі көздің ең жақсы көретін қашықтығында фокустелуі кезінде көбірек үлкейтуге жетуге болады екен. Линзаның фокус аралығы неғүрлым аз болса, соғұрлым үлкейту көбірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |