1)Жатырдан тыс жүктілік деп- жатырдан басқа жерде орналасқан ұрығы бар кез келген
жүктілік.
Жатырдан тыс жүктілік классификациясы :
Түтіктік (98,5-99%):
интерстициалды (1-3%),
истмикалық (15,3%),
ампулярлы (60-95,3%),Ең жиі кездеседі-түтіктік жүктілік.
Жатырдан тыс түтікшелі жүктілік дегеніміз- жатырда емес, түтікшеде орналасып,
дамып келе жатқан жүктілікті айтады.
Клиникасы:
-Етеккір циклының кешігуі;
-Жыныс жолдарынан қанды бөліністер ағу;
-Əр түрлі сипатты ауру сезімі;
-Жүрек айну.
Диагностикасы:- Айнаның көмегімен жатыр мойнын қарау;
- Бимануальдық зерттеу:
- УДЗ-тық диагностика;
- Кульдоцентез
-Диагностикалық лапароскопия
Жатырдан тыс жүктілікті тек хирургиялық
операция жасап емдейді. Операциядан кейін əйел бір жыл бойына
гинеколог-дəрігердің бақылауында болады
-Аналық без апоплексиясы бұл аналық безге кенеттен фолликул тамырларының,
фолликулярлы киста, аналық без стромасының, сары дененің жарылуынан қан құйылу.
Апоплексия өз кезегінде аналық без тінінің бұзылуымен, құрсақ қуысына қан
құйылумен жүреді.Апоплексия 90-94% жағдайда овуляторлы ауырсыну немесе
менструальді циклдің 2 фазасында пайда болады. Бұл осы кезде қантамырлардың
өткізгіштігінің жоғарылауы жəне овуляция кезінде қанға толуының күшеюімен
байланысты.
Оң жақ аналық безі апоплексясы сол жақтікіне қарағанда 2-4 есе жиі кездеседі. Себебі
оң жақ аналық безіне қан көп мөлшерде аортаның өзінен, ал сол жаққа бүйрек
артериясынан келуімен байланысты.
Гормональді статустың өзгеруі де аналық без апоплексиясына себеп болады.
Клиникалық көрінісіне байланысты аналық без апоплексиясын келесідей үш формаға
жіктейді:Ауырсынған формас,геморрагиялық,аралас;
Құрсақ қуысына қан құйылуына байланысты келесі үш сатысын ажыратады:
Жеңіл түрі (қан жоғалту 100-150 мл);
Орташа түрі (қан жоғалту 150-500 мл);
Ауыр түрі (қан жоғалту 500 мл жоғары);
Клиникасы:Аурудың барлық формасына тəн көрініс –іштің төменгі бөлігіндегі
кенеттен ауырсыну сезімі. Басқа симптомдар (əлсіздік, бас айналу, лоқсу, жүрек айну)
құрсақ қуысына кеткен қанға байланысты.Аналық без апоплексиясының ауырсынатын
формасы кезінде құрсақтың төменгі бөлігінде ұстамалы ауырсыну мен жүрек айну,
лоқсумен көрінеді. Құрсақ қуысына қан кету көріністері болмайды.
Қарау кезінде тері жабындары жəне көрінерлік шырышты қабатары қалыпты түсте.
Пульс жəне АҚ əдеттегідей. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, бірақ төменгі бөлігінде
аздаған ауырсынулар болады. Пальпация кезінде мықын аумағында, зақымдалған
аналық безі жағында ауырсыну анықталады. Перитонеальді симптомдар жоқ.
Перкуторлы түрде құрсақ қуысында бос сұйықтықтар анықталмайды.
Гинекологиялық қарау кезінде жатыр қалыпты формада, аналық без үлкейген жəне
ауырсынады. Кіші жамбас астауы ағзалары УДЗ кезінде аналық без жыртылуын
анықтайды.Аурысыну формасында жəне аз мөлшерде 150 мл төмен) қан кету болса,
науқасқа тыныштық беріп, ішіне суық мұз басып, гемостатикалық əсері бар
препараттар (этамзилат, викасол жəне т.б) беруге болады.
-«Аналық безі ісігінің (кистаның) аяқшалары» түсінігіне аналық безге жақын
анатомиялық түзілітер кіреді: аналық без шажырқайы, меншікті жалғамасы аналық
бездің ілгіш жалғамасы - осы барлық түзілістер аналық безінің ісігінің анатомиялық
аяқшасын түзейді. Аналық без ісігінің аяқшасынан қантамырлар (аналық без
артериясы, аттас веналар, оның жатырлық артериясымен анастомоздары), лимфа
тамырлары мен нервтер өтеді. Айналу нəтижесінде түзілістің хирургиялық аяқшасына
басқа да мүшелер кіруі мүмкін: созылған жатырлық түтіктер, ішперде, ішектер. Жиі
аналық без ісігі аяқшасының айналып кетуіне тек жатырлық түтік енеді.
Этиопатогенезі. Себептері белгісіз. Алдыңғы іш қабырғасы созылған көп босанған
əйелдерде айналып кету жиі кездеседі деп есептеледі. Кейде денені айналдыру
қозғалысынан күрт тоқтатқанда айналып кетуі мүмкін (гимнастика, билегенде).
Клиникасы. Айналып кеткенде ісіктің қоректенуі бұзылып, айналып кетуге тəн
белгілер дамиды. Ісік аяқшалары немесе біртіндеп айналуы үмкін. Ол толық (360º)
немесе жартылай (360º аз) - осыған байланысты клиникасы əртүрлі болады. Егер
біртіндеп айналса онда алғашында қанайналысы жұқа қабырғалы жəне жеңіл
қысылатын тамырыларда бұзылады, бұл кезде артерияның қан келуі жалғасады. Ісікте
венозды іркіліс түзіледі, көлемі ұлғаяды, қан құйылады жəне де іш қуысына ісік қабы
жыртылуыан қан келуі мүмкін. Алғашында ісік қоңыр қызыл түсті, сосын сұрғылт
болады. Артериямен қан келуі тоқтап, ісік қорегі біртіндеп бітіп, онда некроздық
өзгерістер пайда боалды. Кейде бұл ауыр септикалық асқынуларға (перитонит) əкелуі
мүмкін. Егер уақытында хирургиялық көмек көрсетілмесе жиі ұзын аяқшасы бар
дермоидты қозғалмалы кисталар, сирек параовариальды кисталар, фибромалар мен
аналық без кисталары айналады.
Диагностика.Ісік аяқшасы жедел айналғанда анықтау қиындық тудырмайды. Ондай
науқастардың анамнезінде киста немесе ісік болады. Ауру қатты ауырсынып, ұстама
тəрізді сипатта басталады: олар кенеттен дамиды, аяққа жəне белге тарайды, кейін
жүрек айну, құсу, дəрет пен газдың шықпауы дамиды. Пульсі жиілеген, кейде шок
дамиды. Қызуы субфебрильді, іші керкен, сипағанда алдыңғы іш қабырғасы керілген
жəне тітіркену белгілері оң (жедел іш көрінісі). Гинекологиялық зерттегенде жатыр
қосалқыларының аймағында ісік тəрізді сопақша немесе тығыз эластикалық
консистенциялы түзіліс анықталады. Қозғалысы шектелген жəне қатты ауырсынады.
Жатыры мен басқа жақтағы қосалқылар өзгермеген. Жиі іштің керілуі мен
ауырсынуынан ісік тəрізді ауырсынуды анықтау қиын. Кейде бұл жағдайларда
науқасты наркозбен зерттейді. Егер жайлап айналса, онда белгілері айқын емес
ауырсыну ісік орналасқан жерде анықталады. Белгілері бірде басылып, бірде қайта
пайда болады. Екшеу диагнозын үзілген жатырдан тыс жүктілікпен, жедел
аппендицитпен жүргізеді. Дұрыс жиналған анамнез, жүктілік белгілері, ішке қан кету
белгілері, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, артқы күмбез пункциясы (қан табу)
диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі.
2)Іштеспе синдромында шұғыл көмек көрсету
Құрал – жабдықтар:Танометр, фонендоскоп,мұзды мұйық,оталауға дайындық,қан
тобын анықтайтын құрал
Іс – əрекет алгоритмі:
1. Қатаң төсек режимін жасау
2. Егер əйелдің есі анық болса тыныштандыруға тырысыңыз
3. Тез дəрігер жəне лаборантты шақырыңыз
4. Іштің төменгі жағына мұз қою
5. Тамақ ішуге, су ішуге болмайтынын ескеертіңіз
6. Ауырсынуды басатын дəрілерді енгізуге болмайды
7. Оталауға тез дайындау қажет, операциялық үстелді дайындау
8. Қан тобын анықтау
9. Дəрігер келгесін барлық тағайындауын орындау
3)Жатырдың шырышты қабатын диагностикалық тазарту
Құрал-жабдықтар :Жолдама,жеке жаялық,стерильді бір реттік қолғап,қынаптық
көтергіш айнаГегардың кеңейткіш жиынтығыОқ тəрізді қысқышЖатырлық
зонд,корнцанг,кюретка жиынтығы ,10%-тік формалин ерітіндіс,і70 % этил спирті,мақта
шариктері,лоток
Іс-əрекет алгоритмі:
1. Əйелге өткізілетін іс шаралардың мақсатын айтып түсіндіру.
2. Гинекологиялық креслоға клеенка төсеп, əйелді креслоға жатқызу.
3. Сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу.
4. Қолды өңдеп, залалсызданған қолғап кию.
5. Стерильді үстелді дайындау.
6. Дəрігерге оталауға көмектесу, стерильді құралдарды, мақта шариктерді алып
беру.
7. Оталаудан кейін, əртүрлі тіндерді формалин ерітіндісіне салу.
8. Оталаудан кейін сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу.
9. Лабораторияға жолдама жазу.
10. Перчатканы шешіп, КБСУ салып, қолды жуу.
11. Əйелді каталкаға жатқызып, астына таза жаялық төсеп, палатаға апару.
12. 2-сағат керуетте жатқан əйелді жағдайын қадағалау(қан кету!)
Есептер 1)Болжам диагноз-жедел іштеспе
Жедел хирургия лык емдеу
2)Болжам диагноз - аналық без апоплексиясы
3)Болжам диагноз-жатыр жатыр түтігінің жарылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік
4) Болжам диагноз-Түтіктік түсік қаупі
Айнаның көмегімен жатыр мойнын қарау;
УДЗ-тық диагностика;
Диагностикалық лапароскопия.
5)Болжам диагноз-Аналық без ісігі аяқшасының оратылуы
Тест
1 )Ауыр жағдайлы жарылған түтіктік жүктілікте науқасқа:с гемостаз
2)Түтіктік жүктіліктің жыртылуында қандай белгілермен өтеді?е) барлығы дұрыс
кенет пайда болатын ауру сезімі
ауырсыну иррадиациясы жауырынға таралуы
жүрек айну (құсу)
3)Аналық безден қан кеткендегі бөліністің түрі:сары дене кистасв
4)Аналық без апоплексиясы-бұл: аналық безден жедел қан кету, аналық без жыртылуы
5)Аналық без апоплексиясына тəн емес белгі:в)іште қансырау болмауы
6)Ішқуыстық жүктіліктің соңғы мерзіміне тəн:приступпен жүретін іштің ауырсынуы,аз
уакытка есінен айырылу
7)Жатырдан тыс жүктілік жатырдың қай бөлігінде сирек орналасады? Мойнында
8)Түтіктік жүктілік дамуына əкелетін аурулар:генитиальды инфантилизм
9)Түтіктік жүктілікті қандай аурулармен ажырата білу қажет?д)жедел аппендицит
10) Түтіктік жүктілікті диагностикалау əдстерінен қате жауабын тап: кольпоскопия
Достарыңызбен бөлісу: |