1. Жазуға үйретудiң анықтамасы қандай?



Дата10.12.2021
өлшемі16,93 Kb.
#78660
Байланысты:
Жазуға үйрету әдістері.Орфография. 1


Сұрақтар:

1. Жазуға үйретудiң анықтамасы қандай?



  • Жазуға үйрету дегенiмiз сол тiлдiң әрiптiк және дыбыстық жүйесiн бiлуге, оны сөйлеуге, айтуға, қолдана бiлуге үйрету.

2. Ағылшын тiлiн оқытудағы жазудың алатын орны қандай?

  • Ағылшын тілін үйретудегi өте маңызды және күрделi жұмыстың түрi жазу болып табылатындықтан, оқу, тыңдау және сөйлеудің маңыздылығы секілді, жазудың да алатын орны ерекше.

3. Жазуды үйретудегi негiзгi қиындықтар қандай?

  1. - Қазақ тілі мен ағылшын тілінде ұқсас әріптер бар, бірақ көп емес. Сондықтан оқушыларға s,r,l,f,g,q сияқты әрiптер таныс емес болып көрінеді сол себепті бұл әріптерді оқыту қиындық тудырады.

  2. - Әртүрлi сөздердегi әртүрлi әрiптердiң немесе әрiптер қосындыларының оқылуы кейде бiрдей болады: eye – I ; road-rode; write- right; tale- tail.

  3. - Әрiптердiң көбi кейбiр сөздерде оқылады, ал – кейбiреуiнде –оқылмайды: build-suit;laugh- brought; help-hour.

  4. - у әрпiне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдары.

  5. - дауыстыларға -ing жалғау.

  6. - сын есiмнiң шырайларының жалғаулары: er; est.

  7. - Дауыссыздың қосарлану жолдары.

4. Жазу жұмысының қандай түрлерiн бiлесiң?

  • каллиграфиядан

  • орфографиядан

  • шығарма жазу

Тапсырмалар:

1. Бағдарламадағы жазуға қойылатын талаптарды анықтаңыз.



  • Сөздi тыңдай бiлу.

  • Сөздi айта бiлу.

  • Көру факторы.

  • Қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану.

2. “Мұғалiм” кiтабында қойылған талаптарды жазуға, оқытуға қойылатын

талаптармен салыстырыңыз.



  • Жалпы алып қарасақ бізге керек 4 дағдыға (жазу,оқу,тыңдау,сөйлеу) қойылатын талаптардың көп айырмашылығы жоқ. Жоғарыдағы айтылған талаптар тек қана жазуға арналған емес. Мысалы, “сөзді тыңдай білу керек” - бұл қойылған талап тек қана жазылым қабілетін емес, тыңдалым(listening) қасиетін дамытады. Екінші мысалда “сөзді айта білу керек” - бұл жерде айтылым(speaking) дағдысын дамыту үстінде. Ары қарайда солай жалғасады.

3. Сыныптағы оқушылардың қабiлетiмен ерекшелiктерi ескере отырып оларға сай келетiн жазу жұмыстарының түрлерiн анықтаңыз.

  • Жазу жұмыстарының түрлері өте көп. Солардың ішінде біздің топқа келетіндері: Көшiру, Диктант, Шығарма, Хат жазу, Эссе т.б. Біздің топтың қабілеттері мен білімдеріне қарап, менің ойымша бұл жазу жұмыстары дәлме-дәл келеді деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет