Сұрақтар:
1. Жазуға үйретудiң анықтамасы қандай?
Жазуға үйрету дегенiмiз сол тiлдiң әрiптiк және дыбыстық жүйесiн бiлуге, оны сөйлеуге, айтуға, қолдана бiлуге үйрету.
2. Ағылшын тiлiн оқытудағы жазудың алатын орны қандай?
Ағылшын тілін үйретудегi өте маңызды және күрделi жұмыстың түрi жазу болып табылатындықтан, оқу, тыңдау және сөйлеудің маңыздылығы секілді, жазудың да алатын орны ерекше.
3. Жазуды үйретудегi негiзгi қиындықтар қандай?
- Қазақ тілі мен ағылшын тілінде ұқсас әріптер бар, бірақ көп емес. Сондықтан оқушыларға s,r,l,f,g,q сияқты әрiптер таныс емес болып көрінеді сол себепті бұл әріптерді оқыту қиындық тудырады.
- Әртүрлi сөздердегi әртүрлi әрiптердiң немесе әрiптер қосындыларының оқылуы кейде бiрдей болады: eye – I ; road-rode; write- right; tale- tail.
- Әрiптердiң көбi кейбiр сөздерде оқылады, ал – кейбiреуiнде –оқылмайды: build-suit;laugh- brought; help-hour.
- у әрпiне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдары.
- дауыстыларға -ing жалғау.
- сын есiмнiң шырайларының жалғаулары: er; est.
- Дауыссыздың қосарлану жолдары.
4. Жазу жұмысының қандай түрлерiн бiлесiң?
каллиграфиядан
орфографиядан
шығарма жазу
Тапсырмалар:
1. Бағдарламадағы жазуға қойылатын талаптарды анықтаңыз.
Сөздi тыңдай бiлу.
Сөздi айта бiлу.
Көру факторы.
Қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану.
2. “Мұғалiм” кiтабында қойылған талаптарды жазуға, оқытуға қойылатын
талаптармен салыстырыңыз.
Жалпы алып қарасақ бізге керек 4 дағдыға (жазу,оқу,тыңдау,сөйлеу) қойылатын талаптардың көп айырмашылығы жоқ. Жоғарыдағы айтылған талаптар тек қана жазуға арналған емес. Мысалы, “сөзді тыңдай білу керек” - бұл қойылған талап тек қана жазылым қабілетін емес, тыңдалым(listening) қасиетін дамытады. Екінші мысалда “сөзді айта білу керек” - бұл жерде айтылым(speaking) дағдысын дамыту үстінде. Ары қарайда солай жалғасады.
3. Сыныптағы оқушылардың қабiлетiмен ерекшелiктерi ескере отырып оларға сай келетiн жазу жұмыстарының түрлерiн анықтаңыз.
Жазу жұмыстарының түрлері өте көп. Солардың ішінде біздің топқа келетіндері: Көшiру, Диктант, Шығарма, Хат жазу, Эссе т.б. Біздің топтың қабілеттері мен білімдеріне қарап, менің ойымша бұл жазу жұмыстары дәлме-дәл келеді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |